Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТАҚЫРЫП 13. Микроағзалардың антибиотикалы белсенділігін зерттеу




Сабақ мақсаты. Ауру қоздыратын микроағзалардың антибиотиктерге (антибиотикалық заттарға) сезімталдығын зерттеу. Антибиотикалы заттардың күшін салыстыру.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар. Антибиотиктердің дисктері, Петри табақшалары, микроағзалардың дақылдары, МПА қоректік ортасы..

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. Диско-диффузды әдісті қоюмен танысу.

2. Тығыз және суйық қоректік орталарда көлемін сериялық арттыру әдіспен танысу.

 

Антибиотиктерге сезімталдықты екі әдіспен анықтайды: 1) агарға антибиотиктің диффузиясы (диск-диффузиялы әдіс); 2) тығыз және суйық қоректік орталарда көлемді сериялық арттыру.

Көлемді сериялық арттыру әдіс келесі кезеңдерден тұрады:

- қоректік орталарды таңдау;

- антибиотиктердің ерітінділерін дайындау;

- зерттеуге микробтық дақылдарды дайындау;

- қорытындыны бақылау.

Микробтың (ауру қоздырғыштын) дақылының өсу үшін, оған қоректік орта лайықты болу керек. Аэробтық бактерияларға арнап ең көп қолданатын қоректік орталар келесі: 1) суйық қоректік орталар – МПБ (рН 7,2-7,4) және Хоттингер сорпасы (құрамында аминді азот 180-200 мг – рН 7,2-7,4); 2) тығыз қоректік орталар – 2 пайыздық МПА немесе 2 пайыздық Хоттингер агары (құрамында 120-140 мг аминді азот), 2 пайызды МПА 5 пайыз қан немесе қанның сары суы қосылған.

Анаэробты микроағзаларға бауырдың кесектері салынған 0,5 пайызды глюкоза қосылған Китта-Тароцци ортасын алады (рН 7,4-7,6).

Суйық ортада микробтың бір штаммының бір антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін әр біреуінде 2 мл ортасы бар (антибиотиктің көлемін сериялық арттыру үшін) 6 сынауық алады. Осыдан басқа екі сынауықта 9-10 мл орта болу керек (микробтың дақылын езу үшін) және антибиотиктің жұмыс ерітіндісін дайындауға арналған колбадағы қоректік орта.

Алдымен оның жұмыс ерітіндісін дайындайды (белгілі белсенділігі бар антибиотиктердің стандарттарымен қолданып). 1 мл ерітушіге (дистилденген су, буферді ерітінді) 1000 мкг антибиотик алады. Жұмыс ерітінділерді екі қатар көлемін арттыру әдіспен негізгі ерітіндіден қоректік орталарда дайындайды. Бірінші сынауықтан бастап 1 мл ортада атибиотиктің шоғыры келесі болу керек – 0,25; 0,12; 0,06; 0,03; 0,015; 0,007 мкг.

Тығыз қоректік ортамен қолданғанда антибиотиктердің жұмыс ерітіндісінің көлемін арттырғанда 6 сынауықтарға препараттың көлемін келесі тәртіппен дайындайды – бірінші сынауықта – 400, екіншіде – 200, үшіншіде – 100, төртіншіде – 50, бесіншіде – 25, алтыншыда – 12,5 мкг/мл.

Әр бір сынауықтан 1 мл көлемі арттырылған антибиотикті зарарсыздандырылған пипеткамен Петри табақшасына құйып үстінен 19 мл ерітілген және 550С суытылған МПА құяды. Үстел үстінде орта қатқанша қалдырады.

Қоректік орталары бар сынауықтардың қатарларына немесе Петри табақшаларына (көлемі арттырылған антибиотигі бар) 16-18 сағаттық микробтың сорпалы дақылын еңгізеді. Дақыл тығыз қоректік ортада өсірілсе дақылды ортаның үстінен жұып алып (1 мл дақылда 500 млн микробтық денелер болу керек) қоректік ортаға себеді. Термостатта 370С 16-18 сағат ұстап, қортындыны бақылайды. Дақыл өспеген сынауықты (табақшаны) белгілейді. Осы сынауықтағы (табақшадағы) және бактериялар өсуін берген қасындағы сынауықтағы (табақшадағы) антибиотиктің санын қосып, орташа арифметикалы санды шығарады. Осы сан микроағзаның осы антибиотикке сезімталдығын белгілейді. Ал бактериялар өскен кезде осы антибиотикке олардың резистенттігі тұралы айтуға болады. Бактериялар өсуін бермесе – бактериялар антибиотикке қарсы жоғары сезімтал деп айтады.

Зертханалық тәжірибеде жиі қолданатын әдіс – антибиотиктері бар стандартты дисктермен қолдану. Осы әдіспен зерттеулер өткізгенде 20 мл қоректік ортаны зарарсыздандырылған Петри табақшалардың ішіне құяды. Тығыздалған қоректік ортаның үстіне 1 мл бір миллиардтық микробтың агар дақылын (0,9 пайызды натрий хлор ерітіндісінде) құяды. Дақылды қоректік ортаның үстіне жайып жібереді, суйықтықтың артығын зарарсыздандырылған Пастер пипеткасымен сорып алады. Микроағзалар себілген қоректік ортаның үстінен пинцетпен басып әр түрлі антибиотиктердің стандартты қағаз дискілерін салады. Бір дискті табақшаның ортасына, қалғандарын бір бірінен және табақшаның шетінен 2 см аралықта салады. Әр бір дискті салып болған сон пинцеттің ұшын отқа қақтап отырады.

Алдымен табақшаларды бөлме температурасында 2 сағат ұстайды, кейіннен, түбін үстіне қаратып, 16-18 сағатқа 370С термостатқа қояды. Қортынды бақылауда антибиотикті дисктің айналасында микробтың өсуін немесе өспеуін байқайды, дисктің қасындағы жаратылған зоналардың (тоқтау зонасы) үлкендігін есептейді. Дисктің қасында тоқтау зона болмаса – микроағза антибиотикке сезімталды емес. Өсудің тоқтау зонасы жаратылса, оның диаметрін өлшейді (дисктің диаметрі осы өлшемге кіреді). Тоқтау зона 15 мм болса микроағзаның антибиотикке сезімталдығы төмен, 15-25 мм – сезімталдық жоғары.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Микроағзалардың антибиотиктерге белсенділігін не үшін зерттейді?

2. Зерттеу жұмыстарда қандай қоректік орталармен қолданады?

3. Материалдың көлемін арттыру тәртібі.

4. Диско-диффузия әдісін қалай өткізеді?

5. Зерттеу жұмыстың қортындысын бақылау ұстанымдары.

ТАҚЫРЫП 14. Дәрілердің негізгі түрлерін алу( 1 бөлім)

Сабақ мақсаты. Дәрілерді қолдану әдістерімен танысу. Терапевтикалы жүйелерді өнімдеу дамуының жағдайы және болашағы тұралы әңгіме құру.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. Терапевтикалы жүйелерді өнімдеу дамуының жағдайы және болашағы.

2. Суппозиториялық дәрілердің жасау технологиясын жақасарту бағыттары.

 

Ақырғы жылдары фармацевтикалық технологияда жаңа дәрілер шығарылып жасалғанда, жұмыстар келесі бағытта өткіліп жатыр – дәрілер ағзада бақылаумен босатылып тек қана арналған мүшелерге мөлшермен бару керек. Сол мүшелерді «мүше-нысана» деп атайды. Кәзіргі уақытта «мүше-нысаналарға» иммуномодуляторларды, интерферонды, сүйек өсіретін себепкер шарттарды жеткізетін жаңа жүйелер жұмыс істеп жатыр.

Ақұыздарды «мүше-нысаналарға» жеткізуге жағдай тұдыратын келесі технологиялық әдістермен қолданады:

1. Алдын ала сіңдірмеу мақсатымен дәрілерді және көмектесетін заттарды қабыршыққа немесе гранулаға кіргізу.

2. Ақұыздарды, вакциналарды және басқа заттарды липосомаларға кіргізу. Сол липосомаларда олар жүйенің екі фосфолипидті қабаттардың аралығында орналасады.

3. Субстанциялардың генді инженерия әдісімен алынатын моноклоналды антиденелермен баланысуы.

4. Интраназальді жеткізу жүйемен қолдану. Осы әдісте ақұыздарды қанға мұрынның кілегейлі қабыршығы арқылы кіргізеді (мысалы, инсулин).

5. Ферменттер әсерімен биологиялық белсенді субстанцияларға аусатын мүмкіншілігі бар заттарды ағзаға еңгізу;

6. Бір белгілі жылдамдықпен биодеградацияға жататын, дәрілік және полимерлы қоспа заттардың кешенінен тұратын, биодеградациялық жеткізу жүйелермен қолдану;

7. Тері арқылы дәрілерді еңгізуге көмектесетін трансдермалды жеткізу жүйелермен қолдану;

8. Дәрілік заттарды табиғи және синтетикалы эритроциттерге еңгізу; осы жағдайда дәрілік заттар қан тамырларында көп уақыт сақталып, мүше-нысаналарға жеткізіледі.

Болашақта дәрілік заттарды жеткізу жүйелері жақсы дамып, көп жаңа жүйелер туылады. Олар жүрек-қан тамырлары препараттарының, аллергияларға қарсы, диуретикалық, астма ауруларына қарсы препараттарының жүйелері.

 

Суппозиториялық дәрілерді жақсарту екі бағытта атқарылады:

1) суппозиториялардың негізінде қолданатын қолайлы заттарды тауып ассортиментін кеңейту;

2) жаңа дәрілік формаларды жасау.

Ақырғы жылдарда қабыршығынан және негізінен тұратын екіқабатты суппозиторияларды жасау әдістерді белсенді түрінде іздеп, сол бағытта жұмыстар өткізіліп жатыр. Еру температурасының нүктесі әр түрлі қосымша заттарды қолдануға болады, қасиеттері әр түрлі дәрілік заттарды бірге қосып қолдануға болады.

Осы күндерде жасалған суппозиториялардың құрамындағы глицерин тоқ ішектің кілегейлі қабыршығына әсер етіп қабыну реакциясын тұдырады. Жаңадан пресс әдісімен жасалған суппозиторияларда осы әсер жұмсартылған. Глицерин әсері газ жарату әдісімен ауыстырылған. Газ жарату компоненттер ретінде кальций глюконатымен, кальций лактатпен, темір лактатпен, натрий гидрокарбонатпен, аскорбин қышқылымен, және т.б. заттармен қолданады.

Әр түрлі фармакологиялық әсері бар, әр түрлі физико-химиялық қасиеттері бар желатиндік ректалды қапсулалар жасалады.

Аэрозольді қорабта ректальді майларды, клизмаларды, дәрілік формаларды жасау әдістер кәзіргі уақытта көп қарастырылып жатыр.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Терапевтикалы жүйелерді не үшін дамытады?

2. Суппозиторияларды қалай жасайды?

 

 

ТАҚЫРЫП 15. Дәрілердің негізгі түрлерін алу( 2 бөлім)

Сабақ мақсаты. Пролонгиялық әсері бар қатты дәрілік формалармен және оларды жасау әдістермен танысу.

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. Пролонгиялық әсері бар қатты дәрілік формаларды жасау технологиясы.

 

Пролонгиялық әсері бар қатты дәрілік формалардың түрлері көп болады, оларды жасау технологиялық ұстанымдары және қолданылатын қосымша заттардың түрлері әр түрлі болады.

Пролонгиялық әсері бар қатты дәрілік формаларға келесі дәрілерді жатқызады:

- қабатты (көп қабатты) таблеткалар және дражелар;

- ерімейтін негізі бар таблеткалар;

- иониттері бар таблеткалар;

- «тесілген» таблеткалар және дражелар;

- гидродинамикалы баланс және «осмотикалы насос» ұстанымдары бойынша жасалған таблеткалар;

- үсті қапталған пролонгиялық қасиеті бар таблеткалар;

- әсері матрица немесе қоспалар арқылы атқарылатын таблеткалар, гранулалар, дражелар;

- дәрілік заттары реттеліп шығарылатын имплантациялық таблеткалар.

 

Қабатты (көп қабатты) таблеткалар және дражелар физико-химиялық қасиеттері сәйкес келмейтін дәрәлік заттарды қосуға мүмкіншілік береді, дәрілік заттардың әсерін ұзартады, бір белгілі уақыттың аралығында дәрілік заттардың қабылдануын реттейді. Осы таблеткаларда дәрілік заттардың қабаттары қосымша заттардың қабаттарымен араласады. Қосымша заттар әсер ететін дәрілік затты іш құрылыс себепкер шарттарынан (рН, ферменттер, температура және т.б.) сақтайды.

Көп қабатты пролонгиялық әсері бар таблеткалардың бір түрі гранулалардан пресстеледі. Жуандығы әр түрлі қабаттар осы гранулаларға пролонгиялық әсер береді. Осындай таблеткалар полимерлі материалдармен қапталған дәрілік заттардың бөлшектерінен пресстеледі. Гранулалардың тағын бір түрінің сырттарынан қаптаған заттарының ерекшелігі – сол қаптаған заттың жұандығы емес, іш құрылыстың себепкер шарттарына қарсы тұра алатын қасиет. Осы жағдайларда қаптайтың заттың құрамына еру температурасы әр түрлі майлы қышқылдарды кіргізеді.

Көп қабатты таблеткалардың тағы бір түрі – микрокапсуланың медиальді қабатында дәрілік зат болу, ал сыртқы қабатта (микрокапсуланы пресстегенде сақтайтын) – альгинаттар, метилкарбоксилцеллюлоза, крахмал.

Көп қабатты таблеткалар дәрілік заттардың әсерін ұзартады. Егерде таблетканың қабаттарында әр түрлі дәрілік заттар орналасса, олардың әсері қабаттар еру тәртібіне сәйкес дифференциалды белгіленеді.

Ерімейтін қаңқасы бар таблеткалардың мағнасы болашақта маңызды болу мүмкін. Олардың ішінен дәрілік зат жуылып ақырындап босатылады. Осындай таблеткаларды поралары еритін субстанциямен толтырылған (дәрілік заттың және еритін қоспа заттардың – қант, лактоза, полиэтиленоксид қоспалары) губкамен салыстыруға болады. Осы таблеткалар асқазанда ыдырамай геометриялық қалпын сақтайды. Қаңқа ретінде бейорганикалық (барий сульфаты, гипс, қальций фосфаты, титан диоксиді) және органикалық (полиэтилен, полихлорвинил және т.б.) заттар алынады. Қаңқалы таблеткаларды қаңқа жарататын дәрілік заттарды пресстеп алуға болады. Оларда көп қабатты болу мүмкін, мысалы, үш қабатты таблетканың дәрілік заты ортада орналасады. Осындай таблетка еруін шеткі қабаттан бастайды, үстінгі және астынғы қабаттан алдымен қоспа заттар диффундейді. Бір белгілі уақыт өткеннен кейін сыртқы қабаттарда жаратылған капиллярлар арқылы дәрілік зат ортанғы қабаттан сыртқа диффундей бастайды.

Матрица немесе қоспа арқылы пролонгиялық әсері бар таблеткаларда, гранулаларда, дражеларда дәрілік зат матрицаға еңгізіледі, мысалы, матрица ретінде катион- немес анионмен байланысты пластмассалармен қолдану. Дәрілік заттың алдынғы мөлшері ас қазанның қышқылына еритін эпоксидтік термопластқа еңгізілген, ал артынан әсер ететін доза – ас қазанның қышқылына ерімейтін сополимерге еңгізілген. Ал ерімейтін инертті матрицамен қолданғанда (мысалы, полиэтилен) – дәрі диффузия арқылы босатылады.

Дәрінің әсерін дәрілік заттың молекуласының көлемін үлкейтіп ұзартуға болады. Осы мақсатқа дәрілік затты ионалмасу смолаға отырту жұмысымен жетуге болады. Ионалмасу смоламен байланысқан заттар ерімейтін болып, асқазанда ион алмасу арқылы босатылып шығарылады. Дәрілік заттың босатылу жылдамдығы иониттің ұсатылу дәрежесіне (бөлшектердің үлкендігі 300-400 мкм) және оның шынжырларының санына байланысты. Иониттері бар таблеткалар дәрілік заттың әсерін қанда 12 сағат ұстайды.

Таблеткалардың және гранулалардың әсерін өздері бұзылғанда дәрілік затты босатып шығаратын қоспалар ұзартады. Осындай жұмысты субстрат және фермент қоспасы атқарады. Ядроның құрамында қабыршықпен жабылған белсенді компонент болады. Препараттың қабыршығының құрамында фармакологиялық лайықты , суға ерімейтін, қабыршық жарататын микромолекулярлы компонент және суда еритін пора құраушы (целлюлоза эфирлері, акрил смолалары және т.б.). осындай таблеткалардың ішінен макромолекулалар бір жұма арасында ақырындап босатылып шығарылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Пролонгиялық әсері бар қатты дәрілік формаларға қандай дәрілерді жатқызады?

2. Қабатты таблеткалар және дражелар.

3. Қаңқалы таблеткаларды қалай жасайды?

4. Жаңа түрлі таблеткаларды жасау технологиясының негізінде не жатыр?

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 357; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты