Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Батырдың қаруы.




“Батырдың” соғыстағы әрекетін бейнелі түрде сипаттау мақсатымен қолданылған қаруатаулары айырықша көп. “Ер жігіттің бес қаруы” ақын тілінде бір жағынан батырдың сән- салтанатын көрсететін сыртқы атрибуты (аксессуары) ретінде жұмсалса, екінші жағынан “өліспей беріспейтін”, “жандаспай тынбайтын” өрлігін аңғартатын, ерлігін баяндайтын “жансыз бейне” іспеттес. “Қару” концептісінің құрайтын атаулардың лексика-семантикалық қоршауы былайша беруге болады:

Ақынның концептуалды ғалам бейнесінде оқ“жаңбырдай жауады”, “қардай борайды”, “жоғалады” (өте алысқа жетеді - деген сөз), “Еділ мен Жайықты тең өтеді”

 

Ақынның өлеңдерінде оқтың: сұр жебелі оқ, күшіген жүнді оқ, қозы жауырын оқ, орта белін сырлаған оқ, шал жебе т.б. түрлері аталады.

 

“Соғыс” концептісінің қару атаулары арқылы вербалдануына ақын тілінен мынадай мысалдар келтіруге болады.

 

Батырдың киімі.Батырдың соғыстағы ерекше статусы оның киіміненде байқалуы тиіс. Жалпы қазақ танымында “Айт – аттынікі, той - тондінікі” болғаны мәлім, яғни ілгеріде киім барлықтың, дәулеттіліктің де белгісі саналған.

Қазақ халқының ұлттық киімдері ғажап табиғат түсінде ғұмыр кешкен көшпелі бабаларымыздың сұлулық жайлы талғамы дарыған мінезі, сауықшыл өмірінен көрініс береді. Бірқатар киім атаулары тілдің актив қабатында қолданыс тапса, ал кейбірін көне жыр - дастан тілінен ғана кездестіреміз. Осындай сирек қолданыстағы бас киім түріне саналатын, ерекше салтанатқа арнап тігілетін киім “ақбүркеншік”, немесе “ақбүріншік”.

Сөздікте “бүркеншік”сөзі – басқа қабаттың жамылғы деп жұтаң анықталған, атаудың қазақ болмысындағы мәнін ғалым Б.Қыдырбекұлы өз еңбегінде былай тұжырымдайды: “ “ақбүркеншік” немесе “ақноқта” – алғаш түскен келінге сәукеле сыртынан жабатын жамылығы” /67.33/. Ғалым пікірін қостай келе, осы атаулардың құрылымдық тұлғасын былайша сабақтадық: ақ (сын есім), бүркеншік (туынды зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ақбүркеншік атаулының өзінде халық дүниетанымының сыры бар. Қазақ ұғымында ол “ақ” киелі, қасиетті түс, әрі жақсы тілектен туындаған жас келіннің жаңа өмірі ақ жолмен, ақ ниетпен басталсын деген ойдың түп қазығы. Ал бүрке етістігі – орау, жабу мағынасын білдіреді. Синонимдік вариантта жұмсалған “ақноқта” этнографизмде ұлттық танымының негізгі “ақ” компонентімен айғақталып, ақ өмірдің белесіне жол ашатын айтылатын сөздің екінші сыңары “ноқта” тілімізде мал баққан қазақ тұрмысындағы атқаратын қызметіне сай төрт түліктің әбзелін білдірумен қатар, “басы байланды”, “бас бостандығы, еркіндігі” деген ұғымдармен ұласқан. Демек, ноқта лексеманың осы мәнге негізделуінен туған “ақноқта” этнографизмі ұзатылған қалыңдықтың енді басы байланды, бір жұрттың келіні, келіншек атанғанын білдіруден туған атау деген этнолингвистикалық түсінік беруге болады. Бүркеншік этнографизмі бүрүчәк //үнчах түрінде азербайжан тілінде екі мағынада қолданылған. 1) наименование всего, во что можно одеваться, шаль, пелерина, бурк. 2) плащ, накидка. Сөз түбірінің ғылымын Е.Шипова былайша түсіндіреді: “бүрүнчәк” сөзінің түбірі бүрінмәк түбірінен тараған, мағынасы “жабу”, “орану”. Түркі тілдерінің бірқатарында кездеседі, ал орыс тілінде “бурк” сөзі “кошемный, овечий круглый плащ” деген мағына береді.

Ақын өлеңдерінде ер – тұрман атауларына да біршама орын берілген. Қазақ ұғымында “аса құнды” деген мағынаны білдіреді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты