Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шығысы бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің келтірілген қателігі




. (6.9)

Нормаланған мән сапасында , түрлендіргіш өлшеудің ауқымы немесе осы ауқымға сәйкесті шығыс сигнал өлшеуі ( ) пайдаланылады;

д) өлшенетін шаманың мәнінен.

Осы тәуелділікті қарастыру үшін түрлендірудің номинал және шынайы функциялары ұғымын пайдалану ыңғайлы. Түрлендірудің номинал функциясы ӨҚ паспортында көрсетілген. Түрлендірудің шынайы функциясы – ӨҚ осы типінің нақты меңгеретін функциясы. Түрлендірудің шынайы функциясының номиналдан ауытқуы әртүрлі және өлшенетін шаманың мәніне тәуелді болады.Осы ауытқулар және осы ӨҚ қателігін анықтайды.

Аддитивтік қателіктернемесе ӨҚ нөл қателігі – бұл өлшенетін шаманың барлық мәндерінде тұрақты болып қалатын қателік (Д қосымшасы, Д.2 суретті қара).

Егер аддитивті қателік жүйелік болатын болса, онда ол алынып тасталынуы мүмкін ( мысалы, нөлді түзету). Егер аддитивті қателік кездейсоқ шама болса, онда оны алып тастауға болмайды және түрлендірудің шынайы функциясы уақыт бойынша номиналға ерікті қатынас бойынша ауысады. Шынайы функция үшін өлшенетін шаманың барлық мәндерінде ені тұрақты болып қалатын жолақты бөліп алуға болады.

Кездейсоқ аддитивті қателіктердің көздері – СИ тіреуіштердегі үйкеліс, нөлдің жылжуы, шу.

Мультипликативтік қателік немесеСИ сезімталдығының қателігі - өлшенетін шаманың артуы мен сызықтық өсетін (немесе кемитін) қателік (Д қосымшасы, Д.3 суретті қара).

Мультипликативтік қателік көздері – СИ тораптарының және жекелеген элементтердің түрлену коэффициентінің өзгеруі

Сызықтық қателік – түрленудің шынайы функциясының номиналдан өзгешелігі сызықтық емес эффектілермен болатын қателік (Д қосымшасы, Д.4 суретті қара).

Сызықтық қателік көздері – СИ конструкциясы (сұлбасы), сұлбалар жасау технологиясының жетімсіздігімен байланысқан түрлендірудің сызықтық емес бұрмалану функциялары.

Гистерезис қателігі – кері жүріс қателігі (кешігу қателігі) (Д қосымшасы, Д.5 суретті қара). Бұл СИ-дің ең елеулі және болдырмауы қиын қателігі. Ол өлшенетін шаманың артуында (тура жүріс) немесе кемуінде (кері жүріс) шынайы түрлену функциясының дәл келмеуін көрсетеді.

Гистерезистің себептері – механикалық берілетін элементтердің люфті, құрғақ үйкелісі, ферромагниттік материалдардағы гистерезистік эффект, серіппе материалдарындағы ішкі тіреліс, элементтердегі, пьезоэлементтердегі, электрохимиялық элементтердегі поляризация құбылысы.

СИ теқ қана оның метрологиялық сипаттамалары белгіленген жағдайда ғана қолдануға жіберіледі. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар туралы мәліметтер өлшеу құралдарының техникалық құжаттамасында келтірілген.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [5-9] әдебиеттен алуға болады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты