Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Эргономикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар




АЖ эргономикалық қамтамасыздандыру – адам әрекетінің жоғары тиімділігі үшін тиімді шарттарды құру мақсатымен өндірудің әртүрлі деңгейінде қолданылатын әдістер мен құралдар жиынтығы.

Басқарма АЖ тиімді функциялау үшін міндетті түрде келесілерді өндіру керек:

- басқарманың эргономикалық талаптарын қамтитын, осы талаптарды орындаудағы әдістерден тұратын құжаттар пакеті;

- кадрларды таңдау жүйесі мен жұмысшылардыоқыту деңгейін қамтамасыз ететін техникалық және оқу-әдістемелік құжаттардан құралған әдістер кешені;

- ақпарат жүйесінде адам әрекетінің жоғары тиімділігін қаматмасыз ететін әдістер мен әдістемелер кешені.

 

Дәріс №2. Тақырыбы: Экономикалық ақпарат жүйесі.

Дәріс жоспары:

1. ЭАЖ сыныптамасы.

2. Экономикалық ақпарат жүйесі құрылымы

3. Қазіргі кездегі АЖ жобаларының ерекшеліктері.

4. АЖ тиімділігін анықтау көрсеткіштері.

Экономикалық ақпарат жүйесі (ЭАЖ) ұғымы және сыныптамасы.

ЭАЖ-ді жобалаудың әдістемелік негізін жүйелік қарастыру құрайды, сондықтан осы қарастыруға сәйкес кез-келген жүйе, сонымен қатар ақпарат жүйесі ортақ мақсатқа жетуде бірегей әрекеттесетін өзара байланысқан объектілерден (элементтерден) тұрады.

Жүйелерге олардың объектілерінің күйінің өзгеруі тән, жүйе күйінің өзгеруі белгілі мерзімде түрлі үрдістерде және сыртқы ортада өзара әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Жүйенің мұндай іс-қимылдары негізінде келесі қағидаларды ұстанған жөн:

§ эмердженттілік, яғни жүйенің жалпы құрылымы негізіндегі бүтіндігі, мұнда жеке объектілердің іс-қимылдары бүкіл жүйенің әрекеттесуі позициясынан қарастырылады;

§ гомеостазис, яғни жүйенің тұрақты әрекет етуін және ортақ мақсатқа жетуін қамтамасыз ету;

§ сыртқы орта өзгерістеріне бейімділігіжәне жүйе элементтеріне әсер ету арқылы басқарылу мүмкіндігі;

Экономикалық жүйе құрылымы (өндірістік кәсіпорынның, сауда ұйымдарының, коммерциялық банктердің, мемлекеттік ұйымдардың) кибернетика тұрғысынан суретте көрсетілген, мұнда негізгі сыртқы орта, объект және басқару жүйесі арасындағы ақпараттық ағындар АА1, АА2, АА3, АА4 белгілерімен бейнеленеді және оларды қолдайтын экономикалық ақпарат жүйесімен байланысқан.

Кибернетика тұрғысынан жүйені басқару үрдісін, яғни жүйенің әр элементіне қойылған мақсатқа жету үшін белгілі бағытта әсер етуін сыртқы ортаны, объектті және басқару жүйесін байланыстыратын ақпараттық үрдіс түрінде көрсетуге болады.

Сыртқы орта


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 339; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты