Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БАУЫР ЦИРРОЗЫ




Цирроз деп бауыр жасушаларының дистрофиясымен, олардың үздіксіз қалпына келуімен, дәнекер тіннің диффузды өсіп кетуімен, осыган байланысты агза пішінінің бүзылуымен (деформациясы-мен) сипатталатын созылмалы патологияны түсінеді. Клиникада бүл ауру бірте-бірте бауыр жетіспеушілігіне алып келеді. Цирроз тек бауырга гана тән патология ёмес, себебі кез-келген организмнің дәнекер тін өсіп кетуі нөтижесінде пішінсізденуін цирроз деп атай­ды. Мысалы: нефроцирроз, пневмоцирроз жэне т.б.

Этиологиясы. Бауыр циррозы негізінен вирустық гепатиттер-ден, эсересе В, С гепатиттен кейін, аутоиммудық гепатитте дами-ды. Циррозга соқтырушы себептердің бірі маскүнемдік, алкоголь әсерінде дамитын цирроздар. Маскүнемдердің 10%-де бауыр цир­розы табылган. Өт жолдарының обструкциясы, холангиргтер мен холестаз өт циррозының дамуына себеп болады. Белоктардың, липотропты факторлардың тапшылыгы афлотоксиндер әсері али-ментарлық циррозбен асқынады.

Организмде темірдің (гемохроматоз) жөне мыстың (гепатоце-ребралды дистрофиясы) шамадан тыс жиналып қалуы да бауыр циррозына соқтырады. Ол негізінен түқым қуалаушы ауруларга тән. Өкпе, жүрек созылмалы сырқаттарына байланысты бауыр-дың венозды гиперемиясында да циррозга тән өзгерістер дамиды (мускатты цирроз). Көп жағдайларда (40-50%) цирроздың этиоло­гиясы белгісіз болып қалады — оны криптогендік цирроз дейді.

Патогенезі. Гепатоциттердің дистрофиялық және некроздық өзгерістері бауыр циррозы дамуының негізгі ішкі қозгаушы күші болып саналады. Гепатоциттердің өлуі осы жердегі регенерация қүбылысын жандаңдырады. Осы өзгерістер нәтижесінде пайда болған регенераторлық түйіндер, бауырдың қан айналымын бүза-ды. Осыган байланысты гепатоциттердің дистрофиясы мен некроз-дық өзгерістері әрі қарай дамиды.

Демек дәнекер тіннің өсуі, гепатоциттердің өлуінен кейін ту-ындайтын үрдіс, цирроз дамуының негізінде бауыр жасушалары-ның патологиясы жатады. Қүрылымдық өзгерістер бауырдың тек паренхимасы мен стромасында гана дамымай, оның қан тамырла-рын да қамтиды, бауыр ішінде және бауыр сыртында протокавал-ды анастомоздар пайда болады.

Осылайша "шықпас шеңбер" жабылып, цирроз өз-өзінен эти-олопшлық факторлардың әсерінсіз-ақ, дами алатын қүбылысқа ай-налады. Бауырдагы созылмалы қабынудың циррозга өтуінде иммун-дық жүйенің де маңызы зор. Себебі гепатоцитгердің кейбір белогы


15 бөлім. Бауыр аурулары



өзгеріл, антигендік қасиетке ие болып қалады, оларға қарсы орга-низмде аутоантиденелер түзіледі. Антиген жөне антидене кешендері гепатоциттерге шөгіп қалып, оның өрі қарай бүзылуына, кейін ре­генерация нәтижесінде цирроздың дамуына соқтырады.

Цирроздың жіктелуі. Цирроз жіктелуі морфологиялық прин-ципке негізделген. Бүл жерде регенераторлық түйіндерінің үлкендігі есепке алынады. Осыған қарап цирроздар: майда түйінді, үлкен түйінді, аралас және толық болмаған септалды деп бөлінеді.

Майда туйінді циррозда регенераторлық түйіндердің көлденеңі 0,3-1 см, ал ірі туйінді циррозда бірнеше сантиметрге жетеді (128, 129-суреттер).

Толық болмаган септалды цирроз сирек кездесетін сырқат бо­лып, ол тек микроскоппен қарағанда ғана анықталады. Цирроз-дьщ бүл түрінде регенерация қүбылысы диффузды болғандықтан, дөнекер тін бауырда жүқа перделер төрізді жайғасады.

Бүлардан басқа, морфогенездік принцип бойынша, цирроздың 4 түрін ажыратады: 1) некроздан кейінгі, 2) портальды, 3) билиарлы және 4) аралас.

Некроздан кейінгі цирроз өзінің атынан көрініп түрғандай, гепатоциттердің ауқымды некрозына байланысты (бауырды за-қымдаушы улармен уланғанда, вирустық гепатиттің ауыр түрлеріңде) дамиды. Бүл кезде бауыр едәуір кішірейген, қатты, беті кедір-бүдыр, кесіп қарағанда көдденеңі бірнеше сантиметр болатын түйіндерден түрады.

Порталды циррозда бауырдың беті түйіршікті немесе майда түйіңді болып, олардың көдденеңі Ісм-ден аспайды, үстап көргенде қатты.

Билиарлы цирроз бауыр тінінің жасыл түске боялуымен ерекшеленіп, бауырдың сырты тегіс немесе майда түйінді болады. Оның біріншілік жөне екіншілік түрлері бар,

Билиарлы цирроздың біріншілік турі бауыр ішіндегі өт жодцары-ның іріңсіз деструктивті қабынуымен (холангит, холангиолит) си-патталады. Оның дамуыңда ЖБТ реакциясы негізгі рөл атқарады. Организмде өт жоддары эпителиіне қарсы бағытталған цитотоксинді эсер етуші лимфоциттер түзіледі. Осы лимфоциттер билиарлы эпителидің жасуша ішіндегі мембраналарымен, бірінші кезекте ми­тохондрий мембраналарымен өсерлеседі. Қанда митохондриге қарсы бағьгггалған антиденелер де түзіледі. Иммундық реакция нөтижесінде өт жоддары эпителиі некрозданып олардың айналасында лимфо-циттерден, плазмалы жасушалардан макрофагтардан, эозинфилді лейкоциттерден түратьш сіңбелер, кейде қүрамында алып жасуша-лар бар гранулемалар көрінеді. Демек бүл қабыну иммуңдық қабы-ну тобына жатып, кейде аутоиммунды түр алады.



Ж.Ахметов. Патолопшлық анатомия


15 бөлім. Бауыр аурулары



 


Морфогенезі бойынша бүл цирроздың төрт кезеңін ажырата-ды: 1) созылмалы іріңсіз, деструктивті холангит; 2) майда өт жол-дарының пролиферациясы және олардың айналасындағы фиброз; 3) бауырдың қабынуы және фиброзы; 4) бауыр циррозы.

Билиарлық цирроздың екіншілік түрі өт жолдарының бауырдан тыс бөлігінің обструкциясы (тығындалып немесе басылып қалуы) нәтижесінде дамиды. Өт жолдарының оның айналасындағы тіндерінің (үлтабардың, үйқы безінің) ісіктері, өт жолдарының та-стары немесе қабынуы, осы жерде түзілген жабыспалар өт өрекетіне кедергі жасап, өт бауырда іркіліп қалады. Осыған байланысты от жолдары кеңіп, оның капиллярлары жарылып «от көлдерің пайда болып, өт айналадағы тінге, қанға өтеді. Холангит, перихолангит, кейде холангиттік абсцестер нәтижесінде порта жолында дәнекер тін пайда болады. Дәнекер тіннің бауырдың ішіне қарай өсуіне байланысты бауыр қайта қүрылып, өтті цирроз дамиды.

Цирроздағы бауырдан тыс ағзалардың өзгерістері. Циррозда ба-уырдагы қүрылымдық өзгерістер нәтижесінде қақпа венасынан келетін қанның бауыр арқылы өтуі қиындап, порталдық гипертен-зия дамиды.

Порталдық гипертензияның үш түрін ажыратады:

1) Бауырішілік түрі (85-90%) бүл цирроздық өзгерістерге бай­
ланысты болады.

2) Бауырастылық түрі (8-10%) қақпа венасы ісікпен, лимфатүйіндерімен, қабыну нәтижесінде басылып қалғанда кездеседі.

3) Бауырүстілік түрі (2-3) бауыр веналарының тромбофле-битінде (Бадди-Киари синдромы, кардиомиопатияда, констриктивті перикардитте) дамиды.

Порталдық гипертензияға байланысты қақпа венасын қуысты веналармен жалғайтын анастомоздар пайда болады, Олар арқылы қан жоғарғы немесе төменгі қуыс веналар жүйесіне өтеді. Порта жүйесін түзуші веналар өте кеңейіп, қабырғалары қалыңдап және склерозданып қалады. Өңештің асқазанға өтетін жеріндегі веналар қабырғасы бірте-бірте жүқарып, қуыстары кеңіп, шырышты қабық-тың астына томпайып (варрикоз) түрады. Осы веналардың жарылып кетуі ауру өлімінің бірден-бір себебі бола алады.

Кіндік айналасындағы веналар да өте кеңейіп, жыланға үқсап ирелендеген қүрылымдар (caput Medusae) түзеді. Порталды гипер-тензияға байланысты қүрсақ қуысында мөлшері 5-6 литрге дейін жететін сүйықтық — асцит - жиналады. Асциттің дамуында қақпа веналары жүйесіндегі гидростатикалық қысымның жоғарылауы-мен бір қатарда, гипопротеинемияның, плазманың онкотикалық


қысымының төмендеуінің және бауырда лимфаның көп түзілуінің маңызы зор. Егер осы жерге инфекция түссе асцит - перитонит дамиды.

Көкбауыр біраз үлкейіп тығыздалып салмағы 1 килограмға дейін жетеді (спленомегалия). Осы жерде венаның қанға толуына байла­нысты дамыған гемосидероз бен фиброз көрінеді.

Буйректе кальций шөгіп қалады. Асқазан-ішек жолында со­зылмалы қабыну (гастрит, энтерит, колит), үйқы безінде дәнекер тін өсіп кетуіне байланысты цирроз немесе созылмалы панкреатит дамиды. Одан басқа белоктар алмасуының бүзылуы кахексияға, қан кету анемияға соқтырады.

Асқыну түрлеріне:

1. Порталдық гипертензияға байланысты веналардан, әсіресе өңеш веналарынан қан кету, аурудың қан қүсуы (гематомезис) немесе ішектен қан кету (мелена) нәтижесінде дамитын жедел по-стгеморрагиялық анемия; 2. Бауыр қызметінің нашарлығына бай­ланысты дамитын бауырдың гепатоцеллюлярлық жетіспеушілігі, кейде бауыр комасы (гепатаргия);

3. Бауырлық энцефалопатия;

4. Асцит-перитонит;

5. Цирроздан кейінгі рак (цирроз-рак)\

6. Қақпа венасының тромбозы;

7) екіншілік бактериялық инфекциялар (сепсис, пневмония) жатады.

Осы көрсетілген асқыну түрлері ауру өлімінің тікелей себебі бола алады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 581; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты