Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ЯДРО ПАТОЛОГИЯСЫ




Ядросыз жасушаның тез арада жойылып кететіні мөлім. Ядро-да гендік белгілерді анықтайтын дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) жөне қүрылымдық белоктар мен ферменттердің синтезін реттейтін рибонуклеопротеидтер (РНП) бар.

Әдетте бір жасушада бір ядро болады. Ядроның сырт пішіш ламиндер (А, В, С) белоктар әсерінде түрақты болады. Ядроның сыртыңда ядролық қабық бар, ол екі қабаттан түрады. Сыртқы қабаты эндоплазмалық ретикулум мамбраналарымен байланьісқ-ан. Сыртқы және ішкі қабатгардьщ бір-бірімен қосылған жерлерінде өте майда (көдденеңі 9 нм) тесікшелер болады. Ядро қызметі күшей-генде олардың саны көбейеді. Осы тесікшелерден цитоплазмаға қарап РНҚ, қарсы бағытта белоктар өтеді. Ядро матриксінде хро­матин бар, оның тьпыз түрін гетерохроматин деп атайды. Ол транс-крипцияланбайтын, бейактив хроматин. Эухроматин деп хроматиннің белсенді, деспирализацияланған транскрипциялана-тын, яғни ДНҚ синтезіне қатынасатын түрін атайды. Демек, яд-родағы хроматиннің көрінісі оның белсенділігін көрсетуші мор-фологиялық белгіге жатады. Пайда болтан РНҚ бөлшектері ядро-дан нуклеопротеидтер кешені түріңце немесе мРНҚ түзіп цитоп-лазмаға шығады.


32

Ж.Ахметов. Патолопіялық анатомия

Ядролар санының көбеюі, оның көлемінің үлғаюы жасушада белок синтезінің күшейгендігінің белгісі. Ісіктер үшін ядролардың ерекше өзгеруі — атипиялар тән. Қалыпты жасушаларда хромосо-малар саны 46 болса, ісік жасушаларыңца олар 200-300 жөне одан да көп болады.

Ядродағы өзгерістерге ең алдымен митозға байланысты пато­логия кіреді. Митоздың бірнеше сатылардан түратыны мөлім: 1) профаза, 2) метафаза, 3) анафаза, 4) телофаза, 5) интерфаза.

Онан басқа жасуша ядросы амитоз (тікелей бөліну) жолымен де көбейеді. Митоздың және де эндомытоз деген түрі бар. Бүл кез-де хромосомалар саны, ядро қабықшалары бүзылмай-ақ, бірнеше есе артады.

Ядро ішінде бір немесе бірнеше ядрошықтар болады. Белокгы көп түзуші жасушалардьщ ядрошықтары ірі жене саны көп болады.

Ядролар патологиясының бір түріне ядролық қоспалар (вклю­чения) кіреді. Оларға: ядродағы цитоплазмалық, нағыз және виру-старға байланысты қоспалар жатады (А.И.Струков, В.В.Серов).

Ядродағы цитоплазмалық қоспалар деп цитоплазманың бір бөлігінің ядро ішіне кіріп қалуын атайды, өдетте бүл қүбылыс митоздық бүзылыстармен байланысты.

Нағыз ядролық қоспаларға цитоплазмадан ядроға откен май, белок және т.б. қоспаларды атайды. Бүл заттар ядро тесіктері арқ-ылы немесе ядро қабығы бүзылғанда өтеді.

Вирустарға байланысты қоспалар вирустардың ядро ішінде көбейіп колония түзуіне немесе вирустар әсерінде ядро белокта-рының өзгеруі нәтижесінде, кейде цитоплазмада өніп жатқан ви-рустарға реакция есебінде пайда болады.

Әдетте біз ядроны интерфаза кезеңінде көреміз, осы кезеңнен кейін митоз басталады. И.А.Алов (1972) бойынша митоз патологи-ясының негізгі түрлеріне мыналар кіреді:

1) Хромосомалардың зақымдануы: жасушалардың профазада
кідіріп қалуы; хромосомалардың спирализация және деспирализа-
ция үрдісінің бүзылуы; хромосомалардың бөлшектеніп кетуі; ана­
фаза кезеңінде хромосомалар арасындағы көпірлердің пайда бо-
луы; хроматидтердің уақытынан бүрын ажырап кетуі, кинетохор-
дың зақымдануы;

2) Митоздық аппараттың зақымдануына: митоздың метафаза-да кідіріп қалуы; хромосомалардың метафазада бытырап кетуі; үш топты метафаза; қуысты метафаза; көпполюсті митоздар; асим-метриялық митоздар; бір орталықіы митоздар; К-митоздар кіреді.

3) Цитотомияның бузылуы: мерзімінен бүрьш болатын цито-томия; цитотомияның болмауы (1,2 сурет).


 

2 бөлім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы

Әрбір ағза үшін жасушаның бөлініп көбеюі белгілі бір мөлшерде болады. Мысалы, фибробластар 50 рет бөлінуі мүмкін. Тек ракал-ды үрдістерінде жөне рак кезінде бүл көрсеткіш өте көп өзгерістерге үшырайды. Ракалды үрдістерінде митоздық көрсеткіш күшейіп, жасушалар арасында патологиялық митоздар саны бөліне баста-ған жасушалардьщ 20-30 пайызын қамтиды (ИАКазанцева, 1974).

ХРОМОСОМАЛАР ПАТОЛОГИЯСЫ

Хромосомалардың зақымдануы жасушада ДНП, РНП және белоктардың синтезі бүзылғанда, радиациялық сөуленің және өр түрлі мутагендер өсерінде кездеседі.

1-сурет. Митоз патологиясы(А.И. Алов бойынша).

7-4 - хромосомалардың шашырап кетуі; 2-бірорталықты митоз; 3 -

көпполюсті митоз; 5 - қуысты метафаза; 6 - үштопты метафаза

Митоздық аппарат зақымданғанда хромосомалардың ретті әрекеттері бүзылып, хромосомалар цитоплазмаға бытырап кетеді немесе бір-біріне тең болмаған топтарға бөлінеді (асимметриялық митоз). Осы топқа цетриольдардың бөлінуінің бүзылуы да кіреді. Көпполюсті митоздар жасушаның бөліну кезеңінде бірнеше полюстердің пайда болуымен сипатталады (өдетте 2 полюс болуы керек). Егер центриольдардьщ бөлінуі бүзылса митоз уақытъщда тек бір полюс қана түзіледі (бірорталы митоз).

3-437



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


2 бөлім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы



 


 
 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 1277; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты