Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ГИАЛИНОЗ




Гиалиноз (грекше hyalos — молдір, шыны тәріздес) тіндерде біртекті, күңгірт, гиалин шеміршегіне үқсас, қатты заттардың пайда болуымен сипатталады. Гиалиноз дөнекер тінде, ағзалар строма-сында жөне қан тамырлары қабырғаларында көрінеді. Гиалиноз қан тамырларының өткізгіппігі өте артып кеткенде, олардың қабы-рғасындағы талшықтық қүрылымдар, өзгергенде, фибриноидтық ісінуден соң склероз және некроз нәтижесінде пайда болады. Қан


тамыры қабырғасындағы эластикалық, аргирофилді талшықтар-дың ыдырау өнімдері сол жердегі шөгіп қалған плазма белоктары-мен біріііп, жаңа фибриллярлық белок — гиалин — түзеді. Гиалиннің химияльщ қүрамына байланысты 1) жай гиалин, 2) липогиалин, 3) күрделі гиалин түрлерін ажыратады.

Жай гиалин негізінен қан плазмасынан қүралган, оның пайда болуы, қан тамырлары кемерінің өткізгіштігінің молаюымен бай­ланысты (12-сурет).

Липогиалин қантгы диабет ауруында кездеседі, оның қүрамы негізінен липопротеидтерден түрады. Организм қантты диабетке байланысты бүзылған зат алмасу үрдісін осылайша реттеуге, ягни қандағы артық липопротеидтерді қан тамырлары арқылы шыға-руғы өрекет жасайды.

Күрделі гиалиннің туындауы қан тамырларына иммундық кешендердің шөгіп қалуына байланысты. Гиалинозға қан тамыр-ларындағы фибриноидтьщ өзгерістер және иммундық қабынулар себеп болады. Бүл гиалиннің қүрамында фибрин жөне деструк-цияға үшыраған қан тамырларының элементтері көрінеді.


12-сурет. Қан тамырларының гиалинозы

Дөнекер тін гиалинозы фибриноидтық ісіну, плазморрагия, фибринодтық некроз, склероз нәтижесі. Фибриноидіық өзгерістерге байланысты өзгерген дәнекер тін талпплқтары бір-біріне қосылып біртекті қатты зат — гиалинге айналады. Фибриноидтық некроз


62


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

13-сурет. Лейомиома стромасының гиалинозы

 

;%f^%

14-сурет. Әйнекейлі көкбауыр


2 болім. Жасушалармен тіндердің зақымдануы______________________________ 63

иммундық кешендер әсеріңде дамиды. Сол үшін дәнекер тін гиа­линозы ревматизмдік ауруларда, иммундық-кешенді сырқаттарда жиі кездеседі.

Гиалиноздың жергілікті және жалпы түрлері бар,

Жергілікті гиалиноз келлоидты тыртықтарда, сірлі қуыстардың фиброзында, тромбтарда, ісіктердің стромасында (13-сурет) кездеседі.

Жалпы гиалиноз гипертония ауруында, ревматизмдік ауруларда көптеген ағзалардьщ қан тамырларьшда және стромасында көрінеді. Гиалиноз талақ қабына жергілікті жиналып қалганда, ол қалың-дап, қатайып, жылтыр сүр түсті "әйнекейлі көкбауыр" деген ерек-ше корініске ие болады (14-сурет).

Гипертония ауруы кезіндегі бүйрек ыіумақтарының гиалино­зы бүйректің біріншілік бүрісіп қалуының және оның жетіспеушілігінің бірден-бір себебі.

Гиалиноз көбінесе қайтымсыз өзгерістерге жатады. Тек тыр-тықтанган жерлерде, келлоид ошақтарында гана, ол ішінара жой-ылуы мүмкін.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 398; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты