Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.




Қазақстанның Егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. «Қазақстанның социалистік партиясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды (бұрынғы Қазақстанның Коммунистік партиясы). Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төрағасы – А. Әлімжанов, кейін П. Своик. Мақсаты:

Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау.

Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын орнату.

Меншік түрлерінің теңдігін қорғау

«Қазақстанның коммунистік париясы» (ҚКП) 1991 жылдың күзінде құрылды. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік бо­лып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп, коммунистер атын сақтады. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлепбаев, кейін С. Әбділдин. Мақсаты:

Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік әділетті қоғам орнату.

Коммунистік идеяларға адалдық.

 

«Қазақстанның Республикалық партиясы» (ҚРП) Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде құрылды. Төрайымы – С. Ақатаев. Мақсаты:

Қазақ ұлтын өркендету.

Ұлттық-этникалық топтарды жан-жақты дамыту.

Ұлттық-патриоттық күштерді біріктіру.

 

«Қазақстанның Халық конгресі партиясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5 қазанда құрылды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов. Мақсаты:

Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.

Ұлттық саяси күштер құру.

ҚХК партиясының атқарған жұмыстары:

Жергілікті мәслихаттарға және Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлауда белсенділік таныту.

Жоғарғы Кеңестегі саяси партиялардың заң жобасын бекіту мәселесін шешу.

Жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару реформасы тұжырымдамасының (концепциясының) заң жобасын талқылау.

«Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы» (ҚДПП) 1991 жылғы қарашада құрылды. Төрағасы – А. Докучаева. Мақсаты:

Экономикалық бостандыққа жету.

Құқықтық мемлекет құру және адам құқығын қорғау басымдылығына жету.

«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы ақпанда құрылды. Төрағасы – Қ. Сұлтанов. Саяси қозғалыстар арасында бұл одақ беделді болды.

Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. 1993 жылдың соңына қарай қоғам­дық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.

«Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы» (ҚХКП) 1994 жылғы желтоқсан айында құрылды. Төрағасы – У. Сәрсенов. Әлеуметтік базасы – ауыл еңбеккерлері, кооперативтік қозғалыс жұмыскерлері.

«Қазақстанның өрлеу партиясы» (ҚӨП) 1995 жылғы қаңтарда құрылды. Төрайымы – А. Жағанова, мүшесі – 5 мың адам. Мақсаты:

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық топтарының мүддесін қорғау.

Білім және денсаулық саласын қорғау.

«Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) 1995 жылдың басында құрылды. Мүшесі 42 мыңнан астам адам. Мақсаты: Ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделерін қорғау.

«Қазақстанның демократиялық партиясы» (ҚДП) 1995 жылы жазда құрылды. Төрағаларының бірі – Т. Жөкеев. Мүшесі – 19 мың адам. Мақсаты:

Әлеуметтік-нарықтық экономика құруға атсалысу.

Азаматтық қоғам орнату.

Демократиялық құқықтық мемлекет құру.

«Ақ жол» қоғамдық қозғалысы 1998 жылы қарашада құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты:

Президент Н. Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау.

«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.

Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.

 

«Отан» партиясы 1999 жылы қаңтарда құрылды. Төрағасы – С. Терещенко. Бұл партия Н. Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.

«Қазақстанның отаншылдар» партиясы 1999 жылы 14 қаңтарда құрылды. Мүшелері қатарында: «Азат» қозғалысының жетекшісі – Хасен Қожа-Ахмет, жа­зушы – Н. Асышев, «Мемлекеттік тіл» қоғамының төрайымы А. Османова болды. Мақсаты:

Ұлттық ынтымақтастыққа рухани тәрбиелеу жолымен жету.

Патриоттық сезімді қалыптастыру және өсіру.

Қазақстан қоғамы проблемаларына анализ жасау және дағдарыстан шығу жолдарын көрсету.

4. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар (1985–1992 жж.)

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасы­мен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комиетет құрылды. Комиеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апатқа өкімет назарын аудару болды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» париясын құрды.

1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылмандар әйелдер лигасы»сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси қозғалыс­тар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәре­жедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы құрамында 800000-ға жуық мүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің қолшоқпары жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспаған­дықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғары­да аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.

 

 

11 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 98; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты