Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Энергия ағымы және зат айналымы

Читайте также:
  1. B) цемент, асбест және су
  2. Fe-Fe3C қорытпадағы фазалық және құрылымдық өзгерістер(қайта кристалдану).
  3. Internet деген не және ол не үшін қажет?
  4. VIII.-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы
  5. Ақ және сұр шойындардың фазалық құрамы мен құрылымын құру.
  6. Ақпарат жүйелерін жобалау әдістері және технологиясы.
  7. Ақпарат тарату және зат пен энершия айналымы заңдылықтары
  8. А) құжатқа көрсетілген жолдар және бағандар санымен кесте қойылады
  9. А) - функциялары аралығында сызықты тәуелсіз және олардың әрқайсысы көрсетілген біртекті теңдеудің шешімдері
  10. А) Координаты, импульс и энергия могут быть заданы лишь приблизительно

Экожүйедегі организмдердің барлығында энергия және қоректік зат болады. Бұл барлығына ортақ белгі. Организмдерге тіршілік әрекетін жалғастыру үшін энергия қажет. Қоректік заттар (энергия + зат) экожүйенің биотикалық құрамында болады да, тіршілігі тоқтанада өлі организм ыдырап, заты қайтадан экожүйенің абиотикалық құрамына қосылады. Энергиясы жылу энергиясына айналып ғарышқа таралады. Сөйтіп экожүйеде оның тірі және өлі құрамына қатысатын қоректік заттардың айналымы жүріп отырады. Мұндай айналымынды биогеохимиялық цикл деп атайды.

Бұл айналымның қозғаушы күші күн энергиясы. Фотосинтездеуші өсімдіктер күн жарығының энергиясын пайдаланып анорганикалық заттардан органикалық заттар түзіп экожүйенің биотикалық құрамының басқа өкілдеріне береді. Нәтижесінде экожүйелерден өтетін энергия ағымы және қоректік заттар айналымы жүреді. Сонымен бірге күн энергиясы экожүйенің абиотикалық құрамының климаттық факторына жататын температура, атмосфераның қозғалысы, булануы, ылғалдың түсуін де реттеп отырады.

Не себепте экожүйенің биотикалық құрамынан энергия ағымы өтеді. Қоректік заттар сияқты неге қайта пайдаланылып айналым түзбейді? Енді соған тоқталайық.

 

Экожүйедегі энергия ағымы және зат айналымы сызбанұсқасы

 

Күн жарығы энергиясы=>Биотикалық құрамы=>Жылу энергиясы

       
 
   
 


Биогендік элементтер (С,Н, О,N)

 

Абиотикалық құрамы

 

ð Энергия ағымы

­> Зат айналымы

Сонымен экожүйеде бір сәтте тоқтамай энергия ағымы және зат айналымы жүріп отырады. Энергия ағымы физикадағы термодинамиканың 1-2 заңына бағынады. Термодинамиканың 1 –заңы энергияның сақталу заңында энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалмайды, тек бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Енді осыны экожүйеге келтірсек күн жарығының энергиясы өсімдіктерде фотосинтез кезінде түзілген органикалық заттардың (глюкоза, крахмал т.б.) құрамында химиялық энергия түрінде жиналады. 1 грамм молекула глюкоза түзу үшін 674 ккал күн жарығының энергиясы қажет болады. 1 грамм молекулада 180 г глюкоза болады. Сонда 400 млрд. тонна глюкозаны синтездеуге жұмсалған күн жарығының энергиясын есептеуге болады.



Қолданылатын әдебиеттер:

1. Кречвалуш В.В., Комендар В.И. Биологическая экология редких видов. Львов:

СВИТ , 1990.

2. Одум Ю. Экология в 2-х томах. М., мир, 1986.

3. Радкевич В.А. Экология. Минск, ВШ., 1997.

4. Бигон М.И. и др. Экология особи, популяции и сообщества. М., 1989.



5. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии. С-Пб., 1992.

6.Пономарева И.Н., Соломин В.П., Корнилова О.А. «Общая биология». М.: Мой учебник, 2005. – 462 (основная)

 

Тапсырма №13 (ЗС)

Бал саны – 5. Өткізу уақыты – 13-ші апта

№13 Биосферадағы популяция тығыздығының ағзалардың көбеюіне тигізетін ықпалы

Жұмыстың мақсаты: ағзалардың өсіп-өнуінің популяция тығыздығына байланысты екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Жұмыстың мақсаты: популяцияның экологиялық тығыздықтарының олардың тіршіліктеріне әсерін анықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар: KMnO4 ерітіндісі, ақ қағаздар, шелек, су сепкіш, пинцет.

Жұмыс барысы: Популяцияның тығыздығын анықтау үшін жауын құрттарын пайдалануға болады. Калий перманганатының шамалы мөлшерін суда ерітіп, ерітінді көлемін 5 литрге дейін жеткізеді. Ертіндіні су сепкішке құйып, алдын-ала белгілеп алынған, ауданы 0,5 м2 жерге сеуіп, 20 минуттан кейін топырақтан жауын құрттарының шығуын бақылаймыз. Жауын құрттарының санын есептеп, төмендегі формула бойынша популяцияның тығыздығын табамыз:

 

Х=n/0,5

Мұндағы: n- особьтардың нақты саны;

0,5 – жер көлемі.

Тәжірибе нәтижелерін дәптерге жазып, қорытынды жасаймыз.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Кречвалуш В.В., Комендар В.И. Биологическая экология редких видов. Львов:

СВИТ , 1990.

2. Одум Ю. Экология в 2-х томах. М., Мир, 1986.

3. Радкевич В.А. Экология. Минск, ВШ., 1997.

4. Бигон М.И. и др. Экология особи, популяции и сообщества. М., 1989.

5. Бродский А.К. Краткий курс общей экологии. С-Пб., 1992.

6.Пономарева И.Н., Соломин В.П., Корнилова О.А. «Общая биология». М.: Мой учебник, 2005. – 462 (основная)

 

Тапсырма №14 (ЗС)

Бал саны – 5. Өткізу уақыты – 14-ші апта

 

№14 «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және биосферадағы өнімділік» тақырыбы бойынша есептер шығару


Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 925; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Адам нәсілдері. Расизмнің негізсіздігі» тақырыбына творчествалык жұмыс. | Німділік
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2017 год. (0.019 сек.) Главная страница Случайная страница Контакты