Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ПРОСТАТА КАРЦИНОМАСЫ




Простата карциномасы өкпе рагынан кейін екінші орында түр. Оның ең жиі кездесетін кезі 75 жас, бүл жаста рак 50 жастағыларға қарағаңда 6-7 есе көп.

Этиологиясы мен патогенезі. Простата карциномасы дамуы-ның негізгі себебі организмдегі гормондар тепе-теңдігінің бүзы-луы, ол аталық безі әлі өз функциясын (қызметін) жоғалтпаған кісілерде кездеседі. Сондықтан аталық безді операция жасап алып тастау, эстерогендерді пайдалану, клиникалық емдеу тактикасы-ның бір бөлігі болып саналады. Простата карциномасының пайда болуында гендік бейімділіктің, этникалық ерекшеліктердің (мыса-лы, Америкада әр 100 000 адамға шаққанда осы патология 3-4 қытайлықтарда және 50-60 европалықтарда бірінші рет табыла-ды), майлы тамақпен тамақтанудың және т.б. маңызы бар. Қазіргі танда кейбір гормондардың (андрогендердің) простатадағы эпите­лий тінінің көбеюіне (пролиферациясьгаа) тікелей эсер ететіндігі және рак жасушаларыньщ андрогендерге тәуелді рецепторлары бар екендігі анықталды.

Патологиялық анатомиясы. Простатаның түйінді гиперплазия-сынан айырмашылығы рак бездің шеткі аймақтарынан өседі. Рак түйіндері айналасындағы тіндерге қарағанда қаттылау, ақшыл-сүр, шекарасы анық емес. Микроскопта қарағанда негізінен әртүрлі дәрежеде жетілген аденокарцинома ісігін көреміз. Жогары жетілген аденокарцшоманы түйінді гиперплазиядан ажырату қиьш. Дегенмен де рак өскен жердегі бездер тығыз орналасқан, бездердің көлемі кіші, бір қабатгы текше тәрізді эпителимен қапталған, олардың яд-ролары ақшыл немесе қоңыр, ірілеу, кейбіреуінде 1-2 ядрошықтар анықталады, ядрольщ-цитоплазмалық ара-қатынас, ядролар.пай-дасьша шешілген (143-сурет). Ісік бездерінің және бір ерекшеліктері олардьщ айналасында кішірек бос аймақ пайда болады. Ол ісік жа-сушаларьшьщ фиксацияға өзіне тән физикальщ-химиялық реакци-ялармен жауап беруіне байланысты. Бірақ та, карцинома диагнозы


143-сурет. Қуықасты безінің майдаацинарлы карциномасы

ісік жасушалары айналасына периневралдық, периваскулярлық қуыстар арқылы ағза капсуласына өсіп кіргенде гана (инвазия) сөзсіз деп есептелінеді. Жетілмеген аденокарциномада қатерлі ісік жасуша­лары стромаға жайыла өсіп кетеді, олардың арасында жасушалық атипизм өте дамыған. Кей жерлерде ғана жетілмеген бездік қүры-лымдар көрінеді. Стромалық жасушалардың өсіп кетуіне байланы­сты ісік консистенциясы қатты. Простатада өтпелі жасушалырак такездеседі. Ісік лимфогендік және гематогендік метастаздар береді. Лимфогендік метастаздар аймақтық түйіндерде көрінеді. Гематогендік метастаздар сүйектерде, өкпеде табьшады.

Простата карциномасы үшінші және төртінші кезеңдерде ай-наласындағы тіндерге, қуық қалтасына, несепагарга, уретраға еніп оседі. Сондықтан несептің болініп шығуы қиындайды, инфекция-лар дамиды.

Асқыну турлерінің дамуы үлкейген қуықалды безінің несеп жолдарьш қысып тастауына байланысты. Несеп шығуының қиын-дауы қуықтың қалыптан тыс үлғаюын тудырып оның қабырғасы Ь2 см-ге дейін қалындайды (қалыпты жагдайда 0,2 см). Бірте-бірте қуық қызметі әлсіреп қуыққа зәр жинала бастайды, жергілікті қабынудың дамуына (цистит) және mac пайда болуына қолайлы жағдай туады. Қабыну несеп жолымен жоғары қарап өршіп пие-



Ж.Лхметов. Патолопшлық анатомия


17 болім. Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары



 


лит, пиелонефрит тіпті уросепсис дамиды. Сонымен қатар, қуықалды безінің өзінде қабыну {простатит), іріңцеу {абсцесс) қүбылыста-ры да байқалады.

ЕРКЕК ЖЫНЫС АҒЗАСЫНЫҢ (ПЕНИСТЩ) АУРУЛАРЫ

Даму аномалияларына пенистің несеп шығарушы жолдары-ның өз шығу орнынан ауытқуы жатады. Мысалы: гжоспадия шы-ғару тесігінің пенистің төменгі жағынан шығуы, эписпадия — жоға-ры жағынан шығуы. Бүл жағдайда несептің бөлініп шығуы қиьш-дап, несеп жолдарында қабыну дамиды.

Қабынуға балантит (пенис басыңдағы терінің қабынуы) және балантопостит (пенис терісінің үшының қабынуы) жатады. Пре-пуциалды қаптың тесігінің тарылуына байланысты патология фи­моз деп аталады. Балаларды жас кезінде кестіру (циркулизация) фимоздың, кейбір деректер бойынша пенис карциномасының, тіпті жатыр мойны рагының алдын алу болып саналады. Себебі, сперма қалдықтары (смегма) канцерогендік өсер етеді.

Қатерсіз ісіктері. Жыныс агзаларында, өсіресе пенисте өткір үшты кондилома деген патология кездеседі. Оның қоздырушысы адам папиломасы вирусы (HPV) екендігі анықталған. Бүл ісік жыныс қатынастары арқылы жүғады. Пенистің басына жақын аймақта көптеген, майда көлденеңі бірнеше милиметр, аяқшасы бар немесе кең негіздігі бүртіктенген қызыл түйіндер көрінеді. Микроскопта қарағанда олар жай папилломаға үқсайды, ерекшеліктері ісіктердің стромасыңда лейкоциттердің сіңбелер көп болады және терінің тікенекті қабатындагы жасушаларды ашық түсті вакуольдер көрінеді, оны койлоцитоз деп атайды.

Кейде кондиломалар ірі, бір түйін түрінде өсіп (алып конди­лома), пенистің тіндерін бүзады. Инвазия аймақтарында жасуша-лық атипизм, полиморфизм көрінеді. Бүл көріністер оны карци-номаға жақындатады.

Пенистің ракалды ауруларына: Боуэн ауруы, Кейр эритропла-зиясы жатады. Бүл ісіктерде карцинома in situ (эпителийішілік кар­цинома) көрінісін байқауға болады.

Пенистің карциномасы. Пенис карциномасы оның басында немесе басының айналасында майда түйін түрінде өседі. Ісік инфильтративті өскенде сол жерде жара пайда болады, кейде пенистің басы бүтіндей ісікке айналады. Ісік экзофитті өскенде теріде түрлі-түсті капуста тәрізді түйін пайда болады. Микроскоп-тык, көрінісі бойынша пенисте жалпақ жасушалы рак өседі. Ісік


лимфогендік, өте сирек жагдайда гематогендік метастаздар береді. Жалпы пенис карциномасы еркектер қатерлі ісігінің шамамен 1%-ын қүрайды.

АТАЛЫҚ БЕЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСАЛҚЫЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Даму кемістіктері. Аталық бездің екіжақты да болмауын анор-хизм деп атайды. Бір атабездің болмауы монорхизм делінеді. Ата-лық бездің үмаға түспеуін крипторхизм дейді.

Крипторхизм. Бүл патология ересек кісілердің 0,3-0,8%-да кездеседі. Ол бір жақты немесе екі жақты болады. Аталық без қүрсақ ішінде немесе шат өзегі ішінде кідіріп қалған болуы мүмкін. Кідіріп қалған аталық безде 2 жастан бастап атрофиялық өзгерістер дами бастайды. Крипторхизмнің негізгі себептеріне гонадотроп-тық гормондардың жетіспеушіліктері жатады. Екіжақты криптор-хизмде бедеулік дамиды. Егер аталық без шат өзегінде кідіріп қалса, ол жерде қан айналу үрдісі бүзылып, аталық безде ісіну, қан қүйылу өзгерістері дамып, ол қысылып, тіпті некрозданып қалады. Соны­мен қатар орнына түспеген аталық безде қатерлі ісіктер — семино-ма, тератобластома дамуы мүмкін (малигнизация). Сондықтан ата-лық безді үмаға түсіру және бекіту операциясы 2 жасқа дейін жа-салуы шарт.

Гидроцеле (аталық без қабықтарының арасына сүйықтық жи-налуы). Ол туа пайда болған немесе жүре пайда болган деп бөлінеді. Туа пайда болван гидроцеленің себебі аталық без үмаға түскеннен кейін іш пердесі өсіндісінің жабылмай қалуы, ол қүрсақ қуысы-мен байланысқан болады. Журе пайда болган гидроцеле қабынуға, жарақатқа немесе ісіктерге байланысты болады. Қабынуға байла­нысты аталық без қабықтары ісінп, қызарып, қабыну инфильт-раттары сіңіп қалады. Ірінді қабыну қосылған жағдайда операция жасап, қабықтың бір бөлігін кесіп алып тастайды және антибио-тиктермен емдейді.

Орхит және эпидидимит

Бүл екі патология бір-бірімен өте тығыз байланысты. Көбінесе қабыну аталық без қосалқысынан басталып (эпидидимит) кейін аталық безге өтеді. Тек мерезде ғана алдымен аталық без қабынып (орхит) кейін қабыну оның қосалқысына таралады.

Этиологиясы. Орхит пен эпидидимит көбінесе несеп жолда-рының инфекцияларына байланысты дамиды. Инфекция қозды-



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары



 


рушылары хламидиялар, гонококктар шөуһет шығарушы жол ар-қылы немесе лимфогендік жолмен қабыну ошақтарынан (урет­рит, простатит) түседі. Сонымен қатар, инфекция гематогеңці жолмен эпидемиялық паротит, туберкулез, мерез, пневмония, скар­латина, іш сүзегі ауруларында түсуі мүмкін. Жедел орхит пен эпи-дидимитте аталық без үлкейіп, ісініп, қатаяды, үмада, шат айма-ғында қатты ауыру пайда болады. Қабыну көбінесе іріңці қабьшу түрінде өтеді, қабыну сіңбелері аралық тіннен басталып, тез арада без өзекшелеріне өтеді, кейде іріңді ошақтар — абсцесс пайда бо­лады. Созылмалы орхит пен эпидидимит үшін аталық без тінінделимфогастиоцитарлық сіңбелердің, макрофагтардың болуы, скле-роздық өзгерістер тән. Туберкулездік және мерездік қабынуларда осы инфекциялар үшін тән гранулема түзіледі.

АТАЛЫҚ БЕЗ ІСІКТЕРІ

Аталық без ісіктерінің гистиогенезі өте күрделі. Аталық без ісіктерінің негізгі тобы жетілмеген жыныстық және үрықтық жа­сушалардан өседі. Оларды герминогендік ісіктер деп атайды, олар ісіктердің 95%-ын қүрайды. Без стромасынан (жыныстық созыл-ма) өсетін ісіктер болса герминогендік емес ісіктерге жатады, олар 5%-ды қүрайды.

Герминогендік ісіктер. Герминогендік ісіктер қатерлі ісіктердіңқатарына жатады. Олар негізінен 15-34 жас аралығьшда кездеседі.

Халықаралық жіктелу бойынша герминогендік ісіктерге: се-минома, спермацитарлық семинома, эмбриондық рак, сары қапшық ісігі, полиэмбриома, хориокарцинома, тератомалар кіреді. Бүл ісіктер бір типтегі жасушалардан түзілген. Одан басқа күрделі, бірнеше типтегі жасушалардан түзелетін ісіктер бар: тератокарци-нома (эмбриондық рак және тератомадан түзілген) және т.б. Герминогендік емес ісіктерге: лейдигома, сертолиома, гранулезожа-сушалық ісік және күрделі қүрылысқа ие немесе жетілмеген ісіктер кіреді.

Семинома. Герминогендік ісіктердің ішінде ең жиі кездесетін қатерлі ісік. 40 жас семиноманың ең көп кездесетін кезі. Ісік тез өсіп, аталық без қалыптағьщан 5-10 есе үлкейеді. Әдетте бүл ісік бір типтегі, шекаралары анық, цитоплазмасы ашық жасушалардан түзілген. Стромасы өте аз, ол жерде дисгерминомадағыдай лимфоциттік сіңбелер болмайды (144-сурет).

Сперматоцитарлық семинома еще жастағы кісілерде кездеседі. Оның типтік семиномадан айырмашылығы баяу өседі, метастаз


бермейді, ісік жасушалары майда, 2-реттегі сперматоцитгерге үқсай-ды, алып жасушалар сирек кездеседі, лимфоцитарлық инфильтра­ция жоқ.

Эмбрионалдық рак жас кісілерде кездесетін ісік. Ісік аталық безде шекарасы анық түйін түрінде оседі, қан қүйылу, некроз ошақтарына байланысты ісік кесіндісі шүбарланып көрінеді. Мик-роскоппен қарағанда ісік жасушалары ірі, полигоналды, кейде түтікті, альвеолалық, бүртікті қүрылымдар түзеді. Ісік жасушала­ры арасында атипизм, полиморфизм коріністері, митоздар кездеседі. Ісік стромасы жетілмеген мезенхималық тіннен түрады.

Хориокарцинома. Бүл ісіктің морфологиялық көрінісі бойын­ша басқа ағзалардан, мысалы, жатырдан осетін ісіктерден айырма-шылығы (қараңыз б.) жоқ.

Тератома деп өте күрделі қүрылысқа ие ісіктерді атайды. Ата-лық безде: жетілген, жетілмеген және малигнизацияланған тера­томалар кездеседі.

Жетілген тератома қүрамында қалыпты тіндер: нерв, бүлшы-қет, шеміршек, сүйек, май, эпителий тіндері табылады. олар бір-біріне байланыссыз орналасқан. Ісіктің сыртында дәнекер тіндік қабы болады. Кейде тератомада кисталар болады, оның ішінде



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


17 болім. Жыныс аезаларының және сүт бездерінің аурулары



 


тістерді, шаша, май қалдықтарын көреміз. Оның мысалы ретінде дермоидты кистаны келтіруге болады.

Жетілмеген тератомалар қүрамында да үрықтың үш қабығы-ның элементтері болады. Олардың арасында эпителий тінінің пролиферациясы табылады. Бүл тератоманың қатерлі ісікке айна-лу қауіпі бар.

Малигнизацияланган тератома. Тератома қүрамындағы жасуша-лар арасында малигнизация белгілері пайда болады. Ісікте жалпақ жасушалы рак, аденокарцинома, саркома ошақтары табылады.

Герминогендік емес ісіктер аталық без стромасынан өседі.

Лейдигома сарғыш қоңыр түсті түйіндер түзіп, цитоплазмасы қоңыр, ядролары хроматинге бай, домалақ, цитоплазмасы түйіршіксіз жасушалардан түрады. Ісік жасушалары капиллярлар-ды айнала жайғасады. Жасуша цитоплазмасында өр түрлі пигмент, май тамшылары, белок кристалдары болады. Бүл ісіктің қатерлі түрлері де кездеседі.

Сертолыома (андробластома) ісігі гормондар бөліп шығаратын белсенді ісік. Микроскопта қарағанда әр түрлі трабекулалық, кей-де тубулярлық қүрылымдар көрінеді. Ісік негізінен атипиялық өзгерістер пайда болса, онда сертолиоманың қатерлі түрі дамыды деген сөз.

17.2. ӘЙЕЛДЕР ЖЫНЫС АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 273; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты