Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Нұсқалардың үлгілері




 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Физика және химия кафедрасы

«ФИЗИКА-1» 5-нұсқа 1-аралық бақылау

 

1. Дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын физикалық шама - ....

A) траектория B) радиус-вектор C) жол

D) жылдамдық E) орын ауыстыру

 

2. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта шамасы бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама -...

A) нормаль үдеу B) тангенциал үдеу C) ілездік үдеу D) орташа үдеу E) үдеу

 

3.Түзу сызықты бірқалыпты кемімелі қозғалыс графигін көрсетіңіз

S 1 v 3

2

4

 

t t

       
   


A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5

 

 

4. Бірқалыпты үдемелі айналмалы қозғалыстың жылдамдығы ω мен үдеуі ε:

A) ; В) ; C) ; D) ; E) ;

 

5. Берілген санақ жүйесінде материалдық нүктенің қозғалысы X=2+t; Y=1+2t теңдеулерімен сипатталады; мұндағы X және Y –метрмен, t – секундпен. Материалдық нүктенің қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз.

A) 5 м/с B) 2 м/с C) 1 м/с D) √2 м/с E) √5 м/с

 

 

6.Материалдық нүктенің қозғалмайтын оське қатысты айналу теңдеуі берілген: (рад). Нүктенің t=5c сәтіндегі бұрыштық жылдамдығы қандай?

A) 2 рад/с B) 4 рад/с C) 6 рад/с D) 8 рад/с E) 10 рад/с

 

7. Масса деген не?

A) материяның әртүрлі формадағы қозғалыстары мен әсерлесуінің ортақ өлшемі болатын универсал шама.

B) дененің инерттік және гравитациялық қасиеттерін сипаттайтын шама.

C) денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын шама.

D) жүйедегі денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама.

E ) жүйедегі денелердің өзара орналасуын сипаттайтын шама.

 

8. Күштердің суперпозиция принципінің формуласы

A) B) C) D) E)

9. Дене импульсінің математикалық өрнегі:

A)B)C)D)E)

10. Тік жоғары лақтырылған дененің максимал көтерілген биіктігі 6м. Қандай биіктікте дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясынан екі есе көп болды?

А) 1 м. B) 5м. C) 2 м. D) 4м. Е) 3м.

 

11. Потенциалдық энергия - ...

A) денелердің өзара орналасуын немесе өзара әсерлесуін сипаттайтын шама

B) материяның алуан түрлі қозғалыстары мен әсерлесуін сипаттайтын шама

C) дененің инерттілік және гравитациялық қасиеттерін сипаттайтын шама

D) дененің қозғалысын сипаттайтын шама

E) консервативті күштердің 1 секундта атқаратын жұмысына тең шама.

 

12. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі

A) B)C)D)E)

 

13. Массалары мен радиустары бірдей құрсау, диск, шар, цилиндр көлбеу жазықтықта дөңгелеп түседі. Қай дененің энергиясы көп болады?

A) Диск. B) Құрсау. C) Цилиндр.

D) Шар. E) Барлық денеде бірдей.

 

14. Идеал газ үшін Майер теңдеуі

A) Cp=Cv+R B) C=c C) p=

D) E) U=

 

15. Суретте үш серіппеге әсер еткен күштердің серіппенің абсолют созылуына тәуелділігі келтірілген. Осы серіппелердің бірдей созылуында серпімділік күштерінің жұмыстарының арасындағы қатынас қандай?

 

А) А3> A1> A2 B) A3< A2< A1

C) A2> A3> A1 D) A3= A2> A1

Е) A2> A3= A1

 

16. Берілген физикалық шамалардың қайсысы гравитациялық өрістің күштік сипаттамасы болады?

A) өріс потенциалы B) ығысу тогы C) өріс кернеулігі

D) өріс энергиясы E) ток күші

 

17. Изохорлық процесс үшін термодинамиканың 1-ші бастамасының теңдеуі

А) В) С)

D) E)

18. Изотермдік процесте газдың қысымы 5 есе артса , газдың көлемі қалай өзгереді?

A) 5 есе артады B) 10 есе артады C) 5 есе кемиді

D) 10 есе кемиді Е) өзгермейді

 

19. Изохорлық процесте газдың атқаратын жұмысы:

А) А= 0 В) С)

D) Е)

20. Карно циклі кезінде атқарылған жұмыс 8×104 Дж. Егер жылу машинасының П.Ә.К. 25% болса, оның қыздырғыштан алған жылу мөлшері қандай:

А) 20,5×104 Дж В) 47,5×104 Дж С) 32×104 Дж

D)12,7×104 Дж Е) 30×104 Дж

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Физика және химия кафедрасы

 

«ФИЗИКА-1» 2-нұсқа 2-аралық бақылау

 

1. Электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы:

А) потенциал B) кернеулік векторы C) ығысу векторы D) потенциалдар айырымы E) кернеулік векторының ағыны

 

2.Қай график қозғалмайтын нүктелік екі зарядтың арасындағы кулондық күш модулінің зарядтардың арақашықтығына тәуелділігін сипаттайды?

A) 1. B) 2. C) 3. D) 4. E) 1,3

 

3. Электрстатикалық өрістердің суперпозиция принципі қалай оқылады?

A) тұйық жүйеде электр зарядтарының алгебралық қосындысы тұрақты болады.

B) тұйық бетті тесіп өтетін вакуумдегі электрстатикалық өріс кернеулігі векторының ағыны осы бет ішіндегі зарядтардың алгебралық қосындысын электрлік тұрақтыға бөлгенге тең.

C) вакуумдегі екі нүктелік зарядтың өзара әсерлесу күші зарядтардың шамасына тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал.

D) электрстатикалық өрісінің кез келген нүктесіндегі кернеулік жеке зарядтардың сол нүктедегі өріс кернеуліктерінің геометриялық қосындысына тең болады.

E) белгілі бір нормаль бетті тесіп өтетін кернеулік сызықтарының жалпы саны сол беттен өтетін кернеулік векторының ағыны деп аталады.

 

4. Көміртегі ионының заряды +2е. Көміртегінің ядросының заряды +6е. (е – элементар электр заряды). Иондағы электрондар саны . . .

A) 0 B) 4 C) 6 D) 8 E) 12

 

5. Дипольдің электрлік моменті:

A)B) C)

D)E)

 

6. Диэлектриктегі электрстатикалық өріс үшін Остроградский-Гаусс теоремасының формуласы:

A)B) C)

D)E)

 

7. Радиусы 5 см зарядталған металл шардың потенциалы 150 В. Шардың бетінен 10см қашықтықтағы нүктенің потенциалы қандай?

А) 125 В B) 100 В C) 75 В D) 50 В E) 25 В

 

8. Оңашаланған радиусы R=4см сфераны φ=500В потенциалға дейін зарядта-ғанда,оның электр өрісінің энергиясы қандай болады?

A) 550мкДж B) 55мкДж C) 5,5мкДж

D) 0,55мкДж E)0,055мкДж.

 

9. Суретте біртекті электр өрісіндегі электрон бейнеленген. Электронға әсер етуші күш қалай бағытталған және электронның қозғалысы қандай болады?

А) солға, бірқалыпты

B) солға, бірқалыпты үдемелі

C) оңға, бірқалыпты

D) қозғалмайды.

E) оңға, бірқалыпты үдемелі .


10. Кернеулігі Е=12 кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр диэлектриктен (ε=3) жасалған жазық параллель пластинка қойылған. Осы жағдайдағы Р поляризацияланудың сандық мәнін анықтаңыз:

А) 2,12 10 Кл/м В) 1,0 Кл/м С) 36 Кл/м D) 1000 Кл/м Е) 0.

 

11. Кирхгофтың екінші ережесі

A) ток күші өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақытта өтетін зарядқа тең

B) ток тығыздығы өткізгіштің ток бағытына перпендикуляр көлденең қимасының бірлік ауданы арқылы бірлік уақытта өтетін зарядқа тең.

C) электр қозғаушы күші бөгде күштердің бірлік оң зарядты тасымалдауда орындайтын жұмысына тең

D) тармақталған электр тізбегінің түйінінде тоғысатын токтардың алгебралық қосындысы нольге тең.

E) тұйық тізбектің бөліктеріндегі кернеулердің алгебралық қосындысы осы тізбектегі барлық электр қозғаушы күштердің алгебралық қосындысына тең.

12. Ток тығыздығының анықтамасын тұжырымдайтын формула:

A) B) C)

D) E)

 

13. Тізбектегі тұрақты кернеуде электрлік кедергі 2 есе артса, ток қуаты қалай өзгереді ?

A) 4 есе артады B) 4 есе кемиді C) 2 есе артады D) 2 есе кемиді E) өзгермейді.

 

14. Суретте көрсетілген бөліктің кедергісін анықтаңыз. Жалғаушы сымдардың кедергісі ескерілмейді.

 

A) 3R B) 3R/2 C) R/3 D) R/2 E) R/5

 

15. Кирхгофтың бірінші ережесі бойынша А түйінінде:

I2 I3

А) I1 +I2 +I3 +I4 +I5 +I6 = 0

В) I1 +I2 +I3 -I4 +I5 +I6 = 0

I1 I4 С) I1+I2 +I3 +I4 +I5 = 0

D)I4 -I1 +I2 + I6-I5 + I3= 0

Е) I3 = I5 -I1 -I2 + I6+I4 = 0

I6 I5

 

 

16. Био-Савар-Лаплас заңы бойынша қандай шаманың модулін анықтауға болады?

А) тогы бар өткізгішке әсер ететін магниттік күштің модулін.

В) электр өрісінің кернеулігінің модулін.

С) тогы бар өткізгіштің маңындағы магнит өрісінің индукциясының модулін.

D) дененің қозғалыс үдеуінің модулін.

Е) магнит ағынының модулін.

 

17. Электрмагниттік өріс үшін Максвелл теңдеуі:

А) B) C)

D) E)

 

18. Өткізгіш контурдағы ток күші өзгергенде осы контурдың өзінде индукциялық электр қозғаушы күшінің пайда болу құбылысы -...

A) өздік индукция B) электрмагниттік индукция C) магниттелу

D) термоэмиссия E) поляризациялану.

 

19. Индукциясы 0,03 Тл біртекті магнит өрісіне электрон перпендикуляр ұшып кіреді. Электронның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

А) 3 есе өседі В) 300 есе өседі С) өзгермейді

D) 300 есе азаяды Е) 3 есе азаяды

 

20. Орамдағы ток және оның геометриялық пішіні өзгермеген. Катушканың орам санын 6 есе кеміткенде, катушканың индуктивтілігі қалай өзгереді?

А) 36 есе артады. В) 6 есе кемиді. С) 6 есе артады.

D) 36 есе кемиді. E) Өзгермейді, себебі орам санына тәуелсіз.

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Физика және химия кафедрасы


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 422; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты