Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тотықтырғыштардың гигроскоптылығы




 

Магний, кальций және натрий, сонымен қатар аммоний тұздарының гигроскоптылығы жоғары және суда тез ерігіш.

Тұздардың ауадан жұтқан судың мөлшері ауа температурасына, тұздардың жеке қасиеттеріне, сонымен қатар ауамен түйісетін беттік қабаттарына да тәуелді болады.

Егер бөлменің ылғалдылығы анықтамада берілген ылғалдан үлкен болған жағдайда тұз ауадан ылғалды жұтып, ауада тұздардың кристалдары еріп, «еру» процесі жүреді. Ал егер керісінше жағдай болатын болса, онда тұздың «кебу» процесі жүреді, яғни кристаллогидраттағы аристалдық сулар ұшып, кебу процесі жүретін болады.

Натрий нитраты бөлменің салыстырмалы ылғалдылығы 77 % асқан кезде ериді, ал төмен болған кезде керісінше кебу процесі жүреді.

 

100р/р0

 

р – тұз ерітіндісімен қаныққан судағы су буының қысымы

р0 – таза судағы су буының қысымы

 

3 – кестеде 20 0С кейбір тотықтырғыш-тұздардың «гигроскоптық нүктелерінің» анықтамадағы мәндері келтірілген.

Тұздардың гигроскоптығы туралы анықтамалық мәндер болмаған жағдайда суда ерігіштігімен анықтауға болады. Тұздардың гигроскоптық нүктелері суда ерігіштігіне тәуелді, яғни суда ерігіштігі жоғары болған сайын гигроскоптығы да жоғары болады.

1 – кестеден келесі тұздардың гигроскоптылығы төмен екендігі байқалынып тұр: Ba(NO3)2, KClO3, NH4ClO4, Pb(NO3)2, KClO4, KNO3.

«Гигроскоптық нүктелері» калий нитратынан төмен болған жағдайда гигроскопты болып есептелінеді.

Тәжірбиеде гигроскоптық нүктесі 75-80 % төмен тұздар көп қиыншылықты тудырады.

Гигроскоптылық қасиетінің жоғарылығынан келесі тұздар пиротехникада мүлдем қолданылмайды: Mg(NO3)2 Ca(NO3)2 Mn(NO3)2 Al(NO3)3 Sr(ClO3)

Кесте 3

Тұздар-тотықтырғыштардың гигроскоптылығы және ерігіштігі

 

Тұздар 100 р р0 20 0С, % 0С температурадағы 100 г ерітіндіде сусыз тұздардың суда еруі
100
Хлораттар KClO3 NaClO3           67
Перхлораттар KClO4 NH4ClO4 NaClO4   69-73   0,7     1,7     -
Нитраттар Ba(NO3)2 KNO3 Pb(NO3)2 Sr(NO3)2 NaNO3 NH4NO3   992.5   4,8     -  

 

Жоғарыда аталып кеткен себептей, натрий нитратын ауа ылғалынан изоляциялау қажет.

Стронций нитратын құрамында магний не болмаса кальций тұздарының қоспалары болмаған жағдайда ғана қолдануға болады.

Ауыр металдардың тұздарын тотықтырғыш ретінде қолданбайды десе де болады, себебі олардың құрамында оттектің мөлшері аз болады, сонымен қатар магний, цинк сияқты металдар ылғалды жерде алмасу реакция жүреді, мысалы:

 

Pb(NO3)2 + Mg = Pb + Mg(NO3)2

 

Құрамдардың химиялық қасиеттері тұрақты болу үшін және ұзақ уақыт қасиеттерін жоғалтпай ұстап тұру үшін жанғыш ретінде қолданылатын метал қатарларынан жоғары тұрған металдарды қолдану қажет.

Практикада суда еритін магний құрамдар ретінде калий, барий, стронций және натрий тұздары ғана қолданылады (литий тұздары қымбат, ал кальций тұздарының гигроскоптығы жоғары).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 153; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты