Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



ЭНДОМЕТРИЙ ПАТОЛОГИЯСЫ

Читайте также:
  1. Митохондрий патологиясы.
  2. ПЛАЦЕНТА (БАЛА ЖОЛДАСЫ) ПАТОЛОГИЯСЫ
  3. Рибосомалар патологиясы
  4. Сурет. Митоз патологиясы
  5. ЯДРО ПАТОЛОГИЯСЫ

Эндометрийде қабыну сирек кездеседі. Ол көбінесе аборттан (түсіктен) кейін үрық қабықтарының асептикалық немесе бакте-


риялық қабынуына байланысты, бала туылғаннан кейін жатырға инфекция түскенде дамиды. Жедел эндометритте аралық тінде лейкоцитарлық сіңбелер пайда болады. Созылмалы эндометрит жүктілікке қарсы қойылған спиральдар жатыр ішінде үзақ уақыт қалып кеткенде немесе осы жағдайға байланысты жатырға инфек­ция түскенде (мысалы, хламидиялар) дамиды. Қабыну сіңбелерінде лимфоидты жасушалар, плазмалық жасушалар, эозинофильдік лей-коциттер көрінеді. Кейде жатырда туберкулез инфекциясының таралуына байланысты туберкулезге тән гранулемалар табылады. Созылмалы қабыну нәтижесінде эндометрий атрофияға, кейде гипертрофияға үшырайды (атрофиялық немесе гипертрофиялық эндометрит).

Аденомиоз жәнеэндометриоз

Аденомиоз дегеніміз эндометриидің бір бөлігінің немесе оның бездерінің миометриге өтіп кетуі. Миометрийде эндометрий стро-масы немесе бездері орналасқан, бірақ олардың белсенді қызметінің морфологиялық белгілері жоқ. Бірақ клиникада жатырдың үлкеюі, қүрсақтың төменгі бөліктерінің ауыруы байқалады.

Эндометриозда эндометрий бездерінде менструация кезінде қан қүйылулар, кейін олардың ьщырауы нәтижесінде гемосидероз да­миды. Эндометриозды екі түрге бөледі: гениталдық және экстро-гениталдық. Жатырдан тыс эндометриоз ошақтары эндометриоз­да жатыр түтіктерінде, аналық бездерде, Дуглас кеңістігінде, жа­тыр байламдарында, іш пердесінде, сыртқы жыныс агзаларында табылады. Экстрагенитальдық эндометриоз өте сирек жагдайлар-да — жыныс ағзаларынан басқа ағзаларда: өкпеде, бауырда, бүйрек-терде, аппендиксте, кіндікте кездеседі.

Қазіргі танда эндометриоз дамуының үш теориясы бар: 1) ре-гургитация теориясы; 2) метаплазия теориясы; 3) гематогендік және лимфогендік таралу теориясы. Регургитация теориясы эндометри­оз дамуын менструация кезінде пайда болатын массалардың жа­тыр түтіктеріне, одан қүрсақ қуысына кері ағу арқылы өтуімен түсіндіреді. Метаплазия теориясы эндометриоз ошақтарының түзілуін целомалық (целома — үрықтың мезотелиймен қаптаған қуысы) эпителийдің әйел жыныс жолдарындағы эпителийге айна-лу мүмкіншілігімен байланыстырады. Үшінші теория бойынша эн­дометриоз дамуы менструация кезінде бөлініп шыққан эндомет­рий бөліктерінің қан немесе лимфа тамырларына түсуінен бола­ды. Эндометриозға байланысты жиі дамитын патология — аналық без эндометриозы. Бүл патология аналық безде көлденеңі 5-6 см (кейде 10 см) қою, шокалад тәрізді, қоңыр қара массалармен тол-




28 — 437


434 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия




17 бөлім.Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары 43 5


 


ған кисталардың пайда болуымен сипатталады. Кейде осы киста-лар жарылып кетіп қүрсақ қуысына қан қүйылады. Микроскопта қарағанда биік, цилиндрлік эпителиймен қапталған кисталарды көреміз. Кисталардың қабырғасы қалыңдаған, о л жерде көп мөлшерде гемосидерин пигменттері, сидерофагтар табылады.

Эндометрийдің безді гиперплазиясы

Эндометрийдің безді гиперплазиясы әдетте орта жастағы және мосқал әйелдерде кездесетін қүбылыс, себебі климакс кезеңінде аналық түқым безі қызметінің бүзылуына (дисфункциясына) бай-ланысты организмде эстерогендік және прогестерондық гормон-дардың өзара қатынасы өзгереді. Сонымен қатар аналық түқым безінің кейбір ісіктері (фоликулома, текома) жасқа байланыссыз-ақ эндометрийдің гиперплазиясына әкеләп соқтырады. Бүл кезде қанда эстероген гормонының мөлшері көбейеді (гиперэстерогене-мия). Кейде безді гиперплазия аналық түқым безінде прогестрон гормондарының қалыптан тыс түзілуіне байланысты дамиды. Эндометрийдің безді гиперплазиясында жатырдың шырышты қабығы қалындайды. Микроскоптың көріністері бойынша оның ошақты, диффузды, атипиялық түрлері бар. Гиперплазияның соңгы түрі ісікалды өзгерістері қатарына жатады.

Эндометрийдің диффузды гиперплазиясында менструациялық (етеккір) циклдің пролиферация фазасына сәйкес келетін өзгерістер көрінеді. Эпителий пролиферациясының күшеюіне байланысты әрбір без түтігі үзарып ирелеңдеген түр алады, кейде олар қүры-лыс бойынша ағаш кесетін араның тістерін елестетеді - бүл безді гиперплазияның қарапайым турі. Безді (кисталы) гиперплазияда эндометридің қабаттары арасындағы шекара жойылып қуыстары өте кеңіп кеткен бездер пайда болады (145-сурет). Егер бездерде пролиферация қүбылысымен бірге секреция қүбылысы да көрінсе оны аралас гиперплазиялық эндометрий деп атайды.

Безді гиперплазия, әсіресе оның атипиялық түрі ісікалды өзгерістеріне жатады.

Жатыр мойнының эрозиясы және эндоцервикозы. Эрозия деп әдетте эпителий тінінде немесе қан айналудың бүзылуы нәти-жесінде пайда болган кішкентай ойықты (дефекті) түсінеді, ол нагыз эрозия қабыну үшін тән. Ал жатыр мойнында осындай нагыз эро-зиялар сирек кездесетін қүбылыс. Жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі көп қабатты эпителийдің биік, призмалық (мойындық) эпителиймен алмасып қалуымен сипатталатын патологияны эндо-цервикоз деп атау қабылданған. Демек, бүл жерде эпителий дефекті


145-сурет. Эндометридің безді-кисталы гиперплазиясы

жоқ, тек қана эктоцервикстегі жалпақ эпителий мойындық (эндоцервикстегі) цилиндрлі эпителиймен алмасқан. Олар жатыр мойнында, ақшыл қызыл түсті шырышты қабықтың арасында, қып-қызыл болып көрініп түрады. Эндоцервикоз дамуының ал-гашқы кезеңінде цервикалдық эпителий көбейсе, оның "жазылу" кезеңінде қынап эпителийінің пролиферациясы көрінеді. Көп қабатты эпителий цервикалдық цилиндрлік эпителийдің астына, осы жердегі бездердің ішіне қарай өсе бастайды. Осыған байланы­сты бездердің жолдары жабылып, олар кеңіп, шырышқа толған кисталарға айналады (безді эндоцервикоз). Оның бір көрінісін Набот бездері деп атайды.

Эндоцервикоздың дамуын гормондар тепе-тендігінің бүзылу-ымен түсіндіреді. Тек кейде ол жатыр мойнының бала туу кезінде жыртылып кетуіне байланысты пайда болады. Бүл жағдайда жа­тыр мойны өзегінің шырышты қабаты сыртқа айналып кетеді (эк-тропион).

ЖАТЫР ПОЛИПТЕРІ

Жатыр полиптері оның мойын бөлігінен немесе денесінен (эн-дометрийден) өседі. Жатыр мойнының полипі домалақ немесе бүрлі түрде көрініп оның көлденеңі 1-1,5 см аспайды. Жіңішке сабаққа


Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия

ілініп түрады. Полиптің үсті цилиндрлі эпителиймен, кейде көп қабатты эпителиймен қапталған. Эндометрийдің полипі көбінесе жатырдың түбінде немесе бүрыштарында өседі. Полип өдетте жа­тыр эпителийімен қапталған. Оның стромасы жүмсақ, қан тамыр-ларына бай. Полиптерінің қауіптілігі біріншіден олардың сабақта-рының бүралып қалуына байланысты некрозга үшырауы, қабынуы немесе қан кетуге себеп болуы, екіншіден, сирек жағдайларда, аденоматоздық полиптердің қатерлі ісіктерге айналып кетуі (ма-лигнизациясы).

ЖАТЫР ІСІКТЕРІ


146-сурет. Хорионэпителиома

Жатырға тән ісіктерге трофобластық аурулар қатарына кіретін инвазиялық қағанақ тығыны (хорионаденома) және хорионэпите-лиома жатады. Инвазиялық қаеанақ тыгыны хорион бүрлерінің жатыр және жамбас веналарына бойлай өсуімен сипатталады. Соның нәтижесінде ісініп үлкейген хорион бүрлері өкпені (эмбо­лия есебінде), жатыр мен қынап қабырғасын бүза бастайды. Бірақ


 

АЪІ

17 бөлім. Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары

та хорион бүрлерінде қатерлі ісікке тән өзгерістер болмайды, бүл метастаздар көбінесе өз-өзінен жойылып кетеді. Ең жаманы, осы ісіктердің жартысьшан көбі аса қауіпті ісік — хорионэпителиомаға айналады. Хорионэпителиома трофобласт элементтерінен өсіп-өнетін, қағанақ тығынынан кейін, түсіктен кейін, жатыр түтігіндегі жүктіліктен кейін, кейде тіпті қалыпты өткен жүктіліктен кейін қалған хорион қалдықтарынан дамитын, тез арада гематогенді метастаз беретін ісік (146-сурет). Ісікте қан қүйылуы және некроз ошақтары болғандықтан ол шүбар түсті, жүмсақ түйіндер түрінде көрінеді. Некроз нәтижесінде жатырдан, қьшаптан қан ағуы мүмкін. Микроскоппен қарағанда хорионэпителиома цитотрофобласт және синцитиотрофобласт элементтерінен қүралған, стромасы және қан-тамырлары жоқ. Цитотрофобласт (Лангханс жасушалары), цитоп-лазмасы ашық түсті жасушалар, олардың арасында митоздар көп. Ал синцитий жасушалары цитоплазмасы қоңыр, аса ірі, ядролары полиморфты, арасьшда атипиялық митоздар көп жасушаЗіар тобьш қүрайды. Ісікжасушаларыньщ көбі некрозданады, сондықтан оларды кейде іздеп табу қиын. Хорионэпителиома басқа ағзаларда (бауыр-да, көкірек аралығында, еркектің түқым безінде) өніп-өскенде оны эктопиялық хорионэпителиома деп атайды.


Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 85; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ПРОСТАТА КАРЦИНОМАСЫ | Жатыр карциномасы
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2017 год. (0.16 сек.) Главная страница Случайная страница Контакты