Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Магнит өрісінің сипаттамалары




Магнит өрісітогы бар өткізгіштің, қозғалыстағы электр заряды бар бөлшектер мен денелердің, магниттік моменттері бар бөлшектер мен денелердің төңірегіндегі кеңістікте, сонымен қатар, электр өрісінің уақыт бойынша өзгеруінен пайда болады.

Тогы бар жазық тұйық контурөлшемі магнит өрісінің көзіне дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз, өрісті зерттеуге қолданылатын тогы бар тұйық өткізгіш (29-сурет). Кеңістіктегі контурдың орналасу бағдары оған жүргізілген нормальдің бағытымен сипатталады. Оң бұранда ережесіне сәйкес: бұранданы сағат тілінің айналу бағытымен контурдағы ток бағытында бұрағанда оның ұшының ілгерілемелі қозғалысы нормальдің бағытын көрсетеді (30-сурет).

 
 


S N

   
 
 
 

 

 



29-сурет 30-сурет

 

Айналдырушы күш моменті өрістің берілген нүктесінің және тогы бар контурдың қасиеттеріне тәуелді.

. . (136)

Тогы бар жазық контурдың магниттік моменті оң нормальдің бағытымен сәйкес болатын вектор:

(137)

мұндағы S –-жазық контур бетінің ауданы, – контур жазықтығына жүргізілген нормальдің бірлік векторы.

Магнит индукциясы – магнит өрісінің күштік сипатын ашу үшін енгізілген векторлық шама, оның мағынасын үш пара-пар әдістің кез келген біреуімен негіздеуге болады.

Магнит индукциясы :

1. Магнит өрісінің берілген нүктесінде бірлік жылдамдықпен қозғалған нүктелік бірлік оң зарядқа магнит өрісі тарапынан әсер ететін максимал күшке тең шама:

2. Магнит өрісінің берілген нүктесінде токтың бірлік элементіне магнит өрісі тарапынан әсер ететін максимал күшке тең:

3. Магнит өрісінің берілген нүктесінде бірлік магниттік моменті бар контурға әсер ететін максимал күш моментіне тең:

Ампер гипотезасы бойынша, кез келген денеде атомдардағы электрон-дардың қозғалысымен шартталған микроскопиялық токтар болады. Осы микротоктар дененің ішінде өзінің магнит өрісін тудырады және макро-токтардың магнит өрісінде бағдарлана бұрылуға қабілетті.

Магнит өрісінің индукциясы денедегі барлық макро- және микро-токтардың қортқы магнит өрісін сипаттайды. Магнит өрісінің кернеулігі макротоктардың магнит өрісін сипаттайды. Магнит өрісі индукциясы мен кернеулігі арасындағы байланыс: (138)

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 776; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты