Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тұқым қуаламаған аурулардың гендік терапиясы




 

Тұқым қуалаған дефектілердің гендік коррекция саласында зерттеулер жүргізілуімен бірге тұқым қуаламаған аурулар еміне «мағыналы» ДНҚ жүйелігін қоса (құрылымды гендер) терапия әдістерін қолдануы ойдағыдай ізденіске ие болды, ең алдымен, қатерлі ісіктерде және вирустық инфекцияларда. Осындай патологияларда гендік корреция жағынан ізденістер қарқынды түрде зерттелуде, ал клиникалық сынақтардың хаттамалары тұқым қуалайтын моногенді аурулар емдеуімен салыстырғанда көп рет жоғары.

Ағзалар мен тіндердің қанайналымы қызметі жеткіліксіздігінен туындаған аурулар емі үшін жаңа қан тамырлар пайда болуын белсендіруге бағытталған гендік терапия әдісі басылымды (ангиогенді терапия). Эмбрионның даму кезеңінде ангиогенез процесінде көптеген өсу факторлары қатысады. Бірақ, ересек адамдарда ангиогенді факторлар негізінен жара жазылуында бөлінеді және кейбір патологиялық жағдайларда (қатерлі өспелер өсуінде немесе диабетті ретинопатияда және т.б.). Ангиогенді терапия әдістерін өндеу барысында ангиогенезді активтенуі қолданылатын өсу факторларын зерттейді. Осындай ангиогенез факторларының бірі қан тамырларының эндотелиялық факторын ұсынуға болады. Мысалы, аяғының спецификалық ишемиясы бар науқастарда, соның ішінде ампутацияға жолдама көрсеткіштері барларда, ангиогенезді белсендіретін генді трансфекция жасаған кейін ұзаққа созылған тұрақты нәтижелі қорытынды алынды, яғни ауру аяқтың жаңа қантамырлар пайда болуы белсенгенімен көрінді.

Қалыпты майлардың алмасуына қажетті жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің синтезін қадағалайтын гендерді енгізу арқылы атеросклероздың профилактикасы мен емдеу технологиясы өнделді.

Тромбылардың пайда болуына кедергі жасауын плазминогеннің тіндік активаторының генің экспрессиясы арқылы іске асыруға болады.

 

Вирустық инфекциялардың гендік терапия әдістері кеңінен сынақталып келеді, соның ішінде, қандай да болмасын нәруыздар (мысалы, адам иммунитет тапшылығы вирусы және т.б.) гендерінің (вирустың мРНҚ инактивациясы) экспрессиясын блокадалау үшін «антимағыналы» гендік конструкцияларды қолдануы.

ДНҚ-вакциналар өнделген, олар вируспен инфицирленген клетканы тани алатын, олармен байланыса алатын, цитокиндерді синтездейтін және ауру клетканы лизиске ұшырататын цитотоксикалық лимфоциттер өнімдерін белсендіреді.

Гепатит С гендік терапия технологиясын өндеуі «антимағыналы» олигонуклеотидтерді қолдана отырып вирус геномының трансляциясын блокадалауға бағытталған.

Ревматоидты артритте буын қалтасын қаптайтын синовиальды клеткалардың шектен тыс пролиферациясына кедергі болатын интерлейкин-1 рецепторының нәруыз-антагонистін кодтайтын гендерді буын тініне енгізу технологиясы өнделуде.

Тері ауруларында in vitro-да трансформацияланған тері эпителий клеткаларын трансплантация және т.б. жасау әдістері сынақталуда.

 

Гендік терапияның мәселелері

Организмнің реттеу жүйесі күрделі және аз зерттелген, ген енгізгенімен көп жағдайда нәтижелі қорытынды бермейді.

Мысалы, клиникалық зерттеулер барысында жиі кездесетін проблемаларға жатқызуға болады: векторлар нысана-клеткаға дейін жетпейді, генді ауыстырып салу нәтиже бермейді немесе терапиялық нәтижелі қорытынды алу үшін олардың экспрессиясы толығымен іске аспайды, көп жағдайда вирусқа немесе бөгде нәруыздарға клеткалық немесе гуморальды иммунды жауап дамиды, сондықтан гендік материалдың дозасын қайтара енгізу керек.

Себептері – организмнің иммундық реакциясы әсерінен бөгде ген ажыратылуы, трансгеннің функциясы бәсендеуі, оны гомологиялық рекомбинация жолымен қажетті хромосома ДНҚ ендіру нұсқасы өте қиын іске асыру; трансфекцияның нәтижелігі толық емес. Дегенмен, интеграциялық тұрақтылық, реттелінетін экспрессия, қауіпсіздігі атты векторлық жүйенің сипаттамалары әрі қарай күрделі өнделуді қажет етеді.

1999 жылдың екінші жартысында медициналық және биологиялық жұртшылық назары гендік терапия қабылдаған науқас адамның қайтыс болғанына аударылды. Бұл жағдай АҚШ тіркелді. Сирек кездесетін тұқым қуалаған ауруымен (орнитинкарбомоил-трансаминаза гені бойынша жеткіліксіздігі) науқастанатын оңсегізжасар адамға емдік мақсатта аденовирустық векторы бар гендік конструкциясы енгізілген. Бірнеше сағатта науқастың дене қызуы көтеріліп, қантамырлардың жалпы тромбозы дамығаннан ауру қайтыс болды. Мәйітті тексеру барысында ішкі ағзалардың атрофия көрінісі ақаулы иммунды жүйенің вируспен өзара қарым-қатынасы нәтижесінен апоптоз механизмі дамығаннан болған. Ескеру керек, репликацияға жауапты Е1 және Е3 аймақтары жоқ вирустық геномы бар үшінші ұрпақтағы қауіпсіз аденовирустық векторы қолданған болатын. Бұл жағдайда гендік терапия технологиясына байланысты клиникалық сынақта уақытша қан ұйығаны дамуы байқалды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 81; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты