Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Гранулезожасушалы




ісік (фолликулома)

малы түрде немесе үялана орналасқан жасушалардан қүралған. Судан бояуы ісік жасушаларында май барлыгын анық көрсетеді. Ісіктің гормон бөліп шыгармайтын турлері әр түрлі бағытта жайға-сқан, бір-бірімен араласып жатқан үршық тәрізді ядролы, үзынша ірі жасушалардан түзілген қарапайым фиброманы елестетеді. Қатерлі текома жасушаларының қүрылысы әр түрлі, ядролары атипті түзілген, ісік жасушаларының арасында митоздар, некроз ошақтары көптеп кездеседі.

Аналық бездердің метастаздық ісіктері

Аналық бездерде әр түрлі метастаздар болады, олардың біріншілік ісіктерден айырмашылығы екі жақты болады. Аналық бездерге асқазан-ішек жолдарының, үйқы безінің, өт қалтасының, сүт бездерінің қатерлі ісіктері және жамбас қуысындағы жыныс



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 бөлім. Жыныс агзаларының және сут бездерінің аурулары



 


ағзаларының карциномасы метастаз береді. Әдебиетте бүрыннан белгілі Крукенберг ісігі асқазан карциномасының метастазы ол жүзік тәрізді (шырышты) карциномаға сәйкес келеді. Патологоанатом кейде аналық без карциномасы деп операция жасалған ісіктерде осы өзгерісті көреді.

Жатыр түтіктерінің аурулары

Жатыр түтіктерінің ең жиі кездесетін патологияларына қабы-ну, түтіктік жүктілік кіреді. Түтіктің бірншілік ісіктері өте сирек кездесетін ісіктер қатарына жатады.

Жатыр түтігінің қабынуы — сальпингит — этиологиясы бой-ынша арнайы (туберкулездік) немесе арнайы емес (бактериялық) болып бөлінеді. Бактериялардан жиі кездесетіні гонококтар, ста-филококтар, ішек таяқшалары. Инфекция жатыр арқылы немесе гематогендік, лимфогендік жолдармен түседі. Сальпингит көбінесе ірінді түрде өтіп, түтік ішінде іріңді экссудат жиналады. Қабыну тез арада түтіктің айналасына (перисальпингит) немесе аналық без-дерге (салъпигоофорит) өтеді. Түтіктің біріншілік ісіктеріне адено-карцинома жатады.

17.3. СҮТ БЕЗІНІҢ АУРУЛАРЫ

Сүт бездерінде: қабыну, фиброзды-кистозды өзгерістер, ісіктер кездеседі.

Сүт безінің қабынуын мастит деп атайды. Мастит жедел не­месе созылмалы түрде өтеді. Жедел мастит негізінен босанганнан кейін баланы емізуге байланысты өрістейді. Оны лактациялық ма­стит деп те атайды. Жедел маститтің негізгі себептеріне емшек үшының жарылуы немесе жарақаттануы, сол жерден сүт безіне инфекцияның (көбінесе стафилококтардың) түсуі немесе сүттің сүт безінде жиналып қалуы жатады. Сүт безінде негізінен іріңді (флегмоналы) қабыну көрінеді. Кейде жедел абсцестер пайда бо­лады. Сүт безі қабынуга байланысты үлкейген, қызарған, үстап көргенде ауырады.

Созылмалы мастит жедел маститтің толық айыгып кетпеген түрі болып есептеледі. Бүл кезде лейкоциттер орнын плазмалық жасушалардан, лимфоциттерден және эозинофилді лейкоциттер-ден түратын сіңбелер басады. Без стромасында дәнекер тін өсіп, оның жалпы қүрылысы өзгереді, қуысы кеңейген бездер, кисто-малар пайда болады. Қабыну үрдісі кейде сүт безіндегі май тінінің жарақаты айналасында, липогранулема түрінде дамиды.


СҮТ БЕЗДЕРШЩ ФИБРОЗДЫ-КИСТОЗДЫ АУРУЛАРЫ

Бүл аурулар әр түрлі атпен аталып келген: сүт безінің диспла-
зиясы, мастопатиялар, фиброаденоматоз. Қазіргі танда фиброзды-
кистозды патологияның кистозды, пролиферативті және склероз-
даушы аденоз деген түрлерін ажыратады. ч

Бүл аурулардың клиникалық белгісі сүт бездерінде көлденеңі 2-3 см түйіндердің табылуы. Фиброзды-кистозды аурудың кистоз­ды турінде сүт бездерінде үлкендіктері әртүрлі кисталар пайда бо­лады, олардың іші жартылай мөлдір сүйықтықпен толған, айнала­сына дәнекер тін өсіп кетеді. Микроскопта қарағанда майда кис-талардың ішкі қабаты текше тәрізді, цилиндрлік, кейде көпқабат-ты эпителиймен қапталған. Бүл эпителий сорғыштәрізді қүры-лымдар түзеді. Ірі кисталарда эпителий қабаты бірте-бірте жазық-талып, атрофияланады.

Фиброзды-кистозды аурудың пролиферативті турінде без бөліктерінің, өзектерінің эпителиі пролиферацияланып (көбейіп) өсе бастайды. Олар тыгыз жайгасқан (солидті) немесе бүртіктенген (папиллярлы) қүрылымдар түзеді. Без альвеолаларында криброз-ды (тор тәрізді) қүрылымдар пайда болады. Егер эпителий жасу-шаларының арасында атипиялық өзгерістер пайда болса, оны ати-пиялық эпителиалдық гиперплазия деп йтайды. Бүл патология сүт бездерінің ракалды өзгерістеріне кіреді.

Склероздаушы аденоз майда альвеолалар мен өзектердің про-лиферациясымен, бөлік ішілік фиброзбен сипатталады. Пролифе­рация нәтижесінде бездер тығыз орналасқан, сондықтан, ол аде­ноз деп аталады. Аурудың фиброз кезеңінде дәнекер тін өсіп кетіп, безді қүрылымдарды ыгыстыра бастайды, түйіндер қатты болады.

СҮТ БЕЗДЕРШЩ ІСІКТЕРІ

Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге фиброаденома жатады. Бүл ісік түйін тәрізді өсіп, консистенциясы қатты болады. Микроскоп-тық көрінісіне қарап оларды интраканаликулярлық және перика-наликулярлық аденомаларга бөледі. Интраканаликулярлық адено-мада дәнекер тін без өзегінің ішіне бойлай кіреді, периканалику-лярлық аденомада олар өзекті айнала жайгасады (156-сурет).

Өзек ішілік папиллома. Әдетте бүл көлденеңі 1 см-ден аспай-тын жеке түйін түрінде өседі. Микроскопта қарағанда ісіктің сүт безі жолдарының ішінде бүртіктеніп өсетіндігі көрінеді. Ісік бүртіктері бірқабатты немесе екіқабатты эпителиймен қапталған.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 болім. Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары



 


156-сурет. Сүт безінің периканаликулярлық фиброаденомасы

Сүт бездерінің қатерлі ісіктері

Сүт бездеріне тән қатерлі ісіктерге бөлікшеішілік сіңіп өспейтін (инвазиясыз) рак; өзекшілік сіңіп өспейтін рак, сіңіп өсетін рактар және Педжет ауруы жатады.

Бөлікшеішілік сіңіп өспейтін рак без эпителиінің соңғы бөліктерінен және бөлекшеішілік өзектерден өседі. Оның солид-тық және безді варианттары бар. Ісік жасушалары полиморфты, ядролары гиперхромды араларында митоздар да кездеседі. Инфиль­трация қүбылысы болмағандықтан оны бөлікшеішілік карцинома in situ "орнықты рак" деп атайды.

Әзекішілік (лобулярлық) сіңіп өспейтін рак ісікке тән атипия-лық эпителий жасушаларының бүртіктеніп, кей жерде көпқабат-танып, өзек ішін толтыра өсіп кетуімен сипатталады. Ісіктің безеу тәрізді турінде кеңіп кеткен өзектер көзбен де анық көрінеді, өзектерді сыққанда сол жерден ақшыл қоймалжың зат бөлініп шығады. Бүл қүбылыс рак жасушаларының өзекішіндегі некрозы-мен түсіндіріледі. Қалған ісік жасушалары ірі, ядролары гиперх­ромды боялған митоздар көп, бірақ карцинома in situ «орнықты рак» айналасына сіңіп өспейді.

Педжет ауруының үш морфологиялық белгісі бар: 1) емізік


және оның айналасындағы экземаға үқсас өзгерістер: 2) осы жердегі эпителий жасушаларынын арасында өзгеше бір ірі ашық ренді, ядролары домалақ гиперхромды немесе ақшыл Педжет жасушала-рының болуы; 3) сүт безі өзегінін рагы. Д.И.Головиннің болжамы бойынша, Педжет ауруы бір жерден емес, ауқымды ісік алаңынан: емізік эпителиінен, ірі және әріде жатқан майда сүт безі өзектерінен бір мезгілде дамитын рак. Бүл рактың өсіп-өнуі аймақтарды ба-сып алу (аппозициялық өсу) арқылы жүреді.

Сіңіп өсуші (инвазиялық) ісіктер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының гистологиялық жіктеуі бойынша сүт бездеріндегі инвазиялық рактардың мына түрлерін ажыратады:

1а. Инвазиялық өзектік карцинома.

16. Педжет ауруымен бірге дамитын инвазиялық өзектік кар­цинома.

2. Инвазиялық бөліктік рак.

3. Медуллярлық (ми тәрізді) рак.

4. Коллоидты (шырыштүзуші) рак.

5. Тубулярлық рак.


157-сурет. Инвазиялық өзектік карцинома 29 — 437

Инвазиялық өзектік карцинома (157-сурет) сүт бездері карци-номасының 3-4 бөлігін қүрайды, ісіктің консистенциясы қатты,


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

158-сурет. Инвазиялық бөліктік карцинома

кесіп қарағанда піспеген картоптың көрінісіне үқсайды, көлденеңі 3-5 см. Микроскопта қарағанда сүт безінде қатты фиброзды тіннің өсіп кеткендігін, оның арасында қоңыр түсті, атипиялық ісік жа-сушаларының үя тәрізді, созылма түрінде немесе майда түтікшелер сияқты жайғасқанын кореміз, бүл өзгерістерді скирр деп атайды. Ісік жасушалары айналасындағы лимфа- және қан тамырларына өсіп кіреді.

Инвазиялық бөліктік рак (158-сурет) сирек кездеседі (5-10%). Ол көп ошақ түрінде басталады. Ісік жасушалары жеке үяшықтар түрінде немесе бір-біріне жақын, тығыз жайғасады, кейде олар без өзекшелерін айнала өседі. Морфологиясы бойынша оларды скир-рге немесе аденокарциномаға жатқызуға болады.

Медуллярлық (мытәрізді) рак. Ісіктің консистенциясы жүмсақ ми тәрізді, шекарасы анық емес. Ісік негізінен цитоплазмасы ашық, ірі, полиморфты жасушалардан түрады. Жасушалар арасында ми-тоздар көп, яғни ісіктің өсу мүмкіншілігі өте жоғары. Стромасын-да лимфоидты сіңбелер болады.

Коллоыдты (шырыштузуші) рак. Рак жасушалары өзінен көп мөлшерде шырышты заттар бөліп шығарады. Сондықтан, бүл ісік жүмсақ, басып қарағанда іркілдеп түрады. Микроскопта қараған-да шырышты заттардың арасында топ-топ (үяшықтар түрінде) не-


17 болім.Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары 45 1

месе жеке-жеке жайғасқан ісік жасушалары корінеді. Ісік жасуша­лары шырышты "көлдердің" ішінде табылады. Шырыш бөліп шыға-ру үрдісі жасуша ішінде де болады. Бүл кезде "жүзіктәрізді жасу­шалар'5 түзіледі. Кейде ісік жасушалары безді қүрылымдар (адено-карцинома) түзеді немесе тығыз жайғасқан (солидті) аймақтарға айналады. Бүл жерлерде атипиялық озгерістер күшті дамыған.

Сүт бездерінің карциномалары лимфа жолдарымен қолтық астындағы, кейін көкірек аралығындағы лимфа түйіндеріне мета­стаз береді. Қан арқылы метастаздар окпеде, бауырда, мида, сүйек-терде пайда болады.

17.4. ЖҮКТІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘНЕ БОСАНҒАННАН КЕЙІН ДАМИТЫН АУРУЛАР

Жүктілік физиологиялық қүбылыс болғанымен кейбір жағ-дайларда өсіп келе жатқан үрықпен ана организмі арасында им-мунологиялық және де басқа қайшылықтар дамиды. Осының нәтижесінде эклампсия, оз-озінен түсік тастау, мерзімінен бүрын туылу байқалады. Үрық элементтерінің өсуі тоқтағанда оның бүрлі қабығы ерекше өзгеріп желбуаз деп аталатын патология немесе аса қатерлі ісік хорионэпителиома дамиды. Бала туғаннан кейін жатырға инфекция түссе қабыну үрдісі (эндометрит, метрит) өрістейді. Бала жолдасының қалдықтарынан полиптер пайда бо­лады. Аталған сырқаттардың бәрі екі қабат әйел организміне эсер етіп өміріне қауіп тудырады, кейбір жағдайларда ана өліміне әкеліп соқтырады.

Эклампсия. Гестоздардың ең ауыр түрі болып, жүктіліктің екінші жартысында, босану кезінде немесе босанғаннан кейін байқала-ды. Эклампсия клиникада тырысу үстамасы түрінде басталып на-уқастың қүсып, есінен айырылуына соқтырады. Эклампсияның туындау себептері әлі толығымен анықталмаған. Қазіргі кезеңде оның дамуына ана организмінің іштегі бала мен оның жолдасы-ның белокты заттарына қарсы сезімталдығының оте асып кетуімен байланыстырады. Ана организмі үшін жат заттарға қарсы бағытта-лған аутоаллергиялық шок түрінде отуіне себеп болады. Қан та-мыры кенересіндегі фибриноидты некроздар және қан тамыры ішінде пайда болатын фибринді тромбтар осы болжамды растай түседі.

Патологиялық анатомиясы. Эклампсиядан өлген әйелді ашып көргенде теріде сарғаю, денесінде ісіктер, бауырда, мида, окпеде және бүйректерде өте ауыр морфологиялық озгерістер корінеді.



Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


17 болім. Жыныс агзаларының және сүт бездерінің аурулары



 


Бауыр үлкейген, кесіп қарағанда күңгірт, саз балшықтай сары және жүмсақ болады. Кейде қан қүйылу және ақшыл-сары түсті некроз ошақтарының пайда болуына байланысты түсі шүбар бола­ды. Микроскоппен қарағанда онда гепатоциттердің майлы дистро-фиясы, некрозы және қан қүйылған жерлер көрінеді. Ми тінінде ісікпен қатар қан қүйылу ошақтары, тіпті гематомалар табылады. Эклампсияның асқынулары арасында тірілтуге байланысты өкпеде дамитын патологиялардың орны ерекше. Ауруханаға ес-түссіз түскен науқастарда некроздық бронхит және аспирациялық пневмония жиі дамиды. Некроздық өзгерістер бронхтың барлық (тіпті майда) тар-мақтарында да көрінеді. Бронх ішінде некроздық массалар, микроб себінділері, ірінді экссудат көрінеді. 5-12 күндері өкпеде ірінді қуыс-тар - абсцестер пайда болады. Бүл өзгерістердің негізінде асқазан-өңеш рефлюксы нәтижесінде өкпеге асқазан сөлінің түсуіне байла­нысты дамитын қышқылды-аспирация синдромы жатады.

Буйректер үлкейген, болбыр, қыртысты қабаттары іскен, боз-ғылт, ал милы қабаты қанмен толған. Кейде бүйректердің қырты-сты қабатында екіжақты симметриялық некроз көрінеді, оның негізгі себебі ҚШҮ-синдромы. Сонымен бірге бүйрек шумақшалары ка-пиллярларында тромбтар, үрықтық жүмыртқа элементтері табы­лады. Қан қүйылу ошақтары асқазанда, ішектерде, сірі қабықтар-да да кездеседі.

Жатырдан тыс жуктілік. Жатырдан тыс жүктілік деп үрықтық жатыр қуысының сыртында дамуын айтады. Үрықтанған жүмырт-қаның қай жерге кідіріп қалуына қарап жатырдан тыс жүктілікте: түтіктік, аналық бездік, қүрсақтық түрлерін ажыратады.

Бүл сырқаттың дамуына қабыну процестері, жыныс бездерінің жете дамымауы (инфантилизм), қалыпты қүрылысындағы ауытқ-улар, эндометриоз, жатыр түтігі мен аналық без ісіктері және т.б. себеп болады.

Тутіктік жуктілік жатыр түтігінің кеңейген бөлігінде (ампу-ласында), жатырға жақын немесе жатырға кірер жерінде (истмус-та) көрінеді. Үрықтанған жүмыртқа жабысқан жердегі шырышты қабықта децидуалы реакция дамиды. Бүл жүмыртқа өскен сайын жатыр түтігі кеңейіп созыла бастайды, ал хорион бүрлері жатыр-дың шырышты қабығын, одан әрі қан тамырларын бойлап өседі. Осыған байланысты түтікке қан қүйылып үрық түтік ішіне кошіп түседі (жартылай тутіктік тусік). Егер үрық қанмен бірге қүрсаққа шығарылса оны толық тутіктік тусік деп атайды. Жа­тыр түтігі бүтіндей жарылып кеткен жағдайда қан кетіп, ол қүрсақ қуысына (жатырдың артына) жиналады, кейде осыған байланыс­ты жедел постгеморрагиялық анемия дамиды. Сонымен қатар


қүрсақ қуысына түскен үрық басқа ағзаларға жабысып одан өрі дамуы да мүмкін (екіншілік қурсақтық жуктілік).

Аналық безде дамитын жуктілік фолликула ішінде, аналық бездің үстінде (эпиовариальды) немесе аралық тінінде (интерсти-циальды) дамиды. Үрықтың дамуы аналық бездің жарылып кетуімен және қан кетумен аяқталады.

Қурсақтық жуктілік кейде іштегі баланың толық жетілуіне дейін дамуы мүмкін, бірақ та оларда көптеген туа пайда болатын ақаулар кездеседі. Дегенмен де үрық көбінесе осы жерде өліп му-мификацияланады немесе әктеніп тасқа айналады (литопедион). Іш қуысына қүйылған қан үйып, кейін дәнекер тінмен алмасып қалады, кейде осы гематома инфекция түсуіне байланысты іріндеп кетеді.

Ауру өліміне постгеморрагиялық анемия немесе іріңці асқыну-лар себеп болады.

Тусік. Үрықтың - жатырдан 22 аптаға дейін бөлініп шығуын тусік (аборт) деп атайды. 22-ші аптадан 39-шы аптаға дейінгі аралықты баланың мерзімінен бурын туылуы дейді.

JL\'.v,*/" ^Л|  
  ЩШШШ, щ
   

Түсік түсуінің бірнеше себептері бар: ішкі себептерге үрықтың жатырда өлуі немесе екіқабат әйелдің өртүрлі сырқаттары жатса, ал сыртқы себептерге әртүрлі сырқаттар, операция және т.б. кіреді. Осыған байланысты кейде үрық өз-өзінен түсіп қалады. Бүл кезде үрықпен бірге оның қабықтары да түседі. Микроскоппен көрінетін үрық қабықтары, хорион бүрлері және децидуа тіндері, әйелдегі қан кету белгілерінің түсікке байланысты екенін анықтайды. Со­нымен қатар қазіргі кезде үрықты жасанды жолмен (медициналық және криминалдық) тусіру кең тара-ған. Егер үрық ауруханадан тыс анти-септикалық жағдайда түсірілсе (крими-налдық аборт), жатырда қабыну процесі, кейде сепсис дамиды.

Бала жолдасынан дамитын полип.
Жатырда бала жолдасының қалдықта-
ры немесе үрық қабықтары қалып кет-
кенде сол жерде дәнекер тін өсіп по­
лип пайда болады. Ол жатырда қабыну
үрдісінің дамуына, қан кетуіне үзақ
мерзімге дейін жатырдың қалыпты жағ-
дайға келе алмауына соқтырады. 159-сурет. Бала

Жатырда босанганнан соң дамитын туылғаннан кейін

инфекция негізінен патологиялық дамыған (сепсистік)
жүктілікке тән. Инфекция ішкі немесе эндометрит




Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 240; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты