Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несие № 4. Тақырыбы 2. Этиологиясы химиялық өткір улануларда мамандырылған көмек көрсетуді ұйымдастыру




Тақырыбы 2. Этиологиясы химиялық өткір улануларда мамандырылған көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өткір уланулар клиникасы. Клиникалық диагностика. Дезинтоксикалық терапия әдістері.

Мақсаты:Студенттерді жедел улануда көрсетілетін мамандандырылған көмекті ұйымдастыру және дезинтоксикациялық емнің әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезистері

Қазіргі кезде ағзаны табиғи детоксикациялау эфферентті емдеудің комплексті әдістері бірге қолданылады. РФ РАМН-ның академигі Е.А. Лужникованың басшылығымен физика-химиялық гемотерапияны пайдаланып ағзаны табиғи детоксикациялауды стимульдеу тәсілімен комплексті детоксикациялау алгоритмі құрылды. Бұл детоксикациялаудың физиологиялық механизмін ертерек табуға ықпалын тигізді және оның дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Интоксикация тудырушы туралы алғашқы мәліметті улану синдромының клиникалық сипаттамасынан алады.

Мәскеулік Н.В. Скливсов атындағы НИИ жедел улануға жедел жәрдем көрсету орталығы ТМД елдеріндегі клиникалық токсикологияның дамуына лидерлік етумен айналысады. Осы орталықта жасанды детоксикация әдісін (МИД) пайдаланып және суда еритін токсиканттармен уланғанда гемодиализ жасап, кең спектрлі токсикалық заттар енгенде қан алмастыру жолымен, перитонеальды диалзбен, жедел улануды емдеуде кең қолданылатын жаңа бағыт гемосорбция әдісін пайдаланып қанның удан тазаруын жеңілдетеді және оңайлатады. МИД сорбциялы-диализді және ішектік лаважды үйлестіре қолданып, ауыр уланудағы токсигенді стадиясын анағұрлым қысқартуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде комплексті әдістерді қолдану арқылы детоксикациялық емдеудің госпитальді этабындағы өлімді анағұрлым төмендетеді.

Токсикантты ағзадан тез шығару үшін, жедел уланғанда госпитальға дейінгі және госпитальді этапта дәстүрлі әдіс болып саналатын арнайы (антидотты) ем қолданылады. Антидотты ем тек басқа емдеу әдістерімен бірге комплексті түрде емдегенде ғана эффективті болады. Госпитальға дейінгі этапта улануды диагностикалау қиындық туғызуы мүмкін, арнайы белгілері тез көрінбейді. Сондықтан, интоксикация белгілерін көру үшін зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді. Антидотты ем токсикалық заттың ағзаға тез таралмауын, оның ағзадан тез шығарылуын, әсерінің және қауіптілігінің аз болуын қамтамасыз ететін антагонистерін қолдануды ескертеді.

Жедел улануда шұғыл көмек көрсету және бірмезгілде келесі емдеу әдістерін пайдалану керек: токсикалық затты арнайы (антидотты) фармакотерапияны қолданып жедел түрде ағзадан шығару, сонымен қатар ағзаны жүйелі түрде қорғауға арналған симптоматикалық ем қолдану. Удың ағзадағы резорбция стадиясы және оның қандағы жоғары концентрациясы пайда болмай активті детоксикация жүргізу нәтижелі аяқталады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 142; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты