Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лшеу құрылғыларының қателіктері




Д.1 суретінде ӨҚ қателіктер классификациясы берілген (Д қосымшасы):

а) көріну сипатына қарай: ӨҚ- жүйелікк және кездейсоқтық қателіктер құраушылары өлшеулердің жүйелікк және кездейсоқтық қателері сияқты мағынаға ие болады. (3 дәріс);

б) колдану жағдайына қарай:

1)ӨҚ негізгі қателігі– қалыпты жағдайларда қолданылатын ӨҚ қателігі (Қ.Ж.). Қ.Ж.-да ӨҚ қолдану үшін әсер ететін шамалардың (қоршаған ортаның температурасы, барометрлік қысым, ылғалдылық, қөректендіру кернеуі, ток жиілігі және т.т.) қалыпты мәндері болады немесе мәндердің қалыпты шеңберінде болады, сондай-ақ олардың белгілі бір кеңістікте орналасуы, жердің магниттік өрісінен басқа сыртқы электромагниттік өрістің, дірілдің болмау шарттары түсіндіріледі. Н.У. әдетте ӨҚ қолданудың жағдайлары болмайды;

2) жіберілуі мүмкін қосымша қателік шегіне ең үлкен қосымша қателік ұғылады, бұл өлшеу құралдары жарамды және қолдануға болады деген жағдайдағы әсер ететін шаманың кеңейтілген мәндерінің шегінде туады. ӨҚ әр түрі үшін стандарттарда немесе техникалық шарттарда қосымша қателіктің мәні тағайындалған шектерден аспайтын деңгейде әсер ететін шамалардың мәндерінің кеңейтілген шеңберін белгілейді. Негізгі және қосымша қателіктер атауларына берілген жғдайларда орын алатын ӨҚ нақты қателігі сәйкес келеді:

в) қолдану режіміне орай:

1) статикалық қателік – тұрақты шаманы өлшеу үшін ӨҚ пайдалануда туындайтын ӨҚ қателігі;

2)динамикалық қателік – шаманың уақытында айнымалыны өлшеу үшін ӨҚ –ны пайдалануда туатын ӨҚ қателігі;

г) ұсыну формасына орай.

Өлшеу аспабы және өлшеу түрлендіргіші үшін абсолют салыстырмалы және келтірілген қателіктерді анықтау ерекшелігі. Өлшеу аспабында кіріс шамасы бірлігіне өлшемделген шәкіл немесе белгілі көбейткіштің шартты бірліктерінде өлшемделген шәкілі бар, сондықтан өлшеу нәтижесі кіріс шаманың бірліктерінде ұсынылады. Бұл өлшеу аспабының қателігін анықтаудың қарапайымдылығын шарттайды. Өлшеу түрлендіргішінде өлшеу нәтижелері шығыс шама бірліктерінде көрсетіледі. Сондықтан, өлшеу түрлендіргішінің кірісі және шығысы бойынша қателіктерді ажыратады.

Өлшеу аспабының абсолют қателігі– аспаптың көрсетуі мен өлшенетін шаманың нақты мәнінің арасындағы айырым

, (6.1)

үлгілі аспап көмегімен анықталады немесе қайта өлшеумен шығарылады.

Өлшеу аспабының салыстырмалы қателігіөлшеу аспабының абсолют қателігінің өлшенетін шамасының нақты мәніне қатынасы

(6.2)

Өлшеу аспабының келтірілген қателігі - өлшеу аспабының абсолют қателігінің өлшенетін шамасының нормаланған мәніне қатынасы . (6.3)

Нормалайтын мән сапасында өлшеудің жоғарғы шегі немесе өлшеу аспабының өлшеулер ауқымы пайдаланылады.

Өлшеу түрлендіргішінің (ӨТ) қателіктерін анықтауда келесі шамалар белгілі: - ӨТ кірісіндегі шаманың нақты мәні, ол кірісінде өлшеуішпен шығарылады немесе үлгілі СИ көмегімен анықталады. - Ипр шығысындағы шамасының мәні, ол шығуында үлгілі құрал көмегімен анықталады; - өлшеуіш түрлендіргіштің түрлендіру функциясы; - өлшеуіш түрлендіргіштің түрлендіруінің кері функциясы.

Шығысы бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің абсолют қателігі- өлшенетін шаманы көрсетеін өлшеуіш түрлендіргіштің шығысындағы шаманың нақты мәнінің өлшеуіш түрлендіргішке берілген өлшемделген сипаттаманың көмегі арқылы кірістегі шаманың нақты мәні бойынша анықталатын арасындағы айырым

, (6.4)

 

, кіріс шаманың бір мәнінде анықталады.

Кірісі бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің абсолют қателігі:өлшеуіш түрлендіргіштің кірісінде түрлендіргішке қосаоның шығысындағы түрлендіргішке жазылған өлшемдердің сипаттамасының көмегі арқылы нақты шамасының мәні бойынша анықталатын және түрленушінің кірісіндегі нақты мән шамасының арасындағы айырым

= . (6.5)

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 231; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты