Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зіндік жұмыстың технологиялық картасы




Жоғарыда көрсетілген схемаға сәйкес әрбір оқу элементтеріне түсініктеме:

 

Оқытуды әдістемелік басқарылуы Тақырып бойынша оқу материалының мазмұны
1.ОЭ. Өсімдік клеткаларды in vitro жағдайында өсірген кездегі техникалық көрсеткіштерге тоқтала отырып, клеткалардың өсуіне әсер ететін факторларға көңіл аударыңдар.   2.ОЭ. Клеткаларды in vitro жағдайында өсірген кезде олардың өсуі мен биосинтездеріне өсіретін жүйелердің техникалық көрсеткіштерінің маңызы өте зор. Өсімдіктердің қосымша заттарының биотехнология өндірісті көбінесе сұйық ортада өсетін клеткаларға негізделген.  
2 .ОЭ.Өсімдік клеткаларының ерекшелігі. Өсімдік клеткаларының генерация уақыты. өсімдік клеткаларының пролиферативтық пулы немесе қоры. Иммобильденген клеткалар – қосымша метаболиттердің жинақталуы мен олардың дифференциялану дәрежесінде өзара байланысты. Клеткаларды 4-жолмен иммобильдеуге болады.   2.ОЭ. Өсімдік клеткаларының, микроорганизмдермен салыстырғанда, физиологиялық және метаболиттік активтілігі төмен болады. Өсімдік клетканың генерация уақыты (клетканың кезекті екі бөлінуі арасындағы мерзім) микроб клетканың генерация уақытынан 60-100 есе артып түседі. Өсімдік клеткаларының пролиферативтық пулы немесе қоры (бөлінетін клеткалар мен жалпы клеткалардың санының ара қатысы) 50-60 %-тен аспайды, клеткалардың көбісі бөлінуін тоқтатып, G0 тыныштық кезеңіне өтеді. Табиғи немесе жасанды сақтаушы заттардың беткі қабатына бекітген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғалысы шектелген осы ортада өсетін клеткалар иммобильденген деп аталады. Өсірген иммобильденген клеткаларда қосымша метаболиттік жинақталуы мен олардың дифференциялану дәрежесінде өзара байланысы бар екендігі дәлелденді. Клеткаларды 4-тәсілмен иммобильдеуге болады. Көбісінше алғашқы екі тәсіл қолданылады. Биологиялық жағынан оқшау затқа бекіген клеткалар өз өміршектігін сақтайды.  
3.ОЭ. Иммобильденген клеткаларды түрлі заттардың биотрасформациясында қолдану. Биокатализ процессіне иммобильденген клеткалар технологияда қолданылуы. А. Альферман тәжірибесінің барысын түсіндіріңіз. Иммобильденген клеткалардың суспензияда өскен клеткалардан артықшылығы неде?   3.ОЭ. Иммобильденген клеткалар түрлі заттардың биотрансформациясында қолданылуы мүмкін. Иммобильденген клеткалар технологияда ұзақ уақыт пайдаланылатын болғандықтан, биокатализ процеесі арзанға түседі. А. Альферман қызметтестерімен мынадай тәжірибе өткізген. Олар оймақгүлдің альгинат гелімен қаптаған клеткаларын Эрленмейердің 100 мл-лық колбаларында 25 мл қоректік ортада өсірді. Биотрансформация өтетін субстрат ретінде бета-метилдигитоксин қолданған, ол тәжірибе барысында бета-метилдигоксинге айналған. арқылы іске асырылады. Бұл талшық ноорадреналиннің әсерінен артерия және вена тамырларын қысу арқылы оның тонусын өзгеріске ұшыратады.    
4. Тақырып бойынша қорытындылау. 4. Түйіні (резюме). Өсімдік медицинада мен халық шаруашылығында кең пайдаланылатын қосымша метаболизм арқылы түзілетін әр алуан заттарды синтездейді. In vitro жағдайында өсірілетін клеткалар да осы заттарды синтездей алады. Және қоршаған ортаның факторларына тәуелсіз болғандықтан, жыл бойы олардың қайнар көзі бола алады. Соған қоса, өсірген клеткалар биотрансформацияны жүргізе алады, яғни кейбір арзан, қоры мол заттарды бағалы затқа айналдыра алады. Клеткаларда in vitro жағдайында қосымша заттардың жинақталуына әсер ететін факторлар: өсімдіктің генотипі, қоректік ортаның құрамы, өсіру жағдайлары. Биотехнологиялық өндіріс көбінесе үлкен ферментерларда сұйық ортада өсірілетін клеткаларға негізделген. Бірақ өсімдік клеткаларының ерекшеліктері оларды бұндай ферментерлерде өсіруін қиындатады. Бізге қажет метаболиттерді сыртқы ортаға бөліп шығара алатын клеткаларды иммобильдендіріп өсіреді. Иммобильдендіру үшін клеткаларды оқшау заттармен қаптап немесе сондай субстратқа адсорбция арқылы бекітеді. Иммобильденген клеткаларда қосымша заттардың мөлшері артады және оларды ұзақ мерзім өсіруге болады. Қажетті заттар клеткаларды шайып жатқан қоректік ортадан бөлініп алынады.  
5. Студенттердің өзіндік жұмысы  
Ауызша Бақылау тесттік тапсырмалар бойынша 25 тест
1. М.К. Павлова және Р.Г. Бутенко-ның ең алғашқы химиялық градиенттерді клетка суспензиясында қолдану тәжірибесін түсіндіріңіз. 2. Мьюиру, Хильденбрант және Райкердің «ұлпа-жетекші»(ткани – няньки) теориясы мен осы әдістің кезеңдерін түсіндіріңіз.   Барлығы 25 тест: 1. Өсімдік клеткалары сұйық ортада жақсы өсу үшін нені талап етеді? А) Көп мөлшерде ылғалды; Б) Жоғары температураны; В) Тығыздықты; Д) Белоктар мен полисахаридтерді; Е) Кең ыдысты. 2. Клеткаларды иммобильдеу тәсілінің ең алғашқы кезеңі: А) Клеткаларды ковалентті байланыстыру; Б) Клеткаларды инерттік субстратқа ендіру; С) Клеткаларды инерттік субстратқа биологиялық макрополекулалар көмегімен адсорбция арқылы бекіту ; Д) клеткаларды инерттік субстратқа адсорбция арқылы бекіту; Е) Клеткаларды тазалау.  
   

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 92; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты