Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылдардағы саяси жағдай.




Кеңес елінде 20 жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толқ дәрежеде тән еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық ролі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.

Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кеінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.

Жас, талант тарихшы Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР- тарихын” даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П. Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылар кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп санады, басқа біреулері “Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап”деп сынады. “Тарихтағы” отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылымикескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан” (1947 ж.) деген монографиясындаайтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зияынды деп жарияланды. 1950 ж. “Правда” газеті Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.

“Правданың мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951ж. 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және “Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 1951ж. маусымда Қазақстан Компартиясының орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.

Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды, сөйтіп ол 1951-1952 жж. Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ боғандықтан доғарылды. 1954 ж. көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.

40-жылдары және 50-жлдардың басында “Бекмахановтың ісі” жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақтан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателістер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті Қ.Сәтпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды.

Дәрістің негізгі ұғымдары:милитаризация, Сталиннің жеке тұлғасы, тың игеру, тоталитарлық режим, халық шаруашылығының Кеңесі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 136; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты