Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алдын ала ескертулер. Әдістеме балалардың әрқайсысының таңдауларының анонимділігін қамтамасыз ету үшін жекедаралық




Әдістеме балалардың әрқайсысының таңдауларының анонимділігін қамтамасыз ету үшін жекедаралық формада өткізіледі. Тестілеу кезінде баланың әрекеттеріне түсінік беруге, құптауға немесе айыптауға болмайды.

Нұсқаулық:

«Қараңдаршы, менде қандай әдемі, тамаша үй бар». (Тәрбиеші үйдің тартымдылығын баса айтады, баламен контактіге түсіп баламен ол тұратын үй жайлы әңгімелеседі).

«Келіңдер, бұл үйді қоныстандырайық, онда сен тұрасың» (суреті салынған үйдің жанына баланың аты жазылады). «Мұнда сондай-ақ сенің тобыңдағы балалар тұра алады, сен өзіңмен бірге кімді тұрғызғың келеді. Ол кім?» (нейтралды тонмен). (Балалардың атын тәрбиеші үйдің жанына жазады).

«Қараңдаршы менде тағы бір үй бар». (Тәрбиеші ешқандай нышан білдірмейді – бұл жай ғана басқа үй).

«Мүмкін, Сендер әдемі үйге біреулерді қоныстандырғыларың келмейтін шығар, бірақ оларға бір жерде тұру керек қой. Кімді онда қоныстандырамыз?» (Үйдің жанына онда тұратындардың аты жазылады).

 

 

 

 

Егер бала әдемі емес үйді қоныстандырмаса, тәрбиеші жұмсақ түрде оны бұған итермелейді: «Не бұл үй осылай бос тұра бере ме?».

Екі үйдің де тізімдері толтырылады. Егер бала балалардан біреулерді атамаса, онда тәрбиеші ол туралы сұрайды (бейтарап үнмен): «Әселді ешқайда қоныстандырмадық, оның бір жерде тұруы керек қой?»

Нәтижелерді өңдеу

Тестің нәтижелерін интерпретациялай отырып, баланың әдемі үйге қанша және әдемі емес үйге қанша баланы орналастырғанына, топтың қай балаларына қатысты оң таңдау «+», ал қайсыларына қатысты теріс «–» таңдау жасалғанына көңіл аударады. Әрбір бала үшін топтың басқа балалары тарапынан оң таңдаулар саны («+» таңбасы бар балдар саны) және теріс оң таңдаулар саны («–» таңбасы бар балдар саны) саналады ал содан кейін үлкенінен кішісі алынады да үлкенінің таңбасы қойылады.

Көшбасылар.+4 және одан жоғары бал– «социометриялық жұлдыздар» алады; бұл сырт бейнесі тартымды, өзіне айтарлықтай сенімді балалар, олар құрбыларының арасында беделді, олар ойындарды көшбасшы болады, олармен басқа балалар достасуға құмар.

Артық көретіндері.+1 балдан +3балға дейін(«–» белгісі бар таңдаулар жоқ) – бұл балалар ойындарды және тұрақты шектелген достар арасында (немесе тұрақты бір досымен) қарым-қатынас жасағанды артық көреді, сонымен қатар олар басқа балалармен жанжалдаспайды, өзінің кішкентай тобында көшбасшы болуы мүмкін.

Қабылдайтын.–2 балдан +2 балға дейін (соммасы «+» және «–») балдар қосылып табылады – белсенді, тынымсыз, жеткілікті көпшіл, бірақ көбіне жанжалшыл балалар, олар ойынға тез кіріседі, бірақ сондай-ақ тез жанжалдасып, ойыннан бас тартады, жиі ренжиді және басқаларды ренжітеді, бірақ реніштерін тез ұмытады.

Нейтральды.0 бал(«+» және «–» белгілі таңдаулар жоқ болады) – бұл балаларды олар топта жоқтай ешкім байқамайды; әдетте бұл тыныш, белсенділігі аз балалар, олар жалғыз ойнайды және құрбыларымен байланыс орнатуға ұмтылмайды; көбіне мұндай нәтижелерді жиі ауыратын және топқа жақында келген балалар алады.

Қабылдамайтын–1 және одан аз бал - бұл құрбылары қабылдамайтын балалар, көбіне сырт көзге тартымдылығы аз немесе айқын көрінетін физикалық кемістігі бар, шамданғыш, шектен тыс жанжалшыл, басқа балаларға негативті қарайды.

Жеке дара хаттаманың үлгісі:

Баланың Т.А. Әдемі үйдегі балалар саны Әдемі емес үйдегі балалар саны Нәтиже
«+» «–»
         
         

Жеке дара хаттаманы толтыру мысалы:

Баланың Т.А Әдемі үйдегі балалар саны Әдемі емес үйдегі балалар саны Нәтиже
«+» «–»
Сидоров В.  
Теміров Г.  

Ескерту:

Тәрбиешіге жалғыз қалса да құрбыларының көп бөлігін әдемі емес үйге жіберетін балаларға ерекше зейін аудару ұсынылады. Әдетте, бұл өте тұйық, жабық балалар, немесе жанжалшыл, бәрімен дерлік ренжісіп үлгірген балалар. Олардың мектепте қарым-қатынас жасауда қиындық туатынын үлкен ықтималдықпен болжауға болады.

Жалпы хаттаманың формасы(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

«Топтағы психологиялық климат» әдістемесі
  Саны % Ескерту
Барлық зерттелген балалар      
Көшбасшылар    
Артық көретін    
Қабылданатын    
Нейтральды    
Қабыл алынбайтындар    

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ДАМУЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ

(11-жылдық мектептің 1-4 сыныптары)

Оқушылар жайлы жеке дара мәліметтер (мұғалім толтырады):

1. Тегі, аты, әкесінің аты, сынып.

2. Жасы.

3. Жанұя құрамы.

4. Ата-анасының білімі.

5. Оқушы бала-бақшаға барған ба.

6. Оқушының қызығушылығы, бейімділігі, қабілеттілігі.

7. Оқушының үлгерімі.

 

Оқушы жайлы жалпы мәлімет («Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

11-жылдық мектептің 4 сыныбы Саны %
Зерттелген барлық оқушы    
Оқушылардың орташа жасы      
Жанұялардың басым құрамы      
Ата-аналардың басым білімі      
Оқушылардың басым қызығушылығы, бейімділігі, қабілеттілігі      
Оқушылардың басым үлгерімі      

 

1. Адамгершілік ұғымын анықтау

 

Мақсат:мінез ерекшеліктері туралы түсініктер және оған оқушылардың жеке бастық және құндылықтық қатынасын зерттеу.

Сұрақтар:

1. а) Мейірімді болу деген не?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

2. а) Жомарт болу деген не?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

3. а) Қандай адамды сен адал деп айтар едің?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

4. а) Қандай адамды сен жылы шырайлы деп айтар едің?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

5. а) Әділ болу деген не?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

6. а) Еңбек сүйгіш болу деген не?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

7. а) Қамқор болу деген не?

б) бұл жақсы қасиет пе?

в) Сен сондай болғың келе ме?

Нәтижелерді өңдеу:«а» пунктеріндегі оң жауапқа және «б» және «в» пунктеріндегі оң жауапқа 1 бал қойылады. Әр сұрақ бойынша балдар қосылады.

Жекедара хаттаманың үлгісі:

Оқушының Т.А. Балдардың жалпы саны Ескерту
1.                  
2.                  

Жалпы хаттаманың үлгісі(«Бөбек» ҰҒТБСО АҮДИ болжау-талдау бөліміне жіберіледі):

Адамгершілік ұғымын анықтау
  Саны % Ескерту
Зерттелген барлық балалар      
Орташа бал    

2. «Өзін-өзі бағалауды анықтау» әдістемесі

Мақсаты:Оқушылар мінезінің белгілерінөзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу.

Материал:тор көзпарақ қағазға7 вертикальды параллель түзулерді 10 сантиметрден сызады.

Нұсқаулық: ««Өзін-өзі тану» сабақтарында сен адамның көптеген қасиеттерімен таныстың. Әртүрлі адамдар бар, адал және арам, мейірімді және мейірімсіз, еңбекқор және жалқау және т.т.

1. Ең жоғарғы нүктеде өзін ең мейірімді деп санайтындар, ең төменгі нүктеде - өздерін мейірімсіз деп санайтындар тұрады. Олардың ортасында – қалған басқаларының бәрі. Осы вертикальды сызықтың қай жеріне өзіңді қояр едің нүктемен белгіле. (М)

2. Ең жоғарғы нүктеде – ең жомарт адамдар, ең төменгі нүктеде – ең сараң адамдар тұрады. Сен қайда тұрасың? (Ж)

Осылайша барлық қалған тапсырмалар беріледі.

3. Адалдық (А).

4. Мейірімді (М).

5. Әділ (Ә).

6. Еңбекқорлық (Е).

7. Қамқорлық (Қ).

8. Сен өзіңе осы күйіңде ұнайсың ба?

9. Бұдан да жақсы болғың келер ме еді: сыпайырақ, еңбекқорлау, әділдеу және т.т.?

10. Бұданда жақсы болу үшін не істеу керек?

11. Сен осылай жасап жүрсің бе?



Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 128; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты