Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



КРУПОЗДЫ ПНЕВМОНИЯ

Читайте также:
  1. Бронхопневмония
  2. Бронхопневмония.
  3. КРУПОЗНАЯ ПНЕВМОНИЯ
  4. Крупозная пневмония.
  5. Острая и хроническая пневмония
  6. Пневмония
  7. Сурет. Сарысулы пневмония

Крупозды пневмония- пневмококтар қоздыратьш әкпенің бір немесе бірнеше бөліктерінің және плевраның жедел фибринді қаіы-нуымен сипатталатын патология. Крупозды пневмониянь^ лобарлы пневмония немесе плевропневмония деп атайтыны да сондықтан.

Этиологиясы. Крупозды пневмонияны негізінен пневмокок-тардың 1, 2, 3 және 7 типтері қоздырады, ал өте сирек жағдайларда Фридлендердің диплобациласы, Афанасьев-Пфейфер бацилласы, стафилококтар да өкпеде жоғарьща айтылған әзгерістерді туғыза-



Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия


11 бөлім. Тыныс any агзаларының аурулары


 


ды. Обада дамитын пневмония да лобарлы түр алатынын айта кету керек, бірақ ол жердегі,қабынуда экссудатта фибрин болмайды.

Патогенезі. Крупозды пневмонияның дамуында организм реактивтігінің маңызы зор. Әдетте бүл пневмония бүдан бүрын сау адамдарда өте тез басталып аз ғана уақыт ішінде өкпенің біраз бөлігіне таралады. Крупозды пневмония жедел инфекциялық-ал-лергиялық ауру түрінде өтеді. Өкпе қан тамырларыньщ морфоло-гиялық өзгерістері, фибринді экссудат организмнің пневмококта-рға сезімталдығьшьщ өте жоғары ек^ндігін көрсетеді. Ал салқын-дау, жарақаттану пневмококтарға сезімталдығы жоғары организм үшін крупозды пневмония дамуындағы шешуші фактор болады.

Патологиялық анатомиясы. Крупозды пневмония Лаэннек дөуірінен бері 4 кезеңнен өтеді деп есептеліп келген. Оларға: 1) қан көп келу; 2) қызыл бауырлану; 3) сүр бауырлану жөне 4) шешілу кезендері кіреді.

Бірінші кезеңде крупозды пневмония кішкентай серозды қабы-ну ошағы түрінде басталады да, кейін қабыну үрдісі суға түскен май тамшысындай тез таралады. Өкпе қан тамырлары қанмен толып, эритроциттер альвеолаға шыға бастайды, өкпе қызарып үлкейеді.



Екінші кезеңде эритроциттердің қан тамырынан шығуы (диапедезі) өте күшейіп, олар альвеолаларды толтыра бастайды. Аз мөлшерде лейкоциттер және фибрин жіпшелері көрінеді. Өкпе үлкейіп бауыр қаттьілығының дәрежесіне жетеді, кесіп қарағанда қып-қызыл болады. Сол үшін бүл кезеңге өкпенің қызыл бауырла-нуы деген ат берілген.

Үшінші кезеңде нейтрофилді лейкоциттердің диапедезі (альве-олаға өтуі) күшейіп, пневмококтар жойыла бастайды. Өкпе капил-лярлары өткізііштігінің жоғарылауына байланысты лейкоциттер мен эритроциттердің арасьшда фибрин жіпшелері пайда болады. Эрит­роциттер гемолизге үшырап, ыдырай бастайды. Альвеола экссуда-тқа толып, оның көлемі қалыпты жағдайға қарағанда 3-4 есе үлкейеді. Өкпенің көлемі ауа жүтқандағыдай (демді ішке тартқан-дағыдай) дөрежеге жетеді. Қаттылығы бауырдай, кесіп қарағанда сүр түсті, кесіндінің беті түшршікті көрінеді. Сондықтан бүл кезенді өкпенің сур бауырлануы деп атайды. Плевра күңгірт жөне оның бетінде фибринді қабық пайда болады.



Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша (В.Д. Цинзерлинг, Леш­ке) крупозды пневмония үшін негізінен сүр бауырлану тән. Тек өте өлсіз, С витаминінің аздығымен, қан сырқаттарымен ауырған кісілерде ғана қан тамырлары өткізгіштігінің өте асьш кетуіне бай­ланысты альвеолаларға көп мөлшерде эритроциттер шығып қызыл бауырлану дамиды. Демек сүр жөне қызыл бауырлануды крупозды


90-сурет. Крупозды пневмония. Өкпенің карнификациясы

пневмонияның кезендері емес, оның оту варианттары деп қарау керек.

Шешілу кезеңі 9-11-шикүндерде тура келеді. Бүл кезенде лейкоциттердің әсерінде фибрин сүйылып ери бастайды. Лейкоциттердің өздері де ыдырап, көпшілігі майлы дистрофия күйінде көрінеді. Экссудат лимфа жолдарыменжәне бронхтар арқы-лы шығарылып өкпе тазара бастайды. Өкпенің қаттылығы және түсі көкбауырға үқсап қалады ("спленизация").

Крупозды пневмония барлық уақытта өкпенің бір немесе бірнеше бөлігін алып жатпайды, кобінесе ол бір окпенің 2-3 сегментін қамтиды, кейде екі окпедегі пневмония ошақтарының даму кезеңцері бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы: бір өкпеде қызыл бауырлану көрінсе, екінші өкпеде сүр бауырлану кезеңі көрінеді. Крупозды пневмонияның бүл түрін миграциялаушы (көшіп журуші) пневмония деп атайды. Былайша айтқанда ауқымды (массивті) пневмония осы сырқаттың тек 1/5 бөлігіне төн қүбъі-лыс.

Асқынулар. Крупозды пневмонияның өкпелік жөне өкпеден тыс асқыну түрлерін ажыратады. Өкпелік асқынулар осы жердегі фиб-ринге бай экссудатгың толық сорыльш (жойыльш) кетпеуіне бай-


 
 

ЖАхметов. Патологиялық анатомия

ланысты. Экссудат қалдықтарында қан тамырлары көп жас дөне-кер тін өсіп (организация), сол жерде ет төрізді тін түзеді. Бүл қүбы-лыс карнификация (латынша "салю - ет") деп аталады (90-сурет).

Қабыну ошағыңца лейкоциттер белсенділігі күшейгенде шека-раланған іріңці ошақтар - абсцестер пайда болады. Абсцестің плев-раға бүзып өтуі плевра қуысының қабынуына (іріңді плеврит), өкпе эмпиемасына немесе пиопневмотораксқа өкелөп соқтырады. Оспе ган-гренасы өте өлсіз науқастарда фузоспирохеталы аутоинфекция есебінде дамып, өкпе тінінің шіріп ыдырауымен сипатталады.

Өкпеден тыс асқыну пневмококтардың лимфа немесе қан ар-қылы таралуына байланысты болады. Оларға: ірінді медиастенит, перикардит, полипозды-жаралы эндокардит, перитонит, ірінді менингит, ми абсцесі, ірінді артрит, сепсис кіреді.

Өлім себептері. Крупозды пневмонияда ауру жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігінен немесе жоғарьща көрсетілген асқыну түрлерінен өледі.

ӨКПЕ АБСЦЕСІ МЕН ГАНГРЕНАСЫ

Өкпе абсцесі мен гангренасын қазіргі кезде «деструктивті пнев­мония» деп те атайды.

Этиологиясы. Деструктивті пневмониттерді негізінен спора түзбейтін шартты - анаэробты микроорганизмдер (бактероидтар, фузобактериялар жөне анаэробты коктар) қоздырады деп есептейді. Себебі пневмонияны қоздырушы негізгі микроорганизмдер (пнев-мококтар, гемофилді таяқша) өз алдына өкпенің деструктивті өзгерістерін тудыра алмайды. Өкпеде деструктивті үрдістердің да-муында бронхтардың тазару (дренаж) қызметінің бүзылуының ма-ңызы зор. Организмнің реактивтігі төмеңдегенде ауыз қуысыңдағы, тыныс жолдарындағы микробтар пневмонияның абсцеске айналу-ына мүмкіндік тудырады.

Патологиялық анатомиясы. Өкпе абсцесі негізінен өкпедегі не-крозға үшыраған пневмония ошақтарының іріндеуі нөтижесінде пайда болады. Өкпені кесіп қарағанда көлемі мен пішіні өртүрлі, іріңге толған ошақтар көрінеді. Егер абсцесс бронхқа өтсе өкпеде бос қуыстар пайда болады. Абсцестің екінші бір туындау көзі -бронхоэктаз қуыстарының ірінді қабынуы, осыған байланысты іріңнің бронх қабырғасын бүзып айналасындағы тіндерге өтуі.

Өкпе гангренасы пневмония немесе абсцесс ошақтарына шірітуші микроорганизмдер түскенде дамып, өкпенің некрозына, оның іріп-шіріп иістеніп кетуіне алып келеді. Тангренаға үшыра-ған тіннің түсі өзгеріп қара сүр, жасыл сүр түске енеді.


11 белім. Тыныс алу агзаларының аурулары___________________________________ Z63

11.2. ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРЫ

Өкпенің созылмалы ауруларын екі топқа бөледі: 1) өкпенің созылмалы обструктивті аурулары; 2) өкпенің рестриктивті ауру­лары.

Қазіргі кезеңце өкпенің обструктивті созылмалы сырқаттары-на: созылмалы бронхит, бронхоэктазиялық ауру, өкпе эмфизема-сы жөне өкпе демікпесі немесе бронхтық астма кіреді. Өкпенің рестриктивті ауруларына өкпенің интерстициалдық аурулары кіреді, олар өкпе паренхимасының жөне өкпенің тіршілік сиымдылығы-ның азаюымен сипатталады. Бүл ауруларға тән жалпы клиника-лык, белгі тыныс жолдарының өткізгіштігінің бүзылуы жөне ты­ныс шығарудың қиындауы.


Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 181; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Эритроциттер; в - | СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2018 год. (0.01 сек.) Главная страница Случайная страница Контакты