Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АМИЛОИДОЗДАР




Амилоидоз деп зат алмасуының өте ауыр түрде бүзылуы нәтижесінде ағзалардың аралық тінінде қүрамы өте күрделі, қалып-ты жағдайда кездеспейтін, аномалды белоктық заттың түзілуін айтады. Микроскоппен қараганда аралық тінде біртекті, гиалинге үқсас зат көрінеді. Бірақ амилоид гиалиннен өзінің көптеген мор-фологиялық, гистохимиялық және иммунологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Амилоид пен гиалинді бір-бірінен ажырату үшін арнайыщстохимиялық реакциялар пайдаланады:

1) Йодтың Люголь ерітіндісімен амилоид қоңыр-қызыл түске, басқа тіндер және гиалин сары түске боялады;

2) Генциан- немесе метилвиолетпен бояғанда амилоид солгын қызыл түсте, басқа тіндер көкшіл түсте көрінеді;

3) Йодгрюн бояуымен амилоид қызыл түске, ал қалған тіндер жасыл түске боялады;

4) Конгорот бояуы басқа тіндерді қызғылт түске, ал амилоид-ты қоңыр-қызыл түске бояйды.

Химиялық қүрамы бойынша амилоид күрделі зат — гликоп-ротеид қатарына жатып талшықты белоктардан (Ғ-компонент), плазмалық компоненттен (Р-компонент) және полисахаридтерден түрады.


 
 

Ж.Ахметов. Патолопшлық анатомия 15-сурет. Амилоид КҮрамындағы талшықты қүрылымдар

1б-сурет. Амилоид қүрамындағы таяқша төрізді қүрылымдар

(Пст. 300 000)(Гленнер және т.б. бойынша)


2 белім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы

Талшықты белоктар (фибрилдер) амилоидтың негізін қүраушы затгар болып есептеледі (15-сурет). Электрондық микроскоппен қара-ғанда амилоид белогы — "таза" талшықтардан және таяқшаға үқсас қүрылымдардан (Р-компонент) түзілген. Амилоид фибрилдерінің диаметрі 7,5 нм, үзындығы 800 нм-ға дейін. Әр 4 нм-нан кейін көлденең жолақтары болады. Осыған байланысты олар "қайтала-ма таяқшалар" деп аталады. Таяқшалардың диаметрі 10 нм, үзын-дығы 250 нм-ге дейін (16-сурет). Поляризациялаушы микроскопта осы белоктар анизотропия және дихроизм қасиеттеріне ие.

Қазіргі таңда амилоид талшықтарыньщ қүрамы әр түрлі екендігі анықталып отыр. Осыған қарап талшықты белоктардың: АА, AL, AF, ASCI түрлері ажыратылады. Амилоидоздың бүл түрлерін жеке даралауда, олардың әрқайсысына сай келетін амилоидоз алды үрдістердің барлығы есепке алынады. Амилоид белоктары пайда болмастан бүрын қанда, не жергілікті тінде олардың негізін қүра-ушы заттар түзіледі. Мысалы, АА — белокгың ізашары қызметін б-глобулин атқарады, оны сарысулық амилоид аналогы (SAA) деп атайды. AL — белок сарысуда жиналған иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінен түрады. AF — белоктың ізашары преальбумин.

Амилоидтың плазмалы (сарысулы) компонешіне қан белоктары және гликопротеидтер кіреді. Гликопротеидтер болса негізінен ге­парин және гепаринсульфаттардан түрады. Осы плазмалық гли­копротеидтер және тіндік гликозаминогликандар амилоид бело-ктарымен өте тыгыз байланысты болып, оның гистохимиялық өзгешеліктерін анықтайды. Кейде амилоид еыіқандай боііумен бо-ялмайды, мүны түссіз амилоид (ахроамилоид) дейді.

Амилоидоздың морфогенезі өте күрделі болып ол бірнеше саты-ны қамтиды:

1) амилоидқа алып келуші белоктардың түзілуі;

2) олардан амилоид белоктарының пайда болуы;

3) макрофаг-амилоидобласт жасушаларында осы амилоид бе-локтарынан амилоид талшықтарының түзілуі;

4) амилоид талшықтарьшың бір-біріне жабысып амилоидтың негізгі қаңқасын қүруы;

5) амилоид фибрилдерінің қан плазмасыньщ белоктары мен гликопротеидтері және тіндегі глюкозамингликандармен қосылып амилоид қүрауы.

Амилоид жасушадан тыс, ретикуляр немесе коллаген талшық-тарын бойлап, шөгіп қалады.

Амилоидоз морфогенезінің қаншалықты күрделі екендігінің мысалы ретінде АА-амилоидоздың пайда болу схемасын қарасты-руға болады (В.В.Серов бойынша).


5-437


 
 



2 белім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы

&^0$

17-сурет. Майлы көкбауыр

 

66_____________________________________ Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия

АА-амилоидоз патогенезі (В.В. Серов бойынша)

қандаАА мөлшерінің көбеюі
Интерлейкин-1 (медиатор)
Макрофаг

макрофагга АА

ыдырауының

күшеюі

_____ I_____ Макрофаг-амилодцобласт АА-қалдықтарынан амилоид Італшықтарының түзілуі
SAA (SAA-амилоидтың сарысулық аналогы) синтезінің кушеюі

Тіңдерде

(талақ)

амилоид алды

кезеңінде -

АСФ (амилоид |

түзілуін

күшейтуші

Бауырда АА-ның көптеп түзілуі

фактор) синтез |

делуі

Ж

Сарысудың

ыдыратушы

күші

Осы схема бойынша амилоид түзілуі мьша жолдармен өтеді:

1) мононуклеар (макрофаг) жүйесінің белсенділігінің артуына байланысты интерлейкин-1 SAA синтезін күшейтеді. Олардың мөлшері қанда молаяды;

2) макрофагтарда SAA белогының ыдырауы күшейгенмен ол толық болмастан, АА белогы пайда болады;

3) макрофаг-амилоидобласт жасушаларында, амилоид түзілуін күшейтуші фактор (АСФ) және сарысудың ьщыратушы күшінің жәрдемімен АА қалдықтарынан (АА-белоктан) амилоид талшық-тары түзіледі.

Жалпы амилоидозда амилоидобласт рөлін макрофагтар, ре-тикулярлық жасушалар, фибробластар, эндотелиоциттер атқарса, жергілікті амилоидозда өртүрлі ағзаларда амилоидобласт рөлін сол ағза жасушалары атқарады. Мысалы, көкбауырда ретикулярлық жасушалар, бауырда — ретикулоэндотелиоциттер, жүректе — кар-диомиоциттер, мида — нейрондар, бүйректе — мезангий жасуша­лары, теріде — кератиноцитгер және т.б. Амилоидобласт жасуша­лары мутация жолымен пайда болады.

Амилоидоздың жалпы және жергілікті түрлері бар. Жалпы ами­лоидозда амилоид көбінесе көкбауырда, бауырда, бүйректерде, бүйрекүсті бездерінде, ішекте шөгіп қалады.


18-сурет. Саго дані тәрізді кекбауыр

Көкбауырда амилоид ретикуляр талшықтар бойлап жайылма-лы түрде немесе тек лимфа фолликулаларында түйш түріңде жи-налады. Амилоид жайылмады түрде түнғанда көкбауырдың көлемі 2-3 есе үлғаяды, тығыздалып, қатаяды, кесіп қарағанда ол қоңыр-қызыл түсті, май жағып қойғандай жылтырақ болады. Бүған маилы көкбауыр" деген ат берілген (17-сурет). Егер амилоид тек лимфа фолликулаларына жиналып қалса, көкбауыр оншалықты үлкеи-мейді, кесіп қарағанда қоңыр-қызыл түске кіреді, солардың ара-сында ақшыл-сүр түсті, үлкейген лимфа фолликулалары көршеді. Бүны "саго дәні тәрізді көкбауыр" дейді (18-сурет).

Амилоидозбен зақымданған бауыр үлкейеді, салмағы 3 кг-ға


--------------------- _________________ Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

дейін жетеді, ақшыл-сары және қаггы болады. Кесіп көргенде
біртепс, май жағып қойғаңцай жылтырап түрады. Амилоид масса-
лары ретикулдік талшықтарды бойлап, синусоидтар аралығыңда
қан тамырларының қабырғасына жайласып бірте-бірте бауыр жа-
сушаларын атрофияға соқтырады. Осыған байланысты бауыр
қызметі бүзылады. у у

Буйректе амилоид бүйрек шумағындағы капиллярлардың эндотелишщ астыңда, мезангиумда, ірі қан тамырларының қабы-рғасында, түтікшелердің негізгі мембранасында шөгіп қалады (19-сурет). Бүирекгщ қыртысты қабаты қалыңдаған, ақшыл-сары не-месе бозғылт түсті болады. Бүл өзгерістерді "үлкен майлы бүйрек" деп атавды Амилоидоз нәтижесінде бүйрек шумақтары бірте-бірте амилоидоз басьш бүрісіп, фильтрация үрдісі тоқтайды. Бірақ бул өзгерістер барлық нефронды қамтымағандықтан, сақталып калг­ан нефрондарда гипертрофия қүбылысы байқалады. Ақыр соңы бүиректщ екіншілік бүрісуімен, оның жедел жетіспеушілігімен аяқталады. Амилоид алғашында строма және қан тамырының

^.Т^ШШҢ аСТЫНа ШӨГеді' әрі қаРай ҮР»С паренхималық элементтерді зақьімдаңды.


-сурет. Бүйрек амилоидозы. Конго-рот бояуы

Буйрекүсті безінің амилоидозында ауырған адам аддисон сыр-қатына шалдығады. Ауру науқастың өте әлсіздігімен (адинамия)


2 бөлім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы

қан қысымының төмендігімен (гипотония) және терінің қоңыр түсті болуымен (пигментация) сипатталады.

Ішек амилоидозында аурудың жиі-жиі іші кетеді, соның салда-рынан науқас азады.

Журек амилоидозында амилоид қан тамырларында, стромада жиналуы нәтижесінде жүрек үлгайып, оның қызметі күрт төмендейді. Бірте-бірте миокард талшықтары атрофияланады не-месе өледі, сондықтан клиникада жүрек жетіспеушілігінің белгілері дамиды.

Жергілікті амилоидозда амилоид бір агзада, мысалы теріде, тілде, ішекте, кәрілік амилоидозында, жүректе жиналып қалады.

Амилоидоздың турлері

1. Амилоидозды түрлерге жіктегенде ең бірінші орынга олар-ды түзуші белоктардың амилоид талшықтарының, био(гисто)хи-миялық қасиеттерін қояды. Осы белгілері есепке алып:

АА — амилоидоз, AL — амилоидоз, FAP — амилоидозы, ASCI амилоидоз түрлеріңажыратады. Амилоидоздың бүл түрлерінің бәрі жалпы амилоидозга жатады. АА — амилоидоз көптеген созылмалы ауруларда және кейбір тума сырқаттарда кездеседі. AL — амилоидоз өз-озінен туындайтын (біріншілік) амилоидоз және әртүрлі ісіктерге байланысты пайда болатын амилоидоз үшін тән. ҒАР амилоидоз жеке отбасы мүшелерінде үшырайтын амилоидоз. ASCI амилои­доз кәрілік амилоидозына, оның ішінде жүрек-қан тамырлар жүйесінің амилоидозына жатады.

Амилоидоздың даму себептеріне қарап:

- біріншілік (идиопатиялық),

- түрмыста артгырылган (екіншілік),

- түқым қауалау жолымен (генетикалық) дамитын,

- кәрілік түрлерін ажыратады.

Біріншілік амилоидоз. Жүрек-қан тамыр жүйесін, бүлшықет-терді, нервтерді зақымдауына байланысты "мезодермалық амило­идоз" деп аталады. Аурудың себебі белгісіз.

Екіншілік амилоидоз түрмыста кең тараган. Амилоидоздың ту-ындауы туберкулез, созылмалы остеомиелит, бронхоэктазия ауруы сияқты тіндердің созылмалы іріңдеуімен, соның нәтижесінде ыды-рау өнімдерінің пайда болуымен және иммундық бүзылыстары-мен сипатталатын сырқаттар үшін тән. Бірақ, осындай өзгерістер ревматизмдік ауруларда да, жаралы колитте де, аутоиммундық ауру­ларда да кездеседі.

Тщым қуалау жолымен туындайтын амилоидоз жеке бір отба-сына тән, өте сирек кездеседі. Кобінесе Жерорта теңізі аймағын-


 
 

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

дағы елдерде нефропатиялық, нейропатиялық, кардиопатиялық амиловдоз түрінде дамиды.

Кәрілік амилоидоз ASCI — амилоидозға жатады. Оның пайда болуы қанда сарысу преальбуминінің көбейюмен байланысты. Өзгерістер ми, жүрек, қан тамырларыңда болады, кейде ауру пси-хикасы өзгереді.

3. Амилоидозды тінде жайғасуына қарап: периретикулярлық және периколлагендік түрлерге бөледі.

Амиловдоздың патогенезі

Қазіргі танда амилоидозды мутацияға үшыраған жасушалар қызметінің нәтижесі деп қарайды (В.В.Серов, И.А.Шамов). Ами-лоидозбен асқынушы көптеген аурулар жасуша мутациясына со-қтырады, ал мутация нәтижесінде амилоидоз түзуші жасушалар клоны пайда болады. Осы теория бойынша, амилоид талшықтары организмде кедергісіз көбейе береді және бүл өзгерістер үдемелі түрде дамиды.

Амилоидозбен зақымданған ағзалардың паренхимасы атро-фияға үшырап, олардың қызметі бірте-бірте бүзылады. Сондық-тан амилоидоздың нәтижесі өрдайым қатерлі. Өлім негізінен бау-ырдың, бүйректің немесе жүрек жүмысының жеткіліксіздігінен болады.

МЕЗЕНХИМАЛЫҚ ЛИПОИДОЗДАР

Мезенхималық липоидоздарда бейтарап майлар алмасуы бузы-лады, осыған байланысты май "май қоймаларында", ағзалар стро-масында жиналады.

Осы "қоймаларға" теріасты шелі, шажырқай, шарбы майы кіреді.

Организмді жалпы май басуын семіру деп, майдың бір жерге жиналып қалуын — липоматоз деп атайды.

Семіру алғашқы кезеңінде май мөлшері әдеттегіден 20-29% көбейеді. Семірудің екінші кезеңінде май 30-49%, үшінші кезеңінде 50-99%, төртінші кезеңінде 100% жөне одан да аса көбейеді. Семірудің морфологиялық түрлерін ажыратқанда май жасушала-рыньщ саны және көлемі есепке алынады. Гипертрофиялық семіруде адипозоциттер әдеттегіден 2 есе ірі болады, гиперплазиялық семіруде адипозоциттердің саны көбейеді, ал майдың өрбір жасушадағы мөлшері өзгермейді, осы екі қүбылыс қатар жүрсе оны аралас семіру дейді.


2 бөлім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы

Майдың қай жерде жиналып қалғанына байланысты: тепе-тең (симметриялық) семіру жөне семірудің жогареы, ортаңгы жәнетөменгі түрлерін ажыратады.

Этиологиясы бойынша семіруді біріншілік (себебі белгісіз) жөне екіншілік, белгілі бір себепке байланысты түрлерге бөледі.

Себебі белгісіз семіру тума, түқым қуалаушы белгілерге байла­нысты. Бүл жерде семіру механизмі майдың "май қоймаларынан" қанға өтуінің төмендеуімен түсіндіріледі. Яғни пайда болған май липолиз үрдістерінің жеткіліксіз болуынан жасушаларға жинала береді. Бүл үрдіс адипозоциттер рецепторларының липолиздік гор-мондарға сезімталдығының азаюынан немесе осы жасушалардағы липазалар мөлшерінің төмендеуінен пайда болуы мүмкін.

Семірудің екінші түрі: нейро-эндокриндік семіру — нерв жүйесі және эндокрин бездері қызметінің бүзылуына байланысты.

Гипоталамус аймағының жарақаты, қатерлі ісігі немесе ин-фекциясы тәбетті реттейтін орталықтарды тітіркендіріп, тамақты көп жеуге — гиперфагияға соқтырады. Бүл науқастар өте тез семіреді. Эндокрин бездерінің патологиясыңдағы семіру кейбір туа пайда болған (адипозогениталды Бабинский-Фрелих синдромы) немесе жүре пайда болған ауруларда кездеседі. Иценко-Кушинг синдромында май бетте, дененің жоғарғы бөліктерінде жиналады. Осы синдромда АКТГ, глюкокортикоидтар көп мөлшерде қанға өтіп, организмде глюкозаның және майдың пайда болуы күшейеді. Семіруге кейбір көсіптік факторлар (аспазшы, кондитер), отырып жүмыс істеу, тамақты көп жеу, алкоголді көп пайдалану сияқты зиянды факторлар да әкеліп соқтырады.

Семіруде май тек "қоймаларда" ғана емес, бауырда да, жүрек-те де, үйқы безінде де жиналады. Жүректі май басқанда май жүректің барлық бөлімдерін қамтиды, әсіресе оң қарыншасында көбірек жиналып, жүрек бүлшықеттерін атрофиялайды. Бүл кез-де, жүрек оте әлсіреп сәл ғана әсерден жарылып кетуі мүмкін.

Семіз адамдарда басқаларға қарағанда қантты диабет, атерос­клероз және қатерлі ісік аурулары көбірек кездеседі, олардың әр түрлі инфекцияиіарға, жарақаттарға төзімділігі кемиді.

Холестерин алмасуыньщ бүзылуы атеросклероз тақырыбында талқыланады.

Майдың жергілікті көбейіп кетуі — липоматоздар — кейбір пгығу тегі белгісіз, ауруларда кездеседі. Деркум сырқатында май түйінденіп, сан-аяқ бүлшықеттерінде, қарында, қолда жиналып қалады. Осындай жерлер өте қатты ауырьш, май жиналған жердің терісі көгеріп, қанталайды. Маделунг синдромында май мойындағы



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


2 бөлім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы



 


лимфа бездерінің айналасында жиналады, соған байланысты мой-ын жуандайды ("майлы мойын") аурудың тынысы тарылып, жүіы-нуы қиындайды. Бүл сырқат себебі белгісіз аурулар қатарына жа-тып, оны емдеу жолдары анық емес, сол үшін майды операция жолымен сылып тастау әдісі кең қолданылады.

КҮРДЕЛІ БЕЛОКТАР АЛМАСУЫНЫҚ БҮЗЫЛУЫ (аралас дистрофиялар)

Аралас дистрофия деп зат алмасу үрдісінің жасуша ішінде және жасушааралық тіңде бірдей бүзылуын айтады. Аралас дистрофияға: хромопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер және мине-ралдар алмасуының бүзылуы кіреді.

ХРОМОПРОТЕИДТЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҮЗЫЛУЫ

Хромопротеидтер (грекше chroma — рең, бояу) немесе эндогендік пигменттер адам өмірінде өте маңызды қызметтерді атқарады. Мы-салы, гембглобин пигменті эритроциттердің қүрамында оттегінің тасымалдануьш қамтамасыз етеді; меланин пигменті организмді ультракүлгін сәулелерден қорғайды; өт пигменттері асқорытуға белсенді қатьшасады; ферритин организмдегі темірдің қоры болып есептелінеді.

Эндогендік пигменттер патологиясы осы пигментгердің орга-низмде жиналып қалуымен немесе олардьщ жеткілікті түзілмеуімен байланысты. Хромопротеидтер: гемоглобиногендік, протеиногендік және липидогендік пигменттерге бөлінеді.

ГЕМОГЛОБИНДІК ПИГМЕНТГЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҮЗЫЛУЫ

Гемоглобин эритроциттердің негізгі компоненті болып, орга-низмде оттегі алмасуын реттеуші тыныс пигментіне жатады. Әрбір эритроцитте 280 миллионға жуық гемоглобин молекуласы бар. Гемоглобин екі бөліктен: белокты (глобиннен) және қарапайым топтан (гемнен) түзілген. Пигменттің түсі осы гемге байланысты. Cay организмде гемоглобиннің бірнеше түрі бар. Олардың қан-дағы мөлшері төмендегідей болады: НЬА — 90-92%, НЬАІ — 5%, НЬА2 — 2-3%. Осы қалыпты жагдайда үшырайтын гемоглобин түрлерінен басқа организмде 150-ден артық молекулалық қүрамы өзгерген (аномальдық) гемоглобиндер кездеседі.

Африка мен Жерорта теңізі түргындарыньщ эритроциттері қүра-мьщда аномальдық гемоглобин HbS болуьша байланысты анемия-


мен сырқатганады. Мүндай адамдардың қанында оттегі азай-ғанда (самолетпен үшқанда, наркоз бергенде) эритроциттер өзіне тән пішінін өзгертіп, ораққа үқсап қалады және капиллярларды ты-гындап тастайды. Тромбоз нәтижесінде қан айналымы бүзылады.

Эритроциттер орташа 100-120 күндей өмір сүріп, кейін көкба-уырда, бауырда, сүйек кемігінде ьвдырайды. Осылайша күніне 200 млрд. эритроцит өз тіршілігін жояды. Оның ыдырау өнімдерінен бір топ жаңа пигменттер түзіледі. Қалыпты жагдайда гемоглобин-нен: гемосидерин, ферритин және билирубин пигменттері, ал па-тологияга байланысты: гематоидин, порфирин пигменттері және гематиндер пайда болады.

Гемосидерин

Гемосидерин әдетге жылтыр сары түсті, қүрамында темір бар пигмент. Перле реакциясын (калий феррицианиді мен түз к^шіқы-лы әсерінде темір феррицианидінің пайда болуы) қойғанда ол жа-сушаларда, тіндерде көк түсті майда түйіршектер түрінде көрінеді. Гемосидеринді түзуші жасушаларды сидеробластар дейді. Қальшты жагдайда гемосидерин көкбауырда, бауырда, жілік кемігінде, лим­фа бездерінде табылады. Осы агзаларга темір трансферритин бело-кгары арқылы жеткізіледі. Патология жагдайында гемосидерин өте көп мөлшерде түзіліп организмде жиналып қалады, мүны гемоси-дероз дейді. Гемосидероздың: жергілікті және жалпы түрлері бар.

Жергілікті гемосидероз негізінен қан қүйылу ошақтарында кездеседі. Туа немесе жүре пайда болган жүрек ақауларында өкпе гемосидерозы дамиды. Қан кіші қан айналым шеңберінде іркіліп қалуына және гипоксияга байланысты диапедез жолымен өкпе көпіршіктеріне өтіп, ыдырап, сол жерде гемосидерин пигменті түзіледі. Цитоплазмасында гемосидерин түйіршіктері бар жасуша­ларды сидерофаг деп атайды, олар жүрек ақауларында жиі пайда болатындықтан "жүрек ақаулары жасушасы" деген ат алган. Бүл жасушаларды сырқат адамның қақырыгын микроскоппен тексер-генде көруге болады.

Балаларда себебі белгісіз (идиопатиялық) өкпе гемосидерозы де­ген сырқат кездеседі. Ол кезде өкпеге қан қүйылып көп мөлшерде гемосидерин пигменті пайда болады, нәтижеде өкпе тыгыздальш (фиброз) екіншілік анемия дамиды. Бүл жагдайдың иммунопато-логиялық реакцияларга байланысты екендігі және пиіментгің өкпе-мен қатар басқа агзаларда да пайда болатыны анықталган. Өкпе гемосидерозы мен бүйрек қабынуының бірге үшырауы Гудпаснер синдромы үшін тән.


7 4 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


2 болім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы



 


Жалпы гемосидероздың дамуы эритроциттердің қан тамыры ішінде ыдырауымен байланысты. Мүңцай жағдай топтары сәйкес келмейтін қан қүйылганда, бала мен ана арасыңцағы резус-конф­ликте, гемолиз шақырушы улармен уланғанда (мысалы, жылан шаққанда), қан жүйесінің сырқаттарында (анемия, лейкоз), кейбір індеттерде (безгек, қайталама сүзек, сепсис) кездеседі.

Гемосидерин көптеген ағзаларда жинальш қалады, осыған бай­ланысты бауырдың, жілік майының және лимфа бездерінің қалыпты түсі қоңыр-сары болып өзгереді.

Жалпы гемосидероз кейде гемохроматоз деген түқым қуалай-тын ауруда да кездеседі. Бүл сырқатта гемосидериннен басқа ме­ланин, липофусцин және ферритин пигменттерінің де мөлшері көбейеді. Осы ауруға үш белгі тән: терінің қола түсті қоңырлануы, қола түсті бауыр циррозы және қантты диабет. Бүл аурудың негізінде күндегі тамақ қүрамындағы темірдің организмге шектен тыс сіңіп қалуы жатады. Қалыпты жағдайда денедегі жалпы темір мөлшері 3-6 г> рның 95% эритроциттердің қүрамында болады, ал гемохроматозбен сырқаттанган адамдарда оның мөлшері 50-60 г жетеді және темір негізінен бауырда, үйқы безінде жиналып қала-ды. Жиналған темір ағзалар паренхимасын зақымдап, сол жерде дәнекер тіннің өсіп кетуіне, сөйтіп цирроздың дамуына соқтыра-ды. Айта кететін жәйт, бүл кезде қандағы темір алмасуы әдеттегі қалпында болады.

Билирубин гемнен пайда болатын өт пигменті, оның қүрамын-да темір болмайды. Билирубин таза түрінде қызыл-сары кристал-дардан түратын пигмент, оны Гмелин реакциясымен анықтауға болады: азот қышқылы әсерінде билирубин тотықтанып, әуелі жасыл, кейін кок немесе қара қошқыл түске енеді. Билирубин эритроциттердің ыдырауы нәтижесінде сүйек кемігінде, көкбау-ырда, лимфа бездерінде, бауырда, ретикул және эндотелий жасу-шаларында түзіледі. Қанда билирубин альбуминмен қосылады. Билирубин алмасуын мына схема түрінде көрсетуге болады.

1 -кезең - ретикул-эндотелий жүйесіндегі билирубиннің түзілуі;

2-кезең — қан плазмасынан билирубиннің гепатоциттерде үста-лып қалуы;

3-кезең — гепатоциттерде билирубиннің глюкурон қышқылы-мен қосылуы (конъюгация);

4-кезең — билирубиннің гепатоциттен өт капиллярларына шығарылуы;

5-кезең — билирубиннің бауыр бөлігінен өт жолдарына шыга-рылуы.

1-2-3 кезеңдегі билирубин жанама, ал 4-5 кезенде — тура би-


лирубин деп аталады. Организмде билирубин мөлшері көбейсе, аурудың терісі, көздің шырышты қабықтары сарғайып кетеді. Бүл өзгерістер билирубин алмасуының кез-келген кезеңі бүзылғанда үшырайтын патология. Бірінші кезеңге байланысты сарғаю эри-роциттер ьщырауы өте күшейіп кеткенде (жогарыны қараңыз) бай-қалады. Екінші кезендегі саргаю организмдегі жанама билирубиннің плазмадан гепатоциттерге өтуін бақылаушы фактордың жоқтыгы-мен түсіндіріледі. Мүндай саргаю түқым қуалаушы Жильбер син-дромында көзге көрінеді.

Үшінші кезеңге байланысты саргаю Криглер-Наджар синдро-мында кездеседі. Бүл туа пайда болган немесе түқым қуалау жо-лымен келіп шыгатын аурулар қатарына кіріп, глюкуронилтранс-фераза ферментінің жеткіліксіздігіне байланысты болады, осы жаг-дайда бауыр жасушалары билирубин мен глюкурон қышқылда-рын бір-біріне қосақтай алмайды, соның нәтижесінде қанда жа­нама билирубин мөлшері өте көбейіп кетеді. Нәрестелерде бүл синдром бірінші күннен-ақ ауыр сырқат түрінде өтіп, ми жасу-шаларында қайтымсыз өзгерістерге соқтырады (билирубиндік энце­фалопатия, ядролық саргаю). Егер билирубиннің бауыр жасушала-рынан өт капиллярларына өтуі, ягни бауырдың өтті бөліп шыгару қызметінің бүзылуы төртінші кезеңге байланысты саргаюга алып келеді. Бүл жагдай Дабин-Джонсон синдромында кездесіп, қанда тура билирубиннің көбеюімен сипатталады. Бауырдың сыртқы көрінісі ерекше өзгереді, ол жасыл-сүр, қоңыр-жасыл немесе қош-қыл қара түске кіреді. Бүл өзгерістер науқастың бауырын биопсия немесе лапароскопия әдістерімен тексергенде, аурудың диагнозын анықтауга жөрдем береді. Бесінші кезеңдегі саргаю өт жолдары-ның іштен туа бітіп қалуымен (атрезия), бүтіндей жоқтығымен (агенезия) байланысты. Бауырдагы ауыр өзгерістер өттік цирроз-бен аяқталады. Сонымен қанда анықталатын билирубиннің сипа-тына қарап саргаюдың: 1) жанама билирубин көбеюімен; 2) тура билирубиннің көбеюімен сипатталатын және 3) аралас саргаю түрлерін ажыратады.

Сарғаюдың себептеріне қарап: 1) бауырүсті (гемолизге байла­нысты), 2) бауырга байланысты (паренхималық), 3) бауырасты (механикалық) сарғаю түрлерін атап көрсетуге болады. Гемолизге байланысты саргаю, өзінің атынан көрініп түргандай, эритроцит-тер гемолизі молайган кезде, басқа пигменттермен қатар билиру-биннің де көп түзілуімен түсіндіріледі. Паренхималық саргаю бау-ырдың өз ауруларымен (гепатит, гепатоз және цирроз) байланыс­ты. Бүл кезде билирубин алмасуының 2-3-4-ші кезеңцері бүзыла-


_______________ ._______________________ ЖАхметов. Патологиялық анатомия

ды. Механикалық саргаю бауырдың өз ауруларымен (гепатит, гепа-тоз) немесе өт жолдары іш жағынан тығындалып қалғаңда (ет тастарымен, ісікпен) пайда болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 477; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты