Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Айнымалы токтар және кернеулерді өлшеу құралдар




 

Айнымалы токтар және кернеулерді өлшеу негізіне 40 – 1 10 Гц жиілік диапазонда 0,01 – 10 А ток күшін жаңғыртатын мемлекеттік арнайы эталон (ГОСТ 8.183—76) және 20 –3 107 Гц жиілік диапазонда 0,1 — 10 В кернеуін жаңғыртатын мемлекеттік арнайы эталон (ГОСТ 8.184—76) қойылған. Бұл эталондардың дәлдігі жаңғыртылатын шамалардың өлшеміне және жиілігіне тәуелді.

Айнымалы токтар және кернеулерді өлшеудің жұмыстық құралдары болып табылатын амперметрлер (микро-, милли-, килоамперметрлер), вольтметрлер (микро-, милли-, киловольтметрлер), айнымалы токтың компенсаторлары, әмбебап және құрама аспаптар, сонымен қатар тіркейтін аспаптар және электрондық осциллографтар.

Айнымалы токтар және кернеулерді өлшеудің ерекшелігі – олар уақыт бойынша өзгеретіні. Жалпы жағдайда уақыт бойынша өзгеретін шама өзінің кез келген уақыттағы лездік мәндерімен толық анықталады. Уақыт бойынша айнымалы шамалар тағыда өзінің жеке параметрлерімен сипатталануы мүмкін (мысалы, амплитудасымен) немесе интегралдық параметрлерімен – олар ретінде әрекеттік мәні пайдаланылады

, (8.1)

орташатүзетілген мәні

, (8.2)

және орташа мәні

. (8.3)

 

мұнда x{t) — уақыт бойынша өзгеретін шама.

Сөйтіп, айнымалы токтар және кернеулерді өлшегенде олардың әрекеттік, амплитудалық, орташатүзетілген, орташа және лездік мәндері өлшенуі мүмкін. Электрлік өлшеулердің тәжірибесінде ең жиі өлшеуге жататын синусоидалды айнымалы токтар және кернеулер болады, әдетте олар әрекеттік мәнімен сипатталанады. Сондықтан, ток немесе кернеудің қисығы түрі синусоидалды болса, айнымалы токтар және кернеулерді өлшеудің құралдары көбінесе әрекеттік мәндерде градусталады.

Айнымалы токтар және кернеулердің әрекеттік мәндерін өлшеуі әртүрлі өлшеу құралдарымен жасалынады, олардың арасында ең көп таралғандары Е қосымшасында келтірілген (кестелер Е.3 және Е.4). Бұл кестелерді Е.1 және Е.2 кеслерімен салыстыруы мынаны көрсетеді – айнымалы токтар және кернеулерді өлшеудің ең кіші жоғарғы шектері тұрақтылардан бірнеше есе үлкен. Ол былай түсіндіріледі – сыртқы айнымалы магниттік өріс және паразиттік резистивті-сыйымдылық байланыстар әсерлері айнымалы шамаларды өлшегенде ең күшті [9]. Ескеру керек, Е.3 және Е.4 кестелерде келтірілген цифрлар әртүрлі аспаптардың шекті мүмкіндіктерін сипаттайды. Бірақ, өлшеу диапазонның жоғарғы шектерін сипаттайтын цифрларды, жиілік диапазонын сипаттайтын цифрларымен бір мағыналы байланыстыруға болмайды. Өлшенетін шамалар диапазоны және жиілік диапазоны арасындағы байланыс әртүрлі өлшеу құралдар үшін әртүрлі. Сөйтіп жалпы заңдылықты көрсетуге болады - өлшенетін шама мәні өскен сайын жиілік диапазонның жоғарғы шекарасы, әдеттегідей, азайады. Сонымен қатар, бұрын белгіленген, басқа заңдылық та көрінеді: жиілік өскен сайын өлшеу қателігі өседі.

Синусоидалды токтар және кернеулердің орташатүзетілген және амплитудалық Хт мәндерін өлшеу қиын емес, себебі бұл мәндер бір мағыналы синусоиданың әрекеттік мәнімен X байланысқан: = Х/1,11 және Хт = . Бұл аспаптардың жиілік диапазоны неғұрлым кең болса, соғұрлым токтар және кернеулер қисықтар түрлері өзгеруінен пайда болатын қателік кіші болады.

Айнымалы токтар және кернеулердің орташа мәні өлшенетін токтар немесе кернеулердің тұрақты құрастырушысын сипаттайды. Айнымалы токтар және кернеулердің орташа мәндерін өлшеу үшін әдетте магнитоэлектрлік аспаптар пайдаланылады.

Айнымалы токтар және кернеулердің лездік мәндері тіркейтін аспаптар және электрондық осциллографтармен өлшенеді. Ескеру керек, лездік мәндері бойынша токтар және кернеулердің басқа да мәндерін анықтауға болады (орташа, орташатүзетілген, әрекеттік, амплитудалық).

Үшфазалы тізбектерде токтар және кернеулерді өлшеу ерекшелерін атап өтейік. Егер әрбір өлшенетін шама өз аспабымен өлшенетін болса, жалпы жағдайда симметриялы емес үшфазалы тізбектерде қажетті токтар және кернеулерді өлшеу құралдардың саны өлшенетін шамалар санына сәйкес болады. Симметриялы үшфазалы тізбектерде өлшеу кезінде тек қана бір линияда (фазада) ток немесе кернеуді өлшеу жасаған жеткілікті, себебі бұл жағдайда барлық линиялық (фазалық) токтар мен кернеулер бір-біріне тең. Линиялық және фазалық токтар мен кернеулер арасындағы байланыс жүктемені қосу сұлбасына тәуелді.

Симметриялы үшфазалы тізбектерде бұл байланыс белгілі арақатысымен анықталады: және жүктеме жұлдызша сұлбасы бойынша қосылғанда және және жүктеме үшбұрыш сұлбасы бойынша қосылғанда.

Өлшеу трансформаторлар көмегімен симметриялы емес үшфазалы тізбектерде токтар мен кернеулерді өлшеген кезде қолданылатын өлшеу транформаторлар санын азайтуға болады. Мысалы ретінде 8.1, а суретінде үш линиялық токтарды өлшеу үшін екі өлшеу трансформаторлар қолдану сұлбасы келтірілген, ал 8.1, б суретінде сондай ақ линиялық кернеулерді өлшеу сұлбасы келтірілген.

8.1 сурет – Үшфазалы тізбекте токтарды (а) және кернеулерді (б) өлшеу сұлбалары

Бұл сұлбалар үшфазалы тізбектер үшін белгілі арақатынастарға негізделген: және . Токтарды өлшеу сұлбасында және токтар А1 және А2 амперметрлермен өлшенгенде токты өлшеу трансформаторлардың К және К трансформация коэффициенттері есепке алынады, яғни и . Амперметр А3 қосылғаны сондай, одан токтар қосындысы ағады, яғни . Егер К = К болса, онда . Мұнда «минус» таңбасы токтың фазасы өзгергенін көрсетеді, ал амперметрлер көрсетімдері өлшенетін токтың фазасына тәуелді емес екені белгілі, сондықтан А3 амперметрдің көрсетімі бойынша тоғын анықтауға болады.

Линиялық кернеулерді өлшеу сұлбасы ұқсас жұмыс істейді.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [4,6,8,9,12,13] әдебиеттен алуға болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 265; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты