Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АСБЕСТОЗ




Асбестоз деп окпеге асбест шандарының түсуі нәтижесінде дамитын өкпенің аралық (интерстициалды) фиброзын түсінеді. Асбест өндірісте, түрмыста өте кең қолданылады, ол мыңнан артық бүйымдардың қүрамына кіреді. Асбестоздың қауіптілігі оның өкпе рагіне соқтыруында.

Патогенезі мен патологиялық анатомиясы. Асбест талшықта-ры көбінесе бронхтарда кідіріп қалып, оларды қабындырады. Қабы-ну көбінесе созылмалы түр алады. Сонымен қатар асбестің майда бөлшектері өкпе альвеоласына өтіп, сол жерде "асбестік дене-шіктер" түрінде анықталады. Олар негізінен жылтыр сары түсті,


223-сурет. Өкпедегі асбест денешіктері

(П.П. Движков бойынша)

кейде қара сүр түсті үштары жүмыр, ортасы бірнеше сегменттерге бөлінген, үзындығы 15-150 нм, көлденеңі 1-5 нм таяқшалар.

Өкпеде екі түрлі өзгерістер байқалады. Асбестоздың ауыр турінде өкпедегі өзгерістер диффузды фиброзданушы альвеолит көрі-ністеріне жақын. Өкпе тінінде жайлаған склероз, тіпті көзгенек тәрізді (сотовидные) езгерістер көрінеді. Склероз қүбылысы өте күшті дамығанда плевра астында 3-4 см-ге дейін қалындаған, қара сүр түске боялған, тыртықтанған ошақтар пайда болады. Плевра қалындап, көкірек қуысында әртүрлі жабыспалар пайда болады. Плевра астында кейде буллезді эмфизема ошақтары көрінеді. Мик­роскопией зерттегенде альвеола іргелерінің лимфоциттік және мак-рофаггьщ сіңбелер есебінен өте қалыңдап кеткенін, кейде склероз нәтижесінде бүгіндей бүзылғанын кореміз. Альвеола ішінде шаң-дармен толған макрофагтар (конифагтар) табылады. Бронхиолалар қабырғасы да қалындап, ол жерде де лимфоциттік сіңбелер пайда болады. Склероз қүбылысьшьщ одан әрі өрістеуі карнификация және фиброателектаз пайда болуьша соқтырады.

Асбестоздың жеңіл түріңде морфологиялық өзгерістер тек брон-хтың қабынуымен, созылмалы катаралды бронхиттің дамуымен шектеледі. Бүл жағдайда өкпеде эмфизема, склероз ошақтары, мононуклеарлық жасушалардан түратын сіңбелер ғана көрінеді.


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

Айта кететін жайт, асбестоз диагнозын анық қою үшің. өкпедегі склероз ошақтарында "асбестік дәнешіктерді" табу шарт (223-су-рет). Кейде асбестпен жүмыс істеген кісілердің қол-аяқтарында «асбестік сүйелдерң пайда болады. Оларда тіпті қақырық қүра-мында да «асбестік дәнешіктер» табылуы ықтимал, міне осы жағдай-ларда асбестоз диагнозы даусыз деп есептелінеді. Ауру өлімі өкпелік жүрек нашарлығынан, пневмония, өкпенің немесе плевраның қатерлі ісіктерінен, асбестік туберкулезден болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 110; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты