Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Микроглия




Бүл орталық нерв жүйесіндегі мононуклеарлық фагоцитгерге жатады. Нерв тіндері жойылғанда (инфаркты) олар фагоцитоз ідызметін атқарады. Цитоплазмасына май тіндері жиналған макро-фаггарды орталық нерв жүйесінде "туйіршікті шарлар " (липофаг-тар) деп атау қабылданган. Өлген нейрондардьщ айналасьщда мик­роглия элементгері жинальш қалса оны нейронофагия деп атайды.

Орталық нерв жүйесінің негізгі патологияларына: ми қан та-мырларының аурулары, дегенеративтік аурулар, демиелиндеуші аурулар, инфекциялық аурулар және ісіктер кіреді.

19.1. МИ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Ми қан тамырларының аурулары (церебро-васкулярлық ауру­лар) дисциркуляторлық энцефалопатия, ми инфаркты, мига қан қүйылу түрінде өтеді. Кейінгі екі сырқат ересек кісілердің әр оньш-шысьшың олім себебі болады. Цереброваскулярлық аурулардың негізгі себептеріне: артериялық гипертония, ми қан тамырлары-ның атеросклерозы, даму ақаулары (тума аневризма, әртүрлі маль-формациялар), жүректің ишемиялық ауруы, оның жедел және со-зылмалы түрлері, ревматизмдік аурулар, васкулиттер және т.б. жатады.


 
 


19 бөлім. Орталык, нерв жуйесінің аурулары

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

ДИСЦИРКУЛЯТОРЛЫҚ (ИШЕМИЯЛЫҚ) ЭНЦЕФАЛОПАТИЯ

Мидың пирамидалық жасушалары, мишықтағы Пуркинье жа-сушалары гапоксия жағдайыңца тез зақымданады. Мидың қыртыс қабаты оттегі келмей қалғанда 5 минут ішіңде өлетіні белгілі. Со-нымен кез келген уақытта ишемия ми жасушаларывда некрозға дейінгі ауыр өзгерістерді тудырады. Бүл өзгерістер артериялық ги­пертония, атеросклерозға байланысты дамыған созылмалы ми па-тологиясында жиі кездеседі. Ишемиялық энцефалопатиянық жедел түрі жүрек уақытша тоқтап қалғаңда, қан қысымы кенеттен түсіп кеткенде (гапотензия), хирургиялық операциялар кезіңде байқала-ды. Дегенмен де ауру 1 сағатқа жетпей өлгенде бүл өзгерістер мик-роскопта көрінбейді. Тек 12 сағаттан кейін өлген адамдардың ней-роңдарында ишемиялық өзгерістер анық көрінеді. Оларға жасуша цитоплазмасының гиперхроматозы, ядрорлардың гшкнозы немесе жасушалардың ісінуі кіреді. Өлген нейроңдар апоптоз жолымен жой-ылып, олардың орныңца бірнеше төуліктен соң глиоз дамиды. Айта кететін бір жайт бұл өзгерістер ошақты түрде, белгілі бір аймақтар-да (гиппокампта, самай-шүйде аймағында, мишықта) дамиды.

Ишемиялық энцефалопатияның жеңіл түріңдегі нейрондар-дағы өзгерістер қайтымды болады, клиникада транзиторлық (өтпелі) ишемия белгілері дамиды. Ишемия үзаққа созылғанда ауруда ко-малық жагдай байқалады, ол ми инфарктымен аяқталуы мүмкін.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты