Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы




Азақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Азақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директоры

т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева

«___» _______________ 201 2ж.

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

 

Пән модулінің атауы: Қазақстан тарихы. XVIII ғ. ІІ жартысымен –XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы.

 

Барлығы ___3__ кредит

 

Курс ___1___

 

Семестр _1_________

 

Дәріс __30__ сағат

 

Практикалық, семинар__15__ сағат

 

Зертханалық сабақтар _______ сағат

 

СОӨЖ ___23___ сағат

 

СРС __67__ сағат

 

Аралық бақылау ______2_____

 

Жалпы сағат саны ____135____ сағат

 

Экзамен ___1___ семестр

 

А С Т А Н А – 2012 ж.

Оқытушылар жөнінде мәліметтер және байланыс ақпараттары:

Тарих ғылымының кандидаты, доцент Құсайынова Жәния Дауылбайқызы, тарих ғылымының магистрі, аға оқытушы Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы.

Құсайынова Жәния Дауылбайқызы - Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті, ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аспиратурасын бітірген, «Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы» тақырыбынан кандидат диссертациясын қорғады. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2001 жылдан бастап дәріс оқиды.

Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы –Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің магистратурасын бітірген, «Сталиндік тоталитарлық саясат және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (ХХғ. 20-50 жж.)» тақырыбынан магистрлік диссертациясын қорғаған. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2010 жылдан бастап семинар, СОӨЖ жүргізеді және СӨЖ тапсырмаларын құрастыруға басшылық етеді.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы: тел: 70-30-52

Пререквизиттер:

Аталған пән бойынша нақтылық білімді алу үшін студенттер дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, философия, география, деректану, әлеуметтану, саясаттану, этнология және этнография пәндері бойынша білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді.

Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға зерттеу жасау, өткенге шолу, қабылдау үрдісі, зерделеу, қазақ халқы тарапынан ғылыми пайымдау, сонымен қатар, басқа да қоғамдық-саяси жүйелер, инститтар, ғылыми бағыттаулар және мектептер Қазақстан Республикасының өткен тарихының маңызды беттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Пән модулінің мазмұнының сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері, қоғам алдындағы басты мәселе отандық тарихты бұрмалаудан арылту. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік және саяси тарихындағы өзекті мәселелерінің бірі, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы мен дамуы, таным және қоғамдық-саяси мәселелері алдыңғы орында. Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде этникалық тарих, этникалық территория, мемлекеттіліктің шығу тарихы және Қазақстандағы азат ету күрестерінің сабақтастығы өзінің мазмұны жағынан өзекті болып отыр. Сондықтанда отарлау тарихи кезеңі тұсында орын алған азат ету қозғалыстары мен үрдістері ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Пән мақсаты:

Тарихи үрдістердің өзара байланысы мен мазмұнын ашып көрсету. «Historia est magistra vitae» - «Тарих – өмір оқытушысы» – деп ең көп таралған латын мақалы кездейсоқ айтылмаған.

Қазақстандағы XVIII – мен XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың орын алу мәселелері мен қазіргі заманғы ғалымдардың өлшемдері мен зерделеулерін қарастыру.

Пән міндеттері:

Тарих бір қатар міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерсіз азаматты тәрбиелеу, жоғары білікті маманды дайындау мүмкінсіз болып табылады:

– гносеологиялық – отанымыздың өткені туралы білім беру;

– аксеологиялық - тарихқа тікелей қатысуының сезімін қалыптастыру;

– праксеологиялық-тарихи құбылыстарға жеке сараптама жасау, баға беру қабілеттерін қалыптастыру;

– прогностикалық - өз әрекеттерін анықтау, болашақтағы оқиғаларды болжап беру;

– қазақ халқының егемендік алу жолындағы азаттық қозғалыстары басымдылықтарын зерттеу, өткенге шолу; негізгі тарихи фактілерді келтіре отырып, XVIII – мен XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды отарлаудың ерекшеліктерімен Ресей империясының сыртқы саясатына талдау жасай отырып зерделеу;

Өз тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы бола ма? Табысты оны оқу үшін философия негіздерін, жалпы тарихты, географияны білу қажет, тарихи шығармалармен, құжаттармен, карталармен жұмыс істей білу.

Қазақстан тарихын зерттеу барысындағы студенттердің қосымша атқаратын міндеттері:

1. Қазақстан тарихын зерттеу жөнінде әр-түрлі тұрғыларды, адамзаттын тарихи дамуының тұжырымдарын білу.

2. Оқу процессінің басынан бастап жеке позициясын тудыру, сұрақтарды қою, сезіктену, сезіктерді шешу үшін тарихи дәлелдерді сөйлемше әдіс ретінде пайдалану.

3. Оқытушылармен, профессорлармен пікір таласты ұйымдастыру. Нақтылық пікір талас тудырады.

Пән компетенциялар:

Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді. Өзінің туған тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы екіталай.

Пәнүстілік компетенциялар:

«Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихындағы әлеуметтік қатынастар» пән модулі әлеуметтік ғылым саласындағы студенттерді дайындау барысында негізгі теоретикалық және жалпы дүниетанымдық түсінік қалыптастырады.

 


Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар)

Модуль атауы:Қазақстан тарихы. XVIII ғ. ІІ жартысымен –XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы

Модуль атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихы. XVIII ғ. ІІ жартысымен –XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы.
№ тақырып   Дәріс сабақтары Семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтары (тәжірбиелік жұмыстары)
Пән модулінің тақырыптары мен сұрақтарының мазмұны Сағат көлемі Пән модулінің тақырыптары мен сұрақтарының мазмұны Сағат көлемі
Қазақстан тарихы пәніне кіріспе 1.1Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңделуі мен хронологиясы 1.2Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы 1 сағат - -
Қазақстан тарихының ежелгі кезеңі. 2.1 Тас ғасырына жалпы сипаттама. Антропогенез және социогенез. 2.2 Қола дәуірі. Көшпеліліктің өркениет ретінде қалыптасуы. 2.3 Мәдениеттің пайда болуы. Кейінгі тас және қола дәуірінің өнері. 2 сағат   Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс. 1.1. Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері. 1.2. Тас ғасыры тұрғындарының шаруашылық түрлері. 1.3. Алғашқы қауымдлық өнер.   1 сағат
Ерте темір дәуірі кезеңіндегі тайпалық одақтар және мемлекеттіліктің қалыптасуы. 3.1. Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы және саяси тарихы. 3.2. Үйсіндермен қаңлылар. 3.3.Қазақстан территориясындағы Ғұн мемлекеті және олардың әлем тарихындағы алатын орны. 3.4. Ерте темір дәуірінде қалыптасқан мемлекеттердің мәдениеті мен шаруашылығы. 2 сағат Ерте темірғасырындағы тайпалық одақтар. 2.1. Ерте темір ғасырындағы археологиялық ескерткіштер. 2.2. Ерте темір ғасырының саяси тарихы. Сақтар. Үйсіндер, Қаңлылар. 2.3. Қазақстан тарихындағы Ғұндар. Ғұндардың Ұлы қоныс аударуы: себептері, кезеңдері, этникалық картадағы өзгерістер 2.3. Қазақстан тарихындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы бағыттарын этномәдени құндылықтарды сараптай отырып контурлық картаға түсіру (материалдық және рухани мәдениет). 1 сағат
VI–X ғ.ғ ерте ортағасырлық мемлекеттер. 4.1. Түрік және Батыстүрік қағанаттарының тарихы. 4.2. Түркеш қағанаты. 4.3. Қарлұқ қағанаты. 4.4. Қарахан мемлекеті. 1 сағат VI –XII ғ.ғ Түрік мемлекеттері. 3.1. Түрік жазба ескерткіштері. 3.2. Түрік кезеңінің материалдық кезеңі. 3.3. Қазақстан территорисында ислам дінінің таралуы. Оңтүстік Қазақстан территориясын араптардың жаулап алуы 1 сағат  
X-XII ғ.ғ Қазақстан территориясындағы Түрік мемлекеттері. 5.1. Оғыз мемлекеті. 5.2.Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері. 5.3. Түрік кезеңіндегі ислам өркениеті. 1 сағат - -
Қазақстан монғол империясы кезеңінде (XIII ғ.). 6.1. монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы. 6.2. Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы. 6.3. Моғолстан және Ноғай Ордасы. 6.4. Әбілхайыр хандығы. 2 сағат Қазақстан монғол шапқыншылығы кезеңінде. 4.1. Шыңғысхан ұлдары Ұлыстарының қалыптасуы. 4.2. Алтын Орда тарихы. 4.3. Монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территорисында қалыптасқан мемлекеттер. 1 сағат  
Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы. 7.1. Тарихи алғышарттар және қазақ халқының қалыптасу кезеңдері. «Қазақ» Этнонимі 7.2. Қазақ жүздері. 7.3. Қазақ хандығының қалыптасуы мен гүлденуі. Қазақ хандығы алғашқы кезеңінің тарихи мәселелері. 7.4. XVI ғ. Қазақ хандығының гүлденуң мен нығаюы. 2 сағат Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы. 5.1. Тайпалық одақтардың этникалық бірігу үрдісі. Қазақ хандығының негізін қалаған -Жәнібек пен Керей. 5.2. Қазақ басшылары мен шайбанидтер арасындағы өзара қатынас.
Ерте темір дәуіріндегі мемеммееттер Түрік мемлекеттері Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттер Қазақ хандығы
Территориясы        
Тайпалық құрамы        
Басқарушыларының титулы        

5.3. Қасым хан тұсындағы мемлекеттің нығаюы.

1 сағат  
XVII-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ хандығы. 8.1.XVII-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. 8.2.XVII-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының саяси тарихы. 8.3. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азат ету соғыстары. 8.4. XVI-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ халқының мәдениеті. 2 сағат    
Қазақстан Ресей империясының құрамында. 9.1. Қазақстан Ресей бодандығына өтуі. Келіссөздердің жүргізілуі мен қорытындылары. 9.2. Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын меңгеру барысында ұлт-азаттық қозғалыстардың өзектілігі. 9.3. Отарлау іс шаралары: құқықтық қамтамасыз ету және тәжірибие. 9.4. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. 2 сағат    
XVIII-ші ғ. мен XX ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары. 10.1.Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының теориясы және периодизациясы. Дерек көздері. 10.2. Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихының революцияға дейінгі және кеңес кезеңіндегі тарихнамасы. 10.3. Ұлт-азаттық қозғалыстарының қазіргі заманғы тарихнамасына талдау. 2 сағат Қазақ халқының азаттық қозғалыстарының тарихы және теориясы 6.1.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарының кезеңделуі. 6.2. Қазақстан ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихи мәнді жайттары. 6. 3. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстары жөнінде деректер мен тарихнамалар көздері. 1 сағат
Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы кезеңіндегі алғашқы ұлт-азаттық қозғалыстартарихын меңгерудегі өзекті мәселелері. 11.1. Бодандықты қабылдау жөніндегі келіссөздер кезеңіндегі наразылық қозғалыстары (XVIII ғ. 2-ші жартысы). 11.2 И.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773-1775 жж.). 11.3. Отарлауға қарсы Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797 жж.). 2 сағат Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы кезеңіндегі алғашқы ұлт-азаттық қозғалыстар (XVIII в.). 7.1. Бекіністердің, қалалардың, әскери желілердің құрылысы. 7.2. Қазақстанның ғылыми зерттелінуі 7.3. Жер қатынастарның шиеленісуі 7.4. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы. 7.5. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.   1 сағат
XIX ғ. І жартысындағы Қазақстан. 12.1.XIX ғ. І жартысындағы Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер. 12.2. 1822 және 1824 жылдардағы жарлықтар. 1 сағат - -
XIX ғ. І жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 13.1. 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында болған И. Тайманов және М. Өтемісұлы бастаған халық наразылығы. 13.2. Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.).   XIX ғ. І жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 8.1. Уәли Абылайханов, Қасым Аблайханов, Саржан Қасымов, Қаратай Нұралыханов, Қайыпғали Ишимов, Жоламан Тленшіұлы бастаған наразылық қозғалыстары. 8.2. И.Тайманов және М.Өтемісұлы бастаған Бөкей Ордасындағы көтеріліс. 8.3. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1 сағат
XIX-шы ғ. ІІ жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 14.1. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстандағы 1867-1868 ж.ж реформалар: олардың мазмұны мен мақсаттары. 14.2. 1886, 1891 ж.ж реформалар. 14.3. Қазақстан территориясына арналған көші қон қозғалыстары. 14.4.XIX ғ. ІІ жартысындағыҚазақстанның экономикасы   1 сағат XIX ғ. аяғы мен XX – ғ. басындағы Қазақстан жеріндегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер. 9.1. XIX ғ. аяғында Қазақстандағы өнеркәсіптің, сауданың, темір жолдардың, қалалардың дамуы. 9.2. Кестені толтырыңыз: «XIX ғ. аяғындағы Қазақстан. Келесідей параметрлер бойынша (1 сұрақтар бойынша) және сараптама жасау.  
Өнеркәсіптік кәсіпорындары Сауда түрлері Темір жолдары Қалалар
       

 

9.3. Қазақстан халқы: әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

9.4. Ақындық өнердің дамуы.

9.5.Қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев

1 сағат
XIX ғ. ІІ жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 15.1 Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856-1857 жж.) және Есет Көтібарұлы (1858-1869 жж.) бастаған көтерілістер. 15.2 Торғай, Орал облыстарындағы (1869) азаттық көтерілістері. 15.3 Манғыстаудағы наразылық қозғалыстары (1870)   XIX ғ. ІІ жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 10.1. Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856-1857 жж.) және Есет Көтібарұлы (1858-1869 жж.) бастаған көтерілістер 10.2. Марал Кұлманов, Тайшық, Ахметұлы, Садық Кенесарыұлы бастаған көтерілістер 10.3. Торғай, Орал (1869), Манғыстау (1870) облыстарындағы отарлауға қарсы азаттық көтерілістері. 1 сағат
ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы. 16.1. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, столыпин реформалары. 16.2. 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс. 16.3. 1917 жылғы революция қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. 16.4. «Алаш» қозғалысы және «Алаш-Орда» үкіметінің қызметі. 1 сағат ХХ ғ. басындағы Қазақстанның саяси тарихы және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы 11.1. Либеральды қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен саяси қызметі 11.2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қазақ интеллигенциясының қатысуы мен қатынасы. 11.3. Қазақстандағы саяси басылымдардың дамуы. этапе. 11.4. Бірінші Жалпықазақтық съезд. «Алаш» партиясының бағдарламасы. 11.5.Екінші Жалпықазақтық съезд. Автономияның қалыптасу тарихы бойынша – презентация жасау. 1 сағат
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс 17.1. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан 17.2. Көтеріліс басталуының себеп, салдары 17.3. Көтеріліс басшылары мен басты орталықтарына сипаттама жазу 17.4. Көтерілістің жеңілу себептері және маңызы мен қорытындылары.   1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс 12.1. Көтерілістің басталу себептері және салдары 12.2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қазақ интеллигенцияларының қатысуы және қатынасы 12.3. Көтеріліс орталығы Торғай 12.4. Көтеріліс орталығы Жетісу 1 сағат  
Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 18.1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында. 18.2. Кирревком қалыптасуы мен қызметі. 18.3. Қазақ АССР-нің қалыптасуы. 18.4. ХХ ғ. 20-шы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. 1 сағат ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени қайта құрулар: өзгертулердегі оң және теріс тұстары, жаппай сауатсыздықпен күрес және халыққа білім берудің дамуы, статистикалық көрсеткіштермен жұмыс жасау. 13.1. Қазақстан мәдени өміріндегі Қазақ интеллигенциясының орны. ХХ ғ. 20-30 жж ғылыми және мәдени-ағартушылық мекемелердің тізімін кесте бойынша жазып келтіру. Оқып отырған кезең бойынша болған өзгерістердің оң және теріс жақтарын ашып көрсету. 13.2. 20-40-е жж. Қоғамдық-саяси қызметкерлерге және шаруаларға қарсы қуғындаулар. Әрбір сұрақ бойынша слайдтар дайындау. 13.3. Концлагерлердің құрылуы, репрессия салдары. Слайдтар дайындау. 1 сағат
Қазақстандағы ЖЭС және индустриандыру. 19.1. Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның қорытындылары. Жер-су реформасы. 19.2. Қазақстан және Орталық Азияның ұлттық-аумақтық межеленуі. 19.3. Қазақстандағы индустриаландырудың қалыптасуы. 1 сағат - -
ХХ ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және мәдени құрылыс. Саяси-қуғын сүргіндер. 20.1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 20.2. ХХ ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті. 20.3. ХХ ғ. 20-30-шы жылдарындағы жаппай қуғын сүргіндер және оның салдары. 20.4. 1929-1933 жж. Этнодемографиялық күйреу 1 сағат    
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 21.1. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына және партизан қозғалысына қатысуы. 21.2. Экономиканы қайта ұйымдастыру. Эвакуацияланған халықты, өндірісті қабылдау. 21.3.Қазақстан территориясына еріксіз күштеп қоныс аударылған халықтар. 1 сағат - -
Қазақстан 1946 – 1964 жылдарында. 22.1. 1946-1964 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру. 22.2. Тың игеру жылдарындағы этнодемографиялық жағдай. 22.3. 1946-1964 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. 22.4. Мәдениеттің, білімнің, ғылымның дамуы. 1 сағат    
Қазақстан 1964-1991 жылдарында 23.1.Экономикалық даму: туралау, дағдарыс құбылыстарының өсуі. 23.2. Әлеуметтік-мәдени даму тенденциясы. 23.3.Қайта құру саясаты және оның Қазақстанда таралуы (1985-1991 жж.). 23.4. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 1 сағат 1964-1991 жылдардағы Қазақстан. 14.1. ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарындағы экономикалық және саяси өмірдің реформалануы. 14.2. 70-80-ші жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыс. 14.3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – кездейсоқтық па әлде заңдылық па? 1 сағат
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы. 24.1. Егеменді Қазақстанның қалыптасу кезеңдері. 24.2. 1991-2012 жж. Саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары. 24.3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. 1 сағат Қазақстан – егеменді мемлекет. 15.1. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. 15.2. Егеменді Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты. 15.3. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті халқының этникалық құрылымындағы өзгерістер. Статистикалық мәліметтерді келтіре отырып сараптама жасау. 1 сағат
  Барлығы:  


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 95; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты