Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Нанодәрілер




Медицинада нанодәрілерді қолдануы эксперименттік және клиникалық сынақтардың жете дайындығы сатысында. Төменде оларды қолдануына мысал келтірілген.

Аэрозольдің жаңа дәрілік формасы – наномагнитозоль, онда активті затты азот тотығынан тұратын нанобөлшектермен араластырған. Азот тотығы жаңа дәрілік формаға магнитті қасиет береді, көлемі шамамен 50 нанометрдегі микротамшылар түрінде күлді құрайды. Экспериментте көрсетілгендей бронхыларға дәріні жеткізу тиімділігі 8 есе жоғарлайды.

Липидті қабатпен оралған дофамин молекуласынан құралған липосомды дәрілік зат дайындалды. Осындай препарат гематоэнцефалиялық барьерден өте алады, мийда дофамин концентрациясы қалпына келеді, нәтижесінде Паркинсон ауруының симптомдары жойылады (осындай тұқымқуалайтын аурудың себебі – дофаминнің дефициті).

Липодокс – липосомды доксорубицин. Доксорубицинмен жүктелген липосомалар (химиопрепарат, улы, нақты орнына жеткізуде емдік концентрациясы 15 есе азайяды). Липосомалардың нысанасы интегрин нәруызы болды,.ісіктердің өсіп жатқан қантамырлар эндотелийінде жоғары концентрацияда кездеседі. Нақты қажетті орнында интегринмен байланысқан RGD нәруызы өспелер зерттеулері мен диагностикасында онкологтармен сынақталды. В препарате «Липодокс» препаратында доксорубицинмен жүктелген липосомалармен RGD нәруызы коньюгацияланған.

Респироцит – оттегі мен көміртегі қос тотығының жасанды тасымалдаушысы, өз мүмкіншіліктері бойынша қан эритроциттерінен озады. Нанобөлшек ішінде тығыздалған өттегісі бар қуыс шар, диаметрі – 1 мк (эритроцит – 7-8 мк), 1000 атм. оттегі қысымына шыдайтын қабілеті бар (эритроцит – 0,5 атм.); респироцит жүзгінің минутына 0,5 мл тамыр арқылы енгізуі организм мұқтаждығын толығымен жабады, яғни оттегі көлемі эритроцитпен салыстырғанда едәуір жоғары. Дегенмен, клетка деңгейінде оттегі беру механизмі толығымен өнделмеген, сигналды рецепциясы, респироциттер мен тін клетка арасындағы газ алмасу реттелуі зерттелмеген.

Нанобөлшектер көмегімен шеміршек тінін қалпына келтіру. Көміртекті нанотүбектер өздерінің беткейлік қасиеттері бойынша хондробласттар (шеміршек тінін қалыптастыратын клеткалар) үшін матрикс құрайды. Микроскопиялық деңгейде матрикс беті «кедір-бұдырлы», құрылымды және табиғи клеткалық шеміршек матриксіне ұқсас.

Сондықтан хондрогенді клеткалар орнығуына, көбейюіне және дифференциациясына қолайлы. Биосыйымды матриксте сүйек тінінің алғашқы клеткалардың нәтижелі регенерациясы өту үшін оған сигналды молекулалар, сүйек клеткаларының дифференциация және өсу факторларын қосады. Егер барлық талаптар дұрыс тандалған болса, уақыт өте келе дайындау орнында сүйек пайда болады, оның мықтылығы және басқа да сипаттамалары табиғи сүйекке ұқсас келеді. Сүйек тінінің алғашқы клеткалар ретінде мезенхималық дін клеткаларын (МДК) қолданады, қажетті жағдайда әртүрлі типтегі клеткаларға дифференциациялайды: майлы, сүйекті, шеміршекті, бұлшықеттер, дәнекер тінінің клеткалары. Сүйектер дұрыс дамуына МДК остеогенді клеткаларға дифференциациялануы тиісті, әрі қарай жетілген сүйек тіннің клеткалары – остеобласттар және остеоциттер пайда болады. Нәтижелі дифференциация жүргізу үшін дексаметазонмен химиялық әсер ету қолданады. Сонымен қатар, матрикс бетіне нанобөлшектер енгізуімен (негізінен, гидроксилапатит) наноқұрылымды беткей қалыптасады, ал сүйек клеткалардың дифференциациясы кортикостероидты гормондарсыз да өте алады.

Биосыйымды наноматериалдар. Карбоксифуллерендер, нәруыздық бөлшектер негізінде дайындалған наноматериалдарды трансплантацияда жасанды жүрек пен қантамырлардың биосыйымдылығын жоғарлату; таңбалайтын материалдардың жаңа типтерін өндеу мақсатында қолданылады.

Су мен ауаны тазарту үшін, қиімдер мен арнайы жапқыштардың дезинфекциясы үшін бактерицидті күмісті нанобөлшектер дайындалған.

Нанодәрілерге қойылатын талаптар:

- биоыдырауы (ыдырайтын нанотасушылар);

- қажетті уақытта қан айналымында болу;

- қаумақты сыйымдығы ұсақ көлемде болуы;

- қажетті ағзалар мен тіндерде жиналуы.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 155; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты