Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мұң» макроконцептісі.




«Жалғыздық»

«Уайым»

«Аңсау»

Жалғыздық, қараңғылық, түпсіз терең т.б. сөздер белгілі бір жан күйінің тылсым белгілерін көрсете бастайды. Айталық, мұң деген күйінің ішкі сегменттерін нақты, дәлме-дәл көрсету мүмкін емес, бөлшектер үнемі ішкі мәндеріне ығысып көшіп жүреді. Сондықтан олардың бәрін бір тезаурустың ішінде ғана қамтып анықтау мүмкін.

Ішкі дүниенің өзгеше болмысын, жетілген формасы осы айтылған жан күйлерінің ішкі тылысымы жасайды. Бұл күйлер бірте-бірте адам жанының сол “тылысым сәтті” түйсікпен аңдап қалу қабілетін жетілдіреді. Шын мәнінде, шығармашылықтың ең жоғарғы үлгілері осы бір ғана тәсілмен дүниеге келген. Оны сопылар “мәңгілікпен бір сәт түйісу” дейді. Шеллинг “бейтарап нүкте” дейді. Қазіргі ғылым оны қарама-қарсылықтар бірлігі теориясымен, энтропия, гештальт құбылыстарымен түсіндіреді.

Біз осы түйіндердің барлығын күшті эмоция, терең жан күйлерінің болмысын жинақтайтын, оның атауларына тиянақты түсініктеме беруде көмектесетін бір модель ішінде қараймыз. Оны “Мұң концептісі” деп атаймыз. Мұндағы мұң жеке адамның күйкі тіршілігінен туған күй емес. “Меннің” эмпирикалық өмір шегінен шығып, таза пайым процесімен ұласатын болмыстағы күйі. Яғни мұңның экзистенция (иррационалды күш, жеке адамнан дара тұрған күш) дәрежесіне көтерілуі. Жан дүниенің терең түкпірінде түзілген, дәлірек айтқанда, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан бүкіл адамзатқа ортақ құрылым. Әрине, бұндай құрылым өзінің шегінен шығып, бастапқы күйіне оралып отыратын болмыс үстінде нығая береді. Сондықтан әрбір ұлттың ұлылары, данышпандары жеке басының психикалық тәжірибесі арқылы өз ұлтының жан дүниесінің терең түкпірінде берік негіз, түп құрылым қалайды. Сол себептен де біздің “ұлыларды аңсауымыз” заңды құбылыс, жан дүниеміздің ішкі терең қажетсінуі. Мұндай құрылым көне заманда мистикалық тұтастықты ғана бейнелеген. Әуел баста адам баласына жаратылысымен берілген діни инстинкт осы мелшиген, сұсты, мистикалық тұтастықты ыдыратып, ізгілендірген. Сондықтан біз бастапқы негізіне оралған болмыс дегенде, оның ізгіленіп, ішкі интеллектуалдық құрылымға өтіп барып оралуы дейміз. Себебі әрбір жоғары жетілген форма филогенетикалық, онтогенетикалық негізбен тоғысады. Адам баласының түп бастауын дүлей мистикалық тұтастық емес, мұң экзистенциясы билейді.

Барлық нәрсе келіп түптің түбінде соған өтеді. Сонда тыныштық табады. Экзистенцияға өткен мұң санаға білінбеуі керек. Ол бірлігін санасыз аумақта жүзеге асырады. Санаға білініп тұрған мұң – экзистецияға айналмаған болмыс. Бұл экзистенцияның ыдырап кетуіне әкеледі. Экзистенция тек түйсікке ғана сезілуі тиіс.

Сонымен, таза пайымға мұңның үшінші формасы сәйкес келеді. Абай мұңы – таза пайым жолында (әлі таза пайым туған жоқ) дүниеге келген ішкі дүниенің бір формасын көрсетеді.

Таза мұң бірден туа салмайды. Мұң өзінің түпкі негізін іздегенде қайғы рақаты боп көрінеді. Таза мұң да бірте-бірте немесе әлсін-әлсін өзінің бастапқы қараңғы болмысына айналып отыруға тиіс. Ішкі дүниенің таным жолындағы әрбір болмысында беймәлім бір үрей әр кез еріп отырады. Ол таза пайымды ашу үшін, әрі мұңды сатыдан-сатыға, формадан-формаға өткізу үшін керек.

Мұң, ең алдымен, өте күшті сезім мен эмоцияны жинақтап, тәртіпке, жүйеге түсіретін психикалық форма болып табылады. Эмоция түрлері психикалық формаға түскенде ғана лирикалық көңіл күйіне көшпек. Яғни мұң иррационалды күшке айналуы үшін, алдымен, лирикалық эмоцияға өтеді. Осыдан келіп бірте-бірте психикалық процестер мен күштердің жиынтығын, тұтастығын түзетін экзистенция туады. Осыдан бастап мұң – толғанысқа берілудің өте күрделі формасына айналады. Мұңның ең жоғарғы формасы – объективті күшке айналған даналық формасы (ішкі дүниенің терең жатқан құрылымы). Бұл тұста шығармашылықтың ең жоғарғы актісі ретінде дін мен өнер бірігеді. Мұңның әрбір формасы ішкі дүниенің жарасымға ұмтылысын қанағаттандырады. Яғни танымды жүзеге асыратын процестер мен қасиеттерді өзгеше болмыспен біріктіріп, тұтастыққа жетеді. Ішкі дүниенің осы болмысы дүниетаным жолын ашады. Адам дерексіз ұғымдар мен түсініктер құра бастайды да, осының нәтижесінде ішкі дүниеде әлденеге тиянақталғандай сезім пайда болады. Алайда белгілі бір биіктікке жеткен бойда адамда таным шеңберін кеңейту, кенет жанды кернеп кеткен қайшылықтардың шешімін табу қажеттілігі қайта күшейеді. Енді адам өзге бір ішкі тұтастық пен жарасымдықты іздей бастайды. Бұл жолы адам бұрынғы өткен соқпақпен жүрмейді, жаңа қуатпен, тың қасиеттермен толыға түсетін (немесе мүлдем жаңа болмысқа айналатын) процеске өтеді. Ішкі процестер қайта құрылады. Осыған орай мұң формалары да тереңдейді. Бастапқы қайғы-қасіретті жолдар (таным жолын ерік – зорлықтың күшімен босатады, осыдан қайғы туады) жан түкпіріне кетіп, таза пайым жолы мұңмен ұласады. Бірте-бірте осы сатыларда мұң да жоғалады. Адам тұрақты болмысқа (рухқа) ие болғанда, ол жан түкпіріне шегінеді. Мұңның жоғарғы сатысында көркем шығармашылық пен ғылыми-философиялық процестер ажыратуға келмей, тұтас нәрсеге айналады. (ішкі құрылымы бір дүние туады). Соңғы сатыда жеке адам да процесс ішінде жоғалады. Жеке адам, нысан, процесс бір түйінге бірігеді.

Бұлайша құрылған моднль бізге терең жан күйлерін даралап алып шығуға көмектеседі. Енді көптеген жан күйлері сараланып, мұң концептісі шеңберінде ғана қарастырылады. Концептің басты бөлімі – мұң. Қалғандары мұның болмысын анықтайтын бөліктер. Концепт ішінде мұң күйінің атқаратын қызметі – барлық терең, күшті жан күйлерін түйсік әлеміне трансформациялау яғни терең, күшті жан күйлері мұң күшімен өзге формаға көшіріліп (сипаты, мазмұны өзгертіліп), бірте-бірте түйсік әлемін толтыратын болады.

Сонымен, Мұң концептісі ішінде қаралатын терең жан күйлері мынадай:


 

құштарлық

торығу

түпсіз қасірет

тылсымды аңсау

ұлан аңсау

өлімді аңсау

құдайды аңсау

түпсіз үрей

тыныштық

жатсыну

қайғы-қасірет

ызалы мұң


құлазу

жалығу

түңілу

қажу

жабығу

жуасу

жалғыздық

қайғы-мұң

ызалы уайым


түпсіз ой

тұңғиықты аңсау

қайғы рақаты

мұңмен түңілу

көптен түңілу

өзінен түңілу

жасырын сыр

ызалы күлкі

жоғалу


Жан күйлеріне анықтама, түсініктеме беру сапасын жеке адамның ішкі психикалық тәжірибесі шешеді. Осы біз беретін анықтамалар екінші бір адамның ішкі тәжірибесіне орай басқа мағыналық реңктер алуы мүмкін. Дегенмен, біз объективтілікті сақтау үшін жан күйлерін белгілі бір бір концептіге – объективті құрылымға бағындырып отырмыз.

Жоғарғы аталған жан күйлерінің ішінде мұң концептісінде қаралмайтын, бірақ мағынасы іргелес (сондықтан концепт іргесінде қалады) жан күйлерінің атаулары бар: олар мұң мен зар, мұң мен шер, уайым-қасірет, күдік пен күмән. Бұлар өз алдына жеке топ құрайды.

“Мұң концептісі” де “әлемдік мұң” теориясының қайталамасы болған жоқ. Мұң концептісін жаңа негізде құрастыру үшін мұң үлгісіндегі ең жоғарғы эстетикалық құндылыққа ие болған әлемдік шығармалар зерттелді, сопылар лирикасының, философиясының бастаулары анықталады. Осының негізінде мұң үлгісі ең алғаш сопылар поэзиясында өмірге келді және мұң үлгісін тудырушы тылсым – діни түйсік: мұң болмысының өзі – жоғарғы негіздегі түйсік формасы деген түйіндер ұсындық. Зерттеуде мәтінді құрап тұрған терең негіздер – объективті құрылымдардың мазмұны да осы әдіспен белгіленді. Мәтінді семиотикалық қағида бойынша талдау үлгісін қолға алдық. Семиотика ғылымында соңғы кездерде көрініс берген идеялар Абайдың, Мағжанның, Әуезовтың, Кекілбаеватың шығармалары талдауда қолданылды.

Жалғыздық. Дарашылдық. Жапа-жалғыз қалу. Дүниеден, әлемнен бөліну. Өзінің жанын аластау. Оған жеру, безу, жатсыну тән. Философиялық мәнде алар болсақ, жанның әлдебір абсолютті күшке ұмтылуы.

Ескере кететін бір жағдай: атаулардың ноэмасын идеалды мәнде берудің өте қиындығы. Оның себебі ішкі жан дүние процестерінің, құбылыстарының өте күрделігінде, жан күйлерінің бір-біріне ұласып, тоғысып жататын сипатында.

Мұндағы “өкініш”, “қапалық”, “құса болу” – семаларының актуалдануы “Жалғыздық” концептісін объективтейді.

Жалғызым жөнелдің бе, бір құдай деп,

Атыңның басын бұрма, ел бұлай деп.

Қалды шешең, артыңда қалың жұртың,

Қандай жауап айтасың немене деп?

- Жалғызың көрмегенін көрді деп айт,

Құдайым сұрағанын берді деп айт.

Басымды көп қаңғыртпай халқыңа қайт,

Отқа түсіп балаңыз өлді деп айт!

 

Уайым-қасірет. Бірінші сыңары жан күйзелуіне немесе жан дүниенің дертке ұласқан күйзелісті күйі, екінші сыңары – жан дүниені қопарып, ішкі процестерді бұзып күл-талқан ететін ауыр күй.

Ызалы уайым. Ішті билеген кернеу күшті босатуды аңсау күйі.

Аңсау. Түсіндірме сөздікте: “бір нәрсені не біреуді армандап көксеу, сағыну, іздеу”. Ой аңсары, жан аңсары дегендер айтылған. Концепт бойынша: жанның беймәлім, тылсым күштерге үміт артуы, соларды көксеуі. Мұңның ұлан аңсау, құдайды аңсау, тылсымды аңсау, өлімді аңсау, тұңғиықта аңсау секілді ішкі сырлары болады. Аңсаудың барлық формасы – жанның ішкі дүние бірлігін жасауды қажетсінуі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 241; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.289 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты