Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ПЕРИТОНИТ. Перитонит - іш пердесінің қабынуы




Перитонит - іш пердесінің қабынуы. Перитониттер негізінен қүрсақ қуысында орналасқан ағзалардың патологиясына байла-нысты дамиды. Перитониттің клиникалық белгілеріне қарап же­дел және созылмалы түрлерін, көлемі бойынша шекараланган және таралган түрлерін ажыратады.

Этиологиясы. Перитонит инфекция қоздыратын сырқаттар қатарына жатады. Олардың ішінде ішек таяқшалары, өртүрлі патогенді коктар немесе бактериялар ассоциациясы негізгі қозды-рушылар болып есептеледі. Ол жедел аппендициттің, жедел холециститтің тесіліп кеткен асқазан-ішек жараларының, іш сүзегінің, дизентерияның, қүрсақ қуысы жарақаттарының асқы-нуы есебінде дамиды.

Сонымен қатар, перитонит кейде қүрсақ қуысына өт түскен-де, уремияда, жедел панкреатитте, улы заттар өсерінде, асептик (стерилді) перитонит түрінде басталады. Этиологиясы белгісіз криптогенді перитониттер де кездеседі.

Патогенезі. Перитониттің клиникалық белгілерінің дамуы қүрсақ қуысына түскен бактериялы немесе бактериясыз (эндогенді) улы заттардың қанға сорылуымен тікелең байланысты. Осы


15 болім. Бауыр аурулары

өзгерістер әдетте ішектің парезіне әкеліп улы заттардың одан әрі көбеюіне үлес қосады.

Патологиялық анатомиясы. Іш қуысыңа жиналған экссудат-тың сипатына қарап перитониттің: серозды, фибринді-ірінді, іріңді түрлерін ажыратады (125-сурет). Перитонитте іш пердесінің қабат-тары қызарып, кейде көмескіленіп, онда қан қүйылу ошақтары көрінеді. Фибринді қабынуда фибринді жіпшелер, перделер пайда болып, ішектер бір-біріне жабысып қалса, іріңді перитонитте ішектердің арасында шекараланған іріндіктер пайда болады. Ал қабыну экссудаты өз салмағымен қүрсақ қуысының төменгі бөліктеріне жинала бастайды. Әдетте ішек қабырғасы болбыр, тез жыртылғыш, іші газ бен сүйықтыққа толы болады.

Егер науқас перитонитте үзақ айыга алмаса қабыну ошақтары дәнекер тінмен алмасып осы жерде жабыспалар пайда болады. Кли-никада жабыспалы ішек түйілуі белгілері дамиды. Перитониттің бүл түрін созылмалы жабыспалы перитонит деп атайды. Соңгы патоло­гия кейде ішектің, жыныс агзаларының туберкулезіне байланысты дамиды. Бүл кезде іііі пердесінде үсақ ақшыл түсті туберкулез төмпешіктері көрініп, микроскоппен қараганда туберкулезге тән гранулема табылады; оны туберкулездік перитонит деп атайды.

15 бөлім. БАУЫР АУРУЛАРЫ

Организмде бауыр көптеген қызметтерді атқарады, оны "ор-талық зертхана" деп бекерге айтпаган. Бауыр организмде гликоген жиналатын қойма болып саналады, ол белок жэне май алмасу үрдістеріне тікелей қатынасады. Бауырда өт түзіледі. Бауыр әртүрлі уларды зарарсыздандыру (детоксинация) мүмкіндігіне ие. Бауыр-дагы Купфер жасушалары организмдегі макрофагтық жүйенің бір бөлігі болып, иммундық реакцияларга белсенді қатынасады. Эмб­рион дәуірінде бауыр қан жасаушы ағзалардың бірі болып есептеледі.

Морфологиялық түрғыдан алғанда бауыр өте күрделі қүры-лысқа ие, оның негізгі қүрылымдық бірлігі ацинус деп есептелінеді (Рапопорт 1959-1980). Ацинус екі орталық венаның аралыгында орналасқан. Оның орталыгын ескі, классикалық бөліктің шеті деп жүрген аймақ қүрайды.' Қанмен, демек, оттегімен, ең жақсы қам-тамасыз етілетін жер осы орталық, ал орталық венага жақын ай-мақта оттегі мөлшері өте аз болады. Сондықтан әртүрлі улы заттар әсерінде ең ауыр өзгерістер осы жерде дамиды.

Бауырдың және бір еркешелігі оның өте тез уақытта өз қалпы-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


15 бөлім. Бауыр аурулары



 


на келуі (регенерациясы). Экспериментте, немесе операция жо-лымен бауырдың 2/3 бөлігін алып тастаған жағдайда да ол өз көлемін және қызметін қайта қалпына келтіре алады, сондықтан да бауыр патологиясы клиникада көпке дейін белгісіз өтеді.

Бауыр ауруларын өз мерзімінде анықтау үшін, кейінгі кездер-де биопсиялық тексеру әдісі кеңінен қолданылуда. Бауыр аурула-рының қазіргі кезендегі жіктелуі (классификациясы) осы биопси-ялық материалды талдап тексеру негізінде қүрылған.

Соңымен бауырдың бүкіл сырқаттарьш төменгі топтарға бөлуге болады: 1) гепатоздар; 2) гепатиттер; 3) цирроздар жөне 4) ісікгер.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 299; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты