Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Орал, Торғай және Маңғышлақ облыстарындағы көтерілістер.




60-90жж. реформамен жалпы империялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды.

Жаңа әкімшілік бөлініс жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Осының бәрі 1868ж. Торғай мен Орал Облыстары қазақтарының көтеріліс жасауына түрткі болды, Отаршылдыққа қарсы сыйпаты айқын көрінді.

Ірі ру басылары жетекшілік еткен қазақтар үкіметтік комиссияларды шетқақпайлады, патша отрядтарына қарулы қарсылық көрсетті. Билердің, сұлтандардың, болыс басқарушыларының, ағамандардың ауылдарына шапқыншылық жасалды.

Маңғыстау жарты аралығындағы шаруалар көтерілісі де 1869ж. Орал мен Торғай облыстарында уақытша ереженің енгізілуіне байланысты болды. Ереженің енгізілуінен адайлықтардың жер мәселесі бұрынғыдан да қиындай түсті. Салық жинаудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты ашу кернеу олардың Ережені іске асыруға қарсылығын күшейтті. Көтерілісшілер Александровск фортымен Николаевск станциясына шабуылдар жасады. Көтерілісшілер саны 10 мың адамға жетті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ каместтігіне жүктелді. Патша әскерлері Маңқыстауды үш айда көтерісшілерден арылтты.

1870ж наурызда Маңғышлақта көтеріліс басталды. Оған себеп, Маңғышлақ приставы подполковник Рукиннің әскер арқылы қазақ Адай тайпаларын “Уақытша тәртіпті” қабылдауға мәжбүрлеу және оларға дәстүрлі жазғы жайылымдарын пайдалануға тыйым салу. Көтерілісті Досан Тажиев және Иса Тленбаев бастады. 1870ж 15 наурызда Пристав Рукин отряды құрып шатқалында, адайларға қарсы жайлауға көшірмеу үшін ұрыс ашты. 22.03.1870ж. бүлікшілер отрядты қоршап, талқандады, жараланған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұдан кейін көтерілісшілерді балықшылар қостап, олардың қатарына қосылды, бәрі 10 мың адам болды. 5.04.1870ж. Николаев станциясымен Александров Ферпостын шабуылдап. Нижнее бекінісін талқандады. Жаулап алған қайықтардан өзіндік плотилия құрды. 9.04.1870ж. Кавказдан үлкен отряд Кутаисов басқарған әскер келді. Мамыр айында тағы жаңа күш Кавказдан келді, Дағыстан полкінің төрт ротасы, сөйтіп Маңғышлақты алды. И.Тленбаев, Д.Тажиев 1870ж Хиваға кетті. Адайларға 90 мың қой контрибуция салынды.

Сөйтіп, біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір – отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес ХҮІІІ ғас. 80 жылдарынан ХІХ ғасыр бойы жалғасып, ХХ ғасырда Қазақстанда кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

Сөйтіп біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір-отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт-азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес XVIIIғ. 80ж-нан XIXғ. бойы жалғасып, XX ғасырда Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 159; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты