Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ерекше артықшылығы бар Ақ сүйек құрылымы.




Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.

“Тарих-и-Рашиди”-да айтылған мәліметтер Мүхаммед Қайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі. Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып, ол өз еңбегінде Моғол ханы Есенбұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады. Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып, ол одақ 70 жылға созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару кезінде ғана бұзылды.

Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді. Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды.

Керей мен Жәнібек өз адамдарымен Моғолстанға моғол ханы Есенбұғының тірі кезінде келген. Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алқабын және Қозы Башы жерлерін бөліп берген. Өзбек ұлысындағы ыдыраудың себебі неде?

Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуы, көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханға қалмақтар шапқыншылығынан зардап шеккен иеліктерді қалпына келтіру кезеңімен тұспа тұс келді. Ол қатаң тәртіп орнатты, өзіне қарсы келгендерге ғана емес, барлық көшпенділерге қатаң шаралар қолданды. Дала өзбектерінің ақсүйектерінің және ханның жақсы жағдайына жалпы көшпенділерді қанауға негізделді. Сонымен бірге олар және көрші аймақтың тұрғындары алым-салық және ондаған бағынушылық төлеуі керек еді. Мемлекет күшейген сайын, төлемнің де көлемі ұлғая түсті.

Осының бәрі жалпы халықтың наразылығын туғызды, сөйтіп мемлекеттің тұрғындарының – малшылардың көрші аумақтарға қоныс аударуына әкелді. Бір жағынан жеңіп шыққан сұлтандар және сол ұлыстың хандары сол Жошы руынан шыққан, арам ойларын жүзеге асыру үшін тайпалар мен руларды ығыстырып, оларды өздерінің күндестеріне қарсы пайдаланып отырды. Осындай ыдыраған қоғамның, хан саясатына риза емес Өзбек ұлысының тайпалары мен рулардан тұратын қоғамның билік басында Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек тұрды. Жәнібек (Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы. Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы.

Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі - Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды. Моғол хандарының өзбек ұлысының қашқындарына достық қарым қатынасы төмендегі себептермен түсіндіріледі:

Біріншіден, Есенбұғының ол кезде солтүстіктің көшпенділерінің шабуылдарын тойтаруға күші болмады.

Екіншіден, Керей мен Жәнібекте және олардың әскерінде ол батыс шекараларды өзінің інісі Жүнүс ханнан қорғаушыларын көрді.

Есенбұғыны осындай шешім қабылдауына басқа да себептер болды, яғни, ханның мағынасы іштей де сырттай қатынастарда оны қолдаушы феодал ақсүйектер мен ұлыс адамдарының санымен анықталатын еді. Сондықтан да оның өз жағына неғұрлым көбірек өз көршілерінің жауластарын тартып, оларды өз тайпаларына қарсы пайдалануға тырысуы – табиғи құбылыс еді.

М.Қ.Дулаттың “Тарих-и-Рашиди”, “Бахр ал асрар” Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз. 1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды, сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді. Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қарыс қатынас орнатты.

М.Қ.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған. Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті.

Жәнібек пен Керейдің әр қайсысы Өзбек ұлысындағы таққа иегерлікке үміттенді және олар Әбілқайыр ханға қауіп төндірді. Сондықтан ол Моғолстанға жорыққа шықты. Бірақ, ол осы жолда 57 жасында 1468 жылы ауырып, қайтыс болды.

Қазақ хандығының басталу кезеңінің дау туғызатыны – оның тура уақыты кейбір ғалымдар, қазақ хандығы ХҮ, ХҮІ ғасырда құрылды десе, кейбірі қазақ хандығының қалыптасуын қазақ мемлекетінің құрылуымен қарастырып ХҮІ ғасырдың 30-40 жылдарына апарады. Кейбір ғалымдар, қазақ хандығы 1465-66 ж құрылған деп көрсетеді.

Хандықтың құрылуы бір мезгілдік акт емес, ол – ұзақ мерзімді көпсалалы процесс.

1. Көшпелі өзбектер басшысы Әбілқайыр ханнан Жәнібек пен Керейдің тайпалар мен рулардың бір бөлігімен бөлініп, Моғолстанның батыс шекарасына қоныс аудару оқиғасы (1459ж). Оның негізгі нәтижесі – Керей мен Жәнібектің қол астындағыларға өзбек – қазақ аты тағылып, Ұрыс хан мен Моғолстанның шағатайлары арасындағы одақтың басталуы.

2. Жәнібек пен Керейдің және олардың адамдарының Өзбек ұлысына қайтып оралуы және жоғарғы билікке ие болуы.

Негізгі салдар – Жошының басқа бұтағы басқаратын жаңа саяси құрылым құрылуы. Қазақ деп аталатын мемлекеттік жаңа құрылым пайда болды.

Әбілқайыр ханның өлімінен кейін Өзбек ұлысында саяси дағдарыс күшейе түсті, хан билігі үшін талас басталды. Билікке Әбілқайыр ханның ұлы, Шайх Қайдархан ие болды.

Бірақ, Шайх Қайдар ханның елде тұрақты тәртіп орнатуға күші келмеді, феодал ақсүйектері оған бағынбады, әр қайсысы өзі биліке ұмтылды.

Мұндай жағдайда Жәнібек пен Керей Өзбек ұлысына қайтып келіп, өздерінің Өзбек ұлысындағы таққа құқықты екендіктерін көрсете бастады. Таққа талас күшейе түсті. Шаих Қайдарды ақсүйектер қолдамады, сөйтіп ол өзара шайқаста қаза тапты. Өзара тартыс тағы біраз уақытқа созылып, ақыры аяғында билік шайбанидтардан Ұрыс хан ұрпақтарына көшті. Бұл 1470 ж болды.

70 жылдар басында Өзбек ұлысы аумығында, көшпелі өзбектер мемлекетінде Ұрыс хан ұрпақтарынан шыққан хандар Жәнібек пен Керей басқарған жаңа саяси құрылым пайда болды, олардың халқы енді қазақтар деп аталды.

Қазақ хандығының құрылуын В.В.Бартольдтың пікірі де растайды, көшпенділердің саяси бірлестігі ұзақ – қанды күрестерден кейін қол жетеді – дейді.

Алғашқы қазақ хандығының негізгі қарсыласы - Әу, бастан ақ талапты қолбасшы Мұхаммед Шейбани болды. Ол өзінің нағашысы Әбілқайыр ханның билігін шығыс Дешті Қыпшақта қайта орнатып, көшпелі тайпаларды өз қол астына жинауға ұмтылды. Қақтығыстарда ол Керейдің үлкен ұлы Мұрындықпен – қазақ хандығының негізін құраушылармен кездесті. Мұрындық – қазақтың жоғарғы ханы деп аталды. Жәнібек пен Керейдің қазасы туралы мәліметтер жоқ. Олардың есімдері моғол ханы Жүнүстың ордасына шабуыл кезінде айтылады 1473 ж тағы бір дерек: Керей есімі Шейбаниді Өзбек ұлысынан қуғанда, Бинаидың сөзіне қарағанда, белгісіз автор “Нусратнаме”де 1473-74 жылдың қысында Керей хан күшті қолмен Ясы қаласына (Түркістан) келген, сонда қаланың әкімі Мұхамед Мәзидтархан қазақ хандығымен қақтығысқа жол бермеу үшін Мұхамед Шейбанидан құтылып, оны Самарқандқа асырып жіберген. Кейбір деректерге қарағанда Керейхан сол жылдары қайтыс болған.

Жәнібек туралы деректер де өте аз. Жәнібек Керейден кейін қайтыс болған, бірақ ол өз бетімен билеуші болмаған. Қай уақытта билік Мұрындық ханға көшкендігі нақты белгісіз. Кейбір деректерде Мұрындық ХҮ ғасырдың ортасынан қазақ ханы деп көрсетілген Жәнібек пен Керейдің мұрагерлік жерлері – Қаратау мен Сырдария- Сығнақ, Созақтың қамалдарымен қала орталықтары болды. Олардың тайпалары дәстүрлік қоныс аудару мүмкіндігінен айрылды. Негізгі талас Сырдария қалалары үшін болды. Олар бұл аймақтың негізгі тіршілік көзі болатын. Сырдарияның орта, төменгі далабы – қазақтардың көшпелі тайпаларының қыстақтары үшін өте бағалы жерлер болды.

Осы себептер Мұхамед Шайбаниға да күрес ашуға негіз болды. Темір ұрпақтары өз кезегінде Ақ Ордадан басып алған жерлерін қорғап, қамалдар мен қалаларын дала көшпенділеріне қарсы пайдаланды. Бұл күреске Моғол ханы Жүнүс пен оның баласы Сұлтан Махмұд та кірісті. Олар Қазақстанның оңтүстік қалаларын алуға тырысты. Қазақ хандарының нақты күштері болды, олардың қол астына Жетісудың көшпенділері жиналды. Өз жақтарына олар Ноғай ордасының әмірі Мұса мырзаны да қаратып алды.

70 жылдары Сауран, Созақ, Қаратауда бірнеше ірі шайқастар болды, Ясы, Сығанақ қалалары қолдап, қолға қазақ ханы мен Мұхаммед Шайбаниға кезек кезек көшіп отырды.

80-90жж Сырдария қалалары үшін күрес ауыспалылық нәтижемен жалғаса түсті.

ХҮ ғасырдағы қақтығыстар нәтижесі – Қазақ хандығы құрамына Созақ, Сығнақ, Сауран қалаларының кіруі болды. М.Шейбанидің қолында Отырар, Ясы, Үзгент, Аркук қалалары қалды. Сонымен бірге ол тимуридтерді жеңіп, Мауараннахрды жаулап алды. Бірақ даладағы билік үшін күреске осы күші жетпеді.

Қазақ хандығына Сырдария оазистерінің қосылуы қазақ хандығының елді біріктіруге нәтиже берді. ХҮ ғасырда олардың мемлекетінің шекарасы кеңейді. Оған Батыс Жетісудан басқа, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аудандары, Солтүстік Орал, Орталық Қазақстанның едәуір бөлігі кірді. Көптеген жошылықтар Қазақстан аумағынан кетіп, Астрахан, Сібір, Қазан хандығынан өз бақытын іздеуге кірісті. Қазақ хандығына жаңадан қазақ рулары мен тайпалары кіре бастады, олармен одаққа ноғайлар кірді.

ХҮІ ғасырдың басында қазақ хандығы бұрынғы Ақ Орда аумағын толық алып және Моғолстанның бір бөлігін алып жатты.

Темірдің мемлекетін Шейбани ханның ХҮІ ғасырдың басында жаулап алуы – Әбілқайыр хан ұрпақтарының Өзбек ұлысы рулары мен тайпаларының бір бөлігімен Дешті Қыпшақ аумағынан кетуіне әкелді. Сөйтіп, Өзбек термині өздеріне бағындырылған Орта Азия облыстарына ауысты. Сөйтіп, осы уақыттан бастап қазақ және Өзбек термині Жәнібек пен Керей немесе Шайбани ұрпақтарын білдіретін мағынада ғана емес, сонымен бірге туысқандарды олардың мекен-жайы бойынша да анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақ билеушілерінің сыртқы саясатының негізгі бағыты – Сырдария қалалары үшін күрес болды. Сөйтіп, олардың батыс оңтүстік шығыс көршілерімен қарым қатынасы анықталды. Қазақ ханының билеушілері саяси оқиғаларға көрші аймақтарда Шибан ұрпақтарымен күресті тоқтатпады.

ХҮІ ғасырдың басында Ұрыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтарының қарым қатынасында жаңа кезең туды: дала кеңістігінде билікке таласқа, саяси-экономикалық жағдай қосылып, ол күреске неғұрлым қатігез, сұрапыл сипат берді.

Мауараннахрды жаулап алған Шибан ұрпқтары енді қазақ хандығының күшеюне жол бермеу мақсатында қазақ хандығының Сырдарияда бекуіне бөгет жасауға тырысты.

Осы мақсатпен Шибан ұрпақтары қазақтармен сауда қатынастарын тоқтату амалын қолдайды. Бірақ экономика саясаты – саудаға тосқауыл қою – оң нәтижесін бермеді. Қазақ билеушілерінің Шибан ұрпақтары иелігіне шабуылдары Мұхаммед Шейбани хан жағынан қарсы әрекет туғызды. Көбінесе қазақ сұлтандарының шабуылына түркістан халқы мен қалалар ұшырады.

1503 жылы қазақ билеушілері Түркістанға шабуыл жасады, бұл кезде Мұхаммед Шейбани Хорасанда Темір ұрпақтарымен соғысып жатқан. Түркістан аумағына Аркук, Узгенд, Сығнақ, Сауран, Созақ, Ясы, Отырар, Ақ-Қорған және басқа қалалар мен қамалдар кірген.

Келесі жылы қазақтар Шибан ұрпқтарының аумағына тағы шабуыл жасады. Мұхаммед Шейбани Түркістанға қала үшін шайқасқа түсіп, Мұрындық ханға шабуыл жасады. Бұл жорық қазақтардың жортуылдарын тоқтату үшін қолданылды.

1508 жылы қазақ сұлтаны Ахмад 50 мың қолмен Самарқанд пен Бұхараға жорыққа шықты. Шейбани бұл кезде Хорасанда соғысып жатқан. Бұл туралы хабар алған ол Мауараннахрға бет алды. Ол қазақтарға қатты соқтығыс жасап, өзінің Иранның шахы Ысмаилдың алдында қауыпсіздігін қамтамасыз еткісі келді. Ахмад сұлтан кейін қайтты, бірақ жолай көптеген мұсылмандарды тұтқынға алды.

Мұсылмандардың тұтқынға алынуы және олардың құлдыққа айналуы қазақтардың қасиетті соғыс ашуына әкелді, ал Мауараннахр ғалымдары жасаған ғазауат негізінде қазақтарды дінсіз халық деп жариялап, мұсылмандарды құлдыққа сатуға жол берді деп кіналады, Шейбани хан оларға жорыққа шықты.

Шейбани ханның негізгі күші Сырдария жағалауынан Аркүк қаласына келді. Аркукте болып, азық-түлік жинап, Шейбани Узгендке бет алды. Одан кейін Сығнаққа қарай қозғалды. Қазақ жеріне басып кірген Шейбани әскерлері Қара абдал жеріне – қазақ қыстақтарының орталығына келді. Қара абдал Дәнші сұлтанның иелігі еді. Қазақтар Шейбани әскерімен соғыста жеңіліске ұшырады. Дәнші Сұлтан ұлысы талан таржыға түсті. Мұрындық ханның қыстақтары және Қасым ханның тұрақтары Қара абдалдан 15 күндік жерде болатын. Шейбани келесі соққыны Дәнші сұлтан ұлысына бағыттады.

Сөйтіп қазақтардың көптеген қыстақтарын талан жаражға салып, өзінің жеңісімен мақтанып Шейбани өз әскерін қайта Сығанаққа бұрды. Шейбанидың бір жарым айлық жорығының нәтижесінде қазақтардың қыстақтарының орнында көптеген мал мен байлық басып алынды.

Шейбанидың үшінші жорығы осылай жеңіспен аяқталып, оған даңқ пен байлық әкелді. Төртінші жорық 1510 ж басталды, оның мақсаты- қазақ сұлтандары тарапынан туған қауіптен құтылу. Әскердің басында өзі Мұхаммед Шейбани болды. Әскер Қасым сұлтанның Сығнақтың қасындағы тұрағына шабуыл жасады. Қасым хан Шейбани әскерін талқандады. Бұл қазақтардың ірі жеңісі еді.

1510 ж Мұхаммед Шейбани Хорасанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қазақтардың Шейбаниды жеңісімен Қасым сұлтанның дала кеңістігіндегі беделі арта түсті. Ол Жәнібектің ұлы еді. Әуелде ол Мұрындық ханға бағынышты болды. Қасым хандықта, ынталылық өз қолында болғанмен, ол ақылды саясаткер ретінде өте сақ болды. Мұрындық хан мен Қасымханның күндестігі Қасымның жеңісімен аяқталды.

Мұрындық 1511 жылы Мауараннахрға кетті. Жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшті. Шейбанидің өлімінен кейін Қасым хан өз билігін Оңтүстік Қазақстанда күшейтуге кірісті. Көп ұзамай Қасым ханның билігіне ең оңтүстік аймақ Сайрам көшті. Енді ол Ташкентті жаулап алуға ниет білдірді. Ал шейбанидтер аумағы екі мемлекетке бөлінді: Мауараннахрда орталығы Самарқанд кейіннен Бұхарада, және хандық (арабшахтың ұрпақтары) орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуада Моғолстан билеушісі Сұлтан Саид 1514 жылы Қашғарға басып кіріп шығыс Түркістанда жаңа мемлекет Могулия мемлекетін құрды. Орталығы Жаркент.

Осындай түрде өзгерген Орта Азиядағы саяси жағдай қазақ хандығына да әсерін тигізді.

ХҮІ ғасырдың 20 жылдарында Қасым хан өз үстемдігін қазақ аймағының кеңістігінде түгелдей орнатты. Оңтүстікте хандық шекарасы Сырдарияға дейін жетіп Түркістан қаласының бір бөлігін қамтыса, оңтүстік шығыста Жетісудың бір қатар алқабын алып жатты, ал солтүстік және солтүстік шығыста Ұлытау мен Балқаш көлін, солтүстік батыста Жайық өзені бассейндарын алып жатты. Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға кірісе бастады. Қазақ хандығымен елшілік қатынасқа біріншілердің бірі болып Москва мемлекеті – Василий ІІІ басқарған кезде 1505-1533 жылдарда ұлы князь Қазақтар этникалық қауымдастық ретінде Батыс Еуропаға да танылды. Шибан ұрпақтарларымен қарым-қатынас шиеленесуде болды. Негізгі күрес Ташкент үшін болды (1516-1517 ж) Қасым хан жақсы адамдарды жақсы көрді, адам тани білді, әскери талабымен ерекше көзге түсті, жеке батылдығымен және соңынан басқаларды ерте білу ерекшелігімен оқшауланды. Ешқашан хан билігі, оның кезіндегідей мықты болған емес, ешбір қазақ хандары өз қол астына осынша көп халықты миллионнан астам адамды жинаған емес. Халық аңызы оның есімімен “Қасым ханның қасқа жолы” деген заңдылықтардың қалыптасуын байланыстырады. Бірақ, өкінішке орай, олар жазылмаған, сондықтан біздің заманымызға дейін жетпеген.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Халықтық, жүз, ру, Жәнібек пен Керей, Қазақ хандығы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 138; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты