Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстандағы индустрияландыру: кезеңдері, орындалуының ерекшеліктері.




Бірінші дүние жүзілік және азамат соғыстарының қиратып-тонаушылық зардаптарын шеккен Қазақстанның мешеу қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсіп дамыған аудандарына қарағанда одан да ауыр жағдайда еді. Соғыстан әсіресе өнеркәсіп пен транспорт ерекше зардап шекті.

Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортындағы елдің елдің жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайында басталған қалпына келтіру жұмыстары шаруашылқтың бүтіндей күйреу жағдайынан ғана емес, сонымен бірге көп мал қырылған 1920-1921 жж. жұттың, сондай-ақ республиканы ашаршылыққа ұшыратқан 1921 ж. егіннің шықпай қалу салдарынан да күшті қиыншылықтарға кездесті.

Түсті металлургия кәсіпорындарының 60 проц. Астамы ғана жұмыс істеді.

Сөйтіп Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортын қалпына келтіру елдің индустрияландыру дәуіріне өту жағдайында аяқталды. Бұл уақытқа шейін 1917 ж. қазаннан кейін мемлекет меншігіне алынған жеке меншік кәсіпорындардың негізінде пайда болған өнеркәсіптегі социалистік сектор нығайып, дами бастады, оның Қазақстанның бүкіл өнеркәсібіндегі үлесі 64 проц., ал ірі өнеркәсіпте 97,2 проц. Жетті. Теміржолдардың, сондай-ақ су жолдары, олардың жылжымалы құралдары, пристандары және т.б. да мемлекеттің меншігінде болды. Қазақстанда ЖЭС-тың жағдайында жекеменшік сектор мен сауда бостандығына жол берілді, сондықтан басқа экономикалық укладтар айтарлықтай дамыған жоқ.

ЖЭС-тің жағдайында өнеркәсіпті басқару жетілдірілді, БХШС-ның өнеркәсіп бюросы республикалық ОХШС болып қайта құрылды кәсіпорындар бағыныштылығы жағынан одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губернелік (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындардың негізінде шаруашылық есеп негізінде бірлестіктер құрылды, олар кеңестік трестер деп аталды. Орал – Ембі мұнай тресі, Алтайполиметалл тресі, Атбасар түсті металл тресі, Алтынруда тресі одақтық және ресейлік сипаттағы кәсіпорындар болып шықты, Екібастұз бен Риддердің кәсіпорындарын РКФСР БХШС-ның мандаты бойынша Қазақстан ОХШС басқарды. Республика ОХШС-ның тікелей басқаруында: Елек тұз тресі, Павлодар тұз тресі, Оңтүстік алтын, Ақжал алтын трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі болды. Қазақстанның біршама ірі кәсіпорындары, әсіресе өнеркәсіптің кен шығару салалары (мұнай, түсті металл және т.б.) жылдан жылға Орталықтың қарамағына өткізіле берді, олардың өнімдері КСР Одағының индустриялық жағынан дамыған аудандарына тасылып әкетіліп жатты. Қазақстан экономикасының шикізат бағыты барған сайын айқындала түсті.

БК (б) Партияның ХIV съезі 1925ж. желтоқсанда белгілеген елді социалистік индустияландыру бағытын жүзеге асыру Қазақстанда бір сыпыра елеулі қиыншылықтарға кездесті. Олардың ең бастысы республиканың әлеуметтік – экономикалық мешеулігі еді, осындай жағдайда қазақ халқы коммунистік партия мен кеңес үкіметінің пайымдауы бойынша, дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден феодализмнен социализмге аттап өтуге тиіс болды. Халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіпті қалпына келтіру ұзаққа созылды. 1926 ж. басына дейін республика өнеркәсібі 1913 ж. дәреженің 61 проц., ауыл шаруашылығы 82,9 проц. жетті. Т ранспортта 9,6, ал басқа салаларда, бұған уақытша және маусымдық жұмысшыларды қосқанда 41 проц. болды.

1933 ж. жұмысшы тобы халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің құрамында 23,8 проц. болды, 1926 ж. ол 10,7 проц. болатын, сөйтіп жұмысшы табы колхозшы шаруалармен қосқанда жаңа қоғамның ірі табына айналды. Жаңа таптың өзегі өнеркәсіп жұмысшылары (115,5 мың адамнан астам) болды. Республика жұмысшыларының төрттен үш бөлігі оған социалистік индустрияландыру жылдарында қосылды. Бұлар кешегі қазақ шаруалары – кедейлер, қол өнершілер, майдангерлер және басқа еңбекшілер, сондай-ақ Қазақстанға жалданып келген жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы немесе өз бетімен елдің басқа өңірлерінен келген жұмысшылар мен шаруалар болатын. Қазақ жұмысшы кадрларын даярлауда елеулі табыстарға қол жетті.

Жергілікті халықты еңбектің индустриялық саласына тарту үшін оларды жұмысқа қабылдау тәртібі оңайлатылды: олар кәсіподақ мүшелеріне теңестіріліп, бірінші кезекте қабылданды. Жұмысқа қабылдау еңбек биржалары мен олардың пункттерінде ғана емес, сонымен бірге тікелей ауылдарда жүргізілді. Қазақстанда жұмысшы табының ұлт кадрларын жасақтаудағы табысқа байырғы орыс жұмысшыларының, республикаға Ресей федерациясы мен Украинадан келген жұмысшы табының озық өкілдерінің қызметі көмектесті.

Жергілікті халықтан маман жұмысшылар даярлаудың бір өтімді жолы ірі және жоғары дамыған орталықтардың ұқсас кәсіпорындарына үйренуге және іссапарға жіберу болып табылды.

Мамандыққа оқытудың мұндай жолы өнеркәсіпті жұмысшы өңірлеріне тән еді. Шығыс халықтарының ондаған мың өкілдері индустриялық өндірістің күрделі мамандықтарын меңгеріп шықты, мұның өзі 30 жж. ортасында-ақ Орта Азия республикалары менҚазақстанда кеңес жұмысшы табының ұлт кадрларының ірі тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30 проц. түпкілікті және көшіп келген халықтан шыққан кешегі шаруалар еді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар қатары негізінен ұсақ буржуазиялық топтардан толықты. Осыған байланысты өлке жұмысшы табының «шаруалану» процесі жүрді.

Орта Азия мен Қазақстан жұмысшы табының ұлттық кадрларын даярлауда елеулі проблемалар бар еді. Түпкілікті ұлттардан шыққан жұмысшылар әлі де қалыптасу процесінде болатын. Қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік жұмысшыларының үлесі, жалпы саны жылдан жылға өсе берді, бірақ олардың негізгі көпшілігі мамандығы жоқ немесе мамандығы аз жұмысшылар болды.

Қазақстан жұмысшы табының маман және жоғары маман бөлігі арасында, тіпті бүгінгі күні де еңбектің тартымды салаларында ұлттық кадрлардың үлес саны әлі де төмен болғанмен мұнын Ұлы Отан соғысының алдында үлкен қиыншылықтармен қол жеткізілген бастапқы шептеріне объективті көз жіберу қажет.

Жаңа тапты қалыптастырудағы барлық қиындықтар мен проблемаларға қарамай, ол қалыптасу барысында өзінің мәдени-техникалық дәрежесіндегі, қоғамдық санасындағы кемшіліктерді жойды. Жұмысшылар қысқа мерзімнің ішінде әлеуметтік белсенділігін қауырт арттырып, республиканың индустриялық дамуына үлкен үлес қосты.

Республиканың индустриялық даму барысында қалыптасқан жұмысшы табының жаңа қоғамқұрудағы шешуші рөлі жалпы алғанда оның сол жылдардың мейлінше қиын да күрделі жағдайындағы ерен еңбегінен көрінді.

Қазақстан жұмысшы табының қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігі республиканың индустриялық дамуын, өтпелі дәуірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістерін ойдағыдай қамтамасыз етуде шешуші роль атқарды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Жаңа экономикалық саясат, продналог, концессии, жер-су реформасы, ұлт-аумақтық межелеу, индустриализация.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 86; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты