Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Халық санағы




Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.

Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады Егер балалардың саны олардан артық болса кеңейтілген ұдайы өсім, кем болса – тарылған ұдайы өсім болады. Жай ұдайы өсім – бұл соңғы шек, онан әрі халықтың саны қысқарып, ол халық (ұлт) біртіндеп жойыла бастайды.
Демографияның тағы бір мәселесі жанұя үшін баланың экономикалық маңызының азаюында. Аналық қасиет екінші қатарға көшіп әйелдер қоғамдық жұмысқа араласып, өнеркәсіп орындары мен мекемелерде қызмет істеп, баласы аз жанұялар саны көбейді. Бұрынғыдай балалар отбасына көмекші, қартайған ата аналарын асырайтын тұлға болмай олардың экономикалық қажеттілігін жоғалта бастады. Көптеген отбасына тән осы жағдай қоғам үшін қолайсыз болып, оның мүддесіне зиянын тигізе бастады. Қазіргі бала ертең қоғамның еңбек ресурсы. Жұмыс қолмен қамтамасыз етудің бірден бір жолы. Біз бұған да назар аударуымыз керек: күн сайын 3,3 миллиард адам тойып ас ішпейді, оның 510 миллионнан астамы аш қалады; бір миллиард адам қайыршылық күн көрісте; 0,5 миллиардқа жуығы толықтай немесе жартылай жұмыссыз; 0,8 миллиард ересек адамдар сауатсыз; 0,2 миллиард балалар мектепте оқымайды; 2 миллиардтан астам адам таза тұщы сумен қамтамасыз етілмеген; 1,5 миллиардтан астам адам ағашты отынға пайдаланып, ас пісіріп үй жылытып отыр.
Жер бетінде тыныштық орнап, адамдар бақытты, азат, тоқ болуы үшін аталған қиындықтардан шығу жолдарын іздеу ақылды, парасатты адамзат қауымының борышы. Оларды ескермей жүре берсек ертең кеш болып, шешімі табылмауы мүмкін. Мысалға, азық түлік мәселелерін алайық. Халықты азық түлікпен қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдерін қазіргі мөлшерден 4 есе, астық өнімдерін 3 есе арттыру қажет. Қоңыржай климатта орналасқан елдердің азық түлікті мол өндіруге, өз халқын қамтамасыз етуге жағдайлары бар. Климаты қатаң, топырағы құнарсыз елдерде ондай мүмкіншілік жоқ. Сондықтан азық-түлікті басқа елдерден, олардан сұраған бағасын беріп сатып алуға мәжбүр болады.
Барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың азық-түлік мәселесін шешу жолдарын бірлесіп, өзара келісіп іздеуге шын ынтасы мен ықыласы болса бұл шешілетін мәселе.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 234; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты