Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Механика




1. Материалдық нүкте дегеніміз не?

2. Абсолют қатты дене дегеніміз не?

3. Ілгерілемелі қозғалыстың анықтамасы.

4. Материалдық нүктенің кеңістіктегі орнын анықтайтын шама - ....

5. Қозғалған дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын вектор ....

6. Қозғалыстағы материалдық нүктенің (дененің) берілген санақ жүйесіне қатысты сызған сызығының (ізінің) ұзындығы - ...

7. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыстың анықтамасы, бірқалыпты қозғалыстың графигі.

8. Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыстың анықтамасы, , графиктері.

9. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта шамасы бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама - ...

10. Тангенциал үдеу дененің жылдамдығының ....

11. Нормаль үдеу дененің жылдамдығының ...

12. Айналмалы қозғалысты сипаттайтын шамаларды атаңыз. Олардың анықтамасын беріңіз.

13. Бұрыштық орын ауыстыру деген не? Бұрыштық орын ауыстырудың бағытын қандай ережемен анықтайды?

14. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеудің анықтамалары. Олардың бағытын қандай ережемен анықтайды?

15. Бастапқы 0 =30м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дене қандай биіктікке көтеріледі? Дене қанша уақытта Жерге қайтып түседі?

16. Қозғалыстағы дене жылдамдығының X және Y осьтеріне проекциялары x = 4 м/с, y = 3 м/с. Жылдамдық модулін анықтаңыз.

17. Материалдық нүктенің қозғалмайтын оське қатысты айналу теңдеуі берілген: (рад). Нүктенің бұрыштық жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуі қандай?

18. Материалдық нүктенің қозғалмайтын оське қатысты айналу теңдеуі берілген: (рад). Нүктенің t=5c сәтіндегі бұрыштық жылдамдығы қандай?

19. Дене координаттары (7,2) нүктеден координаттары (-5,7) нүктеге орын ауыстырған. Орын ауыстыру модулі неге тең?

20. Берілген санақ жүйесінде материалдық нүктенің қозғалысы X=2+t; Y=1+2t теңдеулерімен сипатталады; мұндағы Y және X –метрмен, t – секундпен. Материалдық нүктенің қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз.

21. Дененің түзу сызықты қозғалысы теңдеуімен берілген. Дененің с уақыт мезетіндегі жылдамдығы қандай?

22. Дененің қозғалыс жылдамдығы =7+4t (м/с) теңдеуімен берілген. Дененің осы қозғалысқа сәйкес жолының теңдеуін жазыңыз.

23. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің үшінші секундтың аяғында жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады ?

24. Дене бастапқы жылдамдықпен көкжиекке бұрышпен лақты-рылған. Траекторияның ең жоғарғы нүктесінде дененің үдеуі неге тең?

28. Сағат тілі бағытымен бірқалыпты үдемелі айналыстағы материалдық нүктенің лездік жылдамдық векторын, нормаль үдеуінің векторын, толық үдеуінің векторын көрсетіңіз

1 2

 
 

 


3 4 5

 

25. «Материалдық нүкте өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сыртқы күштер әсер еткенше сақтайды». Бұл: .....

26. Күштердің суперпозиция принципі қалай тұжырымдалады? Формуласы:

27. Дене импульсінің сақталу заңының оқылуы және формуласы.

28. Инерциалдық жүйеде импульстің сақталу заңы қандай қасиетпен байланысты?

29. Материалдық нүктенің ілгерілемелі қозғалысы динамикалық теңдеуі

30. Диссипативтік күш деген не?

31. Массасы 200 г дене 5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып бара жатыр. Осы денеге әсер етуші қорытқы күш:

32. Горизонталь жазықтықта массасы m денеге Fт тарту күші әсер етеді. Үйкеліс коэффициенті болса, дененің үдемелі қозғалыс теңдеуі:

Fт

33. «Дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал және бағыттас, ал массасына кері пропорционал болады». Бұл қай заң?

34. Консервативтік күш деген не?

35. Энергия деген не? Потенциалдық және кинетикалық энергияның анықтамасы, формуласы.

36. Энергияның сақталу заңы қандай қасиетпен байланысты?

37. Массасы 100 кг дененің жылдамдығы күш әсерінен 10 м/с-тан 20 м/с-қа дейін артты. Әсер етуші күштің жұмысы қандай?

38. 100 метр биіктіктен еркін құлаған дененің кинетикалық және потенциалдық энергиялары қандай биіктікте бірдей болады?

39. Массасы 0,2 кг дене 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған.

Қозғалыс басынан 2 с өткенде дененің кинетикалық энергиясы неге тең?

40. Массасы 0,5 кг дене 40 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Қозғалыс басынан 2 с өткенде дененің потенциалдық энергиясы:

41. Қозғалмайтын айналу осіне қатысты нүктенің инерция моменті және оның формуласы.

42. Қозғалмайтын нүктеге қатысты күш моменті деген не? Күш моментінің бағыты қалай анықталады? Формуласы.

43. Қозғалмайтын нүктеге қатысты материалдық нүктенің импульс моменті деген не? Импульс моментінің бағыты қалай анықталады?

44. Штейнер теоремасының оқылуы және теңдеуі

45. Импульс моментінің сақталу заңының оқылуы және формуласы.

46. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі

47. Инерция моменті 10 кг м2 тұтас диск 2 рад/с2 үдеумен үдемелі айналады.Айналдырушы күш моментін анықтаңыз.

48. Массасы 2 кг тұтас диск горизонталь жазықтықта 4 м/с жылдамдық-пен үйкеліссіз дөңгелейді. Дискінің кинетикалық энергиясы қандай? 54. 49Егер дененің массасы 2 есе артып, жылдамдығы 2 есе кемісе, оның айналу энергиясы қалай өзгереді?

50. Массалары мен радиустары бірдей құрсау дөңгелек, тұтас цилиндр және шар бірдей жылдамдықпен домалайды. Энергиясы максимал дене:

51. Диссипативтік күшті атаңыз.

52. Қанша уақытта 40м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясы екі есе азаяды?

53. Инерциалдық жүйеде энергияның сақталу заңы қандай қасиетпен байланысты?

54. Массасы 0,5 кг дене 4 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен құлаған. Дененің импульсінің өзгерісі қандай?

55. Қандай жағдайда дененің потенциалдық энергиясы Жерге қатысты тұрақты болып қалады, ал кинетикалық энергиясы өзгереді?

56. Горизонталь бағытталған 10Н күштің әсерінен дененің координатасы x=3+6t+2t2(м) заңымен өзгереді. Күштің 3 секундта атқарған жұмысы:

57. Жер бетінен вертикаль жоғары лақтырылған доптың толық механикалық энергиясы қай уақытта максимал болады? Ауаның кедергісі ескерілмейді.

58. Егер дененің импульсі 3 есе кемісе, кинетикалық энергиясы ...

59. Тұйық жүйе үшін импульс моментінің сақталу заңының теңдеуі:

60. Айналыстағы дененің массасы 2 есе ұлғайып, жылдамдығы 2 есе кемісе, айналу кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

61. Радиусы R біртекті дискінің шетіне жанама бағытта F күш түсірілді. Диск айналған кезде әсер ететін үйкеліс күшінің моменті Mүйк . Диск тұрақты ε бұрыштық үдеуімен қозғалса, оның массасы неге тең?

62. Тұтас цилиндр горизонталь жазықтықта бірқалыпты домалап келеді. Цилиндрдің айналмалы қозғалысының энергиясы толық кинетикалық энергиясының қандай бөлігін құрайды?

63. Эйнштейннің екінші постулаты бойынша ...

64. Релятивистік динамиканың негізгі заңы

65. Қандай жылдамдықта релятивистік бөлшектің толық энергиясы оның тыныштықтағы энергиясынан бес есе үлкен болады?

66 Қандай жылдамдықта релятивистік бөлшектің толық энергиясы оның тыныштықтағы энергиясынан бес есе үлкен болады?

67. Бөлшектің релятивистік импульсі оның ньютондық импульсінен қандай жылдамдықта бес есе артық болады?

68. Сұйық ағыны деген не? Сұйық ағынының түтігі деген не?

69. Ламинарлық ағыс деген не? Турбуленттік ағыс деген не?

70. Сұйық ішіндегі динамикалық және гидростатикалық қысым.

71. Сығылмайтын сұйықтар үшін үзіліссіздік теңдеуі:

72. Идеал сұйық ағысы үшін Бернулли теңдеуі:

73. Дененің массасы 60%-ға азайып, денеге әсер етуші күш үш есе артқанда оның үдеуі неше пайызға өзгереді?

74. Массасы 3 кг материялық нүктенің берілген санақ жүйесіндегі қозғалысы X=2t2+4t (м) теңдеуімен берілген. Осы нүктемен бағыттас тұрақты 3 м/с жылдамдықпен қозғалатын санақ жүйесіне қатысты материялық нүктеге әсер етуші күштің проекциясын анықтау керек.

75. Массасы 500 г дене жылдамдығының проекциясының уақыт өтуіне қарай өзгеруі суретте көрсетілген. 1с уақыт мезетіндегі дене салмағының 3 с уақыт мезетіндегі салмағынан айырмашылығы қандай?

 

 

76. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің 3-ші секундтың аяғында жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады?
77. Параллель жалғанған бірнеше бірдей серіппелердің эквивалентті қатаңдығы оларды тізбектей жалғағандағы қатаңдығынан 25 есе артық. Берілген жүйедегі серіппелер санын анықтаңыз.

78. Дене тегіс сфера бойымен домалап барады. Төменде көрсетілген бағыттардың қайсысы А нүктесіндегі тең әсерлі күштің бағытына сәйкес келеді?

 

 

79. Тыныштықтағы денеге әрқайсысы 2Н бір-біріне қатысты 600 бұрышпен бағытталған екі горизонталь күш әсер еді.Егер дене м/с2 үдеумен қозғала бастаса, тең әсерлі күштің 2 секундта атқарған жұмысы қандай болады?

 

80. Горизонталь бетте қозғалып келе жатқан денеге модульдері бірдей бірнеше күш суретте көрсетілгендей кезек-кезек әсер етеді. Дене бірдей қашықтыққа орын ауыстырғанда осы күштердің атқарған жұмыстары қандай қатынаста болады?


81. Шамасы 10Н күш әсерінен дененің координатасы x=3+6t-1,5t2 (м) заңы бойынша өзгереді. Осы күштің үш секундта атқарған жұмысы:

82. Массасы 2 кг дененің жылдамдығы күш әсерінен v=6+4t(м/с) заңы бойынша өзгереді. Осы күштің екі секундта атқарған жұмысы неге тең?

83. Қанша уақытта 40м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясы екі есе азаяды?

84. Тік жоғары лақтырылған дененің максимал көтерілген биіктігі 6м. Қандай биіктікте дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясынан екі есе көп болды?

85.Денелердің массаларының қатынасы m1:m2:m3 =1:2:3. Қандай да бір уақыт мезетінде олардың жылдамдықтарының қатынасы v1 :v2 :v3 =3:2:1 болғандаолардың кинетикалық энергияларының арасындағы қатынасы: 86. Қандай жағдайда дененің потенциалдық энергиясы Жерге қатысты тұрақты болып қалады, ал кинетикалық энергиясы өзгереді?

87. Суретте көрсетілген денелердің потенциалдық энергияларының арасындағы қатынас қандай?

 

88.Жер бетінен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 1кг дененің бастапқы уақыт мезетіндегі кинетикалық энергиясы 50 Дж-ға тең. Көтерілудің ең жоғарғы нүктесіне дене қанша уақытта жетеді?

89. Қатаңдығы 1кН/м серіппеге массасы 100г жүк ілінген. Тепе-теңдік қалыпта жүктің толық энергиясы неге тең?

90. Қатаңдығы 2000 Н/м серіппе 4 см-ге созылған. Серіппенің деформа-циясы абсолют серпімді деп алып, серпімділік күшін анықтаңыз.

91. Қатаңдығы 2000 Н/м серіппе 4 см-ге созылған. Серіппе деформациясын абсолют серпімді деп алып, оның потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

92. Массалары 1кг және 0,5кг екі шар бір-біріне қарама-қарсы 5 м/с және 4 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Серпімсіз соғылыстан кейін шарлардың жылдамдығы қандай болады?

93. Үйкеліс коэффициенті 0,2 болғанда жылдамдығы 72км/сағ автомобильдің тежелу жолы қандай?

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 353; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты