Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


МИ ИНФАРКТЫ




Ми инфаркты ми қан тамырларының окклюзиясына, тромбо-зына, эмболиясына байланысты дамиды. Ми инфарктының даму-ыңда ми қан тамырлары арасындағы коллатералдық жолдардың маңызы зор, себебі ми қан тамырлары бір-бірімен өте тығыз бай-ланысқан. Вимизий шеңбері осы жолдарды байланыстырып түра-ды. Мидағы инфаркт негізінен мидың орта артериясының бассейнінде дамиды. Ми артерияларының окклюзиясы (тарылып қалуы, тығындалуы) негізінен атеросклероздық өзгерістерге бай­ланысты. Атеросклероздық өзгерістер ми артерияларыңда ғана емес, омыртқа артериясында (a. vertebralis) және ішкі үйқы артериясын-да да дамуы мүмкін. Пайда болған атеросклероздық табақшалар артериялар саңылауын тарылтып немесе бүтіндей бітеп тастайды.

Ми тамырларының эмболиясы өртүрлі жағдайларда кездеседі — тромбоэмболиялар: 1) жүрек инфарктындағы қабырғаішілік тром-бтар нәтижесінде; 2) ревматизмдік сүйелді эндокардит ошақтары-


нан; 3) жүректің ауыр аритмиясында; 4) атеросклероздық табақ-шаларда; 5) жүрекке операция жасалғанда пайда болуы мүмкін. Май, ауа эмболияларында мидағы өзгерістер инфарктқа дейін жетпейді. Эмболиялық ишемия аймақтарьшың айналасында май-да қан қүйылу ошақтары көрінеді (168-сурет). Сирек жағдайларда түйінді периартериит, жүйелі қызыл жегі және де басқа васкулит-тердегі қан тамырларының өзгерістері де мида инфаркт дамуының себебі бола алады.

Морфологиясы бойынша инфаркттың ақ (ишемиялық), қызыл (геморрагиялық) және аралас түрлерін ажыратады. Мидың ақ ин­фаркты (ишемиялық инсульт) дамыған аймақтарда алғашқы 6-12 сағатта ісіну, жүмсару белгілері пайда болады. 1 тәуліктен кейін мидың ісінген жерлері өте болбыр, кесіп қарағанда пышаққа жа-бысатын болып қалады. Инфаркт аймағыңда мидың сүр және ақ заттары арасындағы шекара жойылады. Тек 48-72 сағаттан кейін ғана ишемиялық некроз ошақтары ісіп, былжырап, ыдырап, аньгқ көрінеді. Микроскоппен қарағанда инфаркт аймағында нерв жа-сушаларының хроматолизі, пикнозы, ишемиялық өзгерістері, не­крозы көрінеді. Нерв аксондары бөлшектеніп кетіп, олардың миелиндік қабығы ьщырайды. 48 сағаттан соң инфаркт аймағында лейкоциттёр пайда болады. Лейкоцит ферменттері әсерінде ми тіні ьщырайды, 72 сағаттан соң лейкоциттерді микроглия элементтері


_______________________ _______ ЛСЛхметов. Патологиялық анатомия

алмастырады. Олардан макрофагтар ("түйіршікгі шарлар") түзіледі. Макрофаггар болса өлген жасушалар қалдықтарын фагоцитоздай-ды. 2 аптадан соң некроз ошағы тазаланып, ми тіні тартылып, ки­ста түзіле бастайды. Кисталардың қабырғасы осы аймақта көбей-ген астроциттік глиядан түрады.

Мидың қызьиі инфаркты (геморрагиялық инсульт) мидың қыр-тыс қабатын да кездеседі. Инфаркт аймақтағы кисталар, эритро-циттер ыдырауы нәтижесінде пайда болған гемосидеринге байла­нысты, қызғылт сүйықтықпен толған, қабырғалары қоңыр реңге боялған.

Миға қан қүйылу

Миға қан қүйылудың негізгі себептеріне: артериялық гипер­тония, ми қан тамырларының өр түрлі аневризмалары, қан та-мырларының атеросклероздық өзгерістер кіреді. Ол: ми ішіне қан қүйылу, субарахноидадцық қан қүйылу жөне ми қарыншаларына қан қүйылу түрлеріне бөлінеді.

Патологиялық анатомиясы. Ми ішіне қан қүйылғанда (гема­тома) мидың көлемі үлкейіп, сол жерде кесіп қарағанда қып-қызыл қан үйындылары көрінеді. Көбінесе бүл көрініс мидың қыртыс қабаты астындағы түйіндерде (көру төмпешіктерінде, ішкі капсу-лада, гипоталамуста) көрінеді (169, 170-суреттер). Айналадағы ми


19 бөлім. Орталық нерв жуйесінің аурулары

170-сурет. Мидағы аралас инфаркт



 



Сурет.

Мидағы қызыл


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 322; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты