Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несие № 8




Тақырып 1.Уытты булар және газдар. Көміртек оксиді. Улылығы. Токсикокинетикасы. Клиникалық диагностикасы. Дезинтоксикациялық терапия әдістері комплексіндегі гипербарикалық оксигенация.

Мақсат:студенттерді көміртек оксидімен, оның улылығымен және дезинтоксикациялық терапия әдісімен таныстыру.

Дәріс тезистері

Көміртек (II) оксиді және кейбір басқа заттарды тікелей биологиялық материалдан тауып сандық құрамын анықтауға болады. Улы газ тәрізді заттардан ерекше токсикологиялық және сот-медициналық қызығушылықты СО —көміртек(II) оксиді тудырады.

Көміртек (II) оксиді — иісі және дәмі жоқ түссіз газ. Суда ерімейді, көкшіл жалынмен көміртек (IV) оксиді түзілгенше жылу бөле отырып жанады. Көміртек тотығымен жедел уланулар ингаляциялық уланулар арасында жетекші орындардың бірін алады, леталді жағдайлар барлық уланулардан болған жалпы өлім санының 12,5% құрайды.

СО ағзаға түсуінің жалғыз жолы — тыныс жолдары. Адам үшін токсикалық әсері СО концентрациясы 3∙10-3 г/л болатын ауамен 1сағ бойы дем алса байқалады. СО-ның токсикалық әсерінің механизмі карбоксигемоглобиннің — НЬСО түзілуімен байланысты. Өткір улануларда СО көбінесе эритроциттер гемоглобинінің темірімен байланысады. Қайталанатын немесе созылмалы улануларда қан плазмасында ұлпалардан бөлінетін гемоглобинге тән емес темірдің мөлшері ұлғаяды. СО-мен улануларда көмірсу алмасуы бұзылады. Иісті газбен интосикациясы ауырлығы мен мидағы глюкоза құрамы арасындағы тәуелділік анықталған.

Көміртек оксиді ағзадан негізінен тыныс жолдары арқылы бірнеше сағат бойы шығарылады. СО-мен дем алуды тоқтатқаннан кейін удың 60—70% 1 сағ бойы шығарылады; 4 сағ ішінде ағзамен абсорбцияланған дозаның 96% шығарылады. Болмашы мөлшерде көміртек оксиді тері арқылы —0.007 мл/сағ жуық, көбірек — АІЖ және бүйрекпен шығарылады. СО зәрмен темірмен біріккен комплексті қосылыс түрінде шығарылады. Көміртек оксидімен уланулардың зертханалық диагностикасы қандағы НЬСО анықтаумен байланысты. Бірақ, науқас стационарға түскендегі анықталатын қандағы НЬСО құрамы науқас жағдайының ауырлық дәрежесін анықтауда сенімді критерий бола алмайды.

Гипербариялық оксигенация әдісі (ГБО) жедел экзогенді улануларды емдеуде кең қолданыс тапты, себебі бұл патологияда гипоксияның барлық негізгі формалары мен типтері кездеседі. ГБО өткізуге көрсеткіштерді анықтағанда улану сатысы маңызды болып табылады. Токсикогенді сатыда, улы зат қанда айналып жүргенде, ГБО детоксикацияның қалыпты процестерін күшейту әдісі бола алады, бірақ улардың биотрансформациясы тікелей оттегінің қатысуымен тотығу жолымен улырақ метаболиттердің (көміртек монооксиді, метгемоглобин түзуші заттар) түзілуінсіз жүргенде ғана. Керісінше, биотрансформациясы аса улы метаболиттердің (карбофос, этиленгликоль және т.б.) түзілуіне әкелетін леталді синтез арқылы тотығу жолымен жүретін улармен уланудың токсикогенді сатысында ГБО қарсы көрсетілген.

 

Иллюстрациялық материал

Көміртек (II) оксидінің қандағы құрамын карбоксигемоглобин мөлшері бойынша анықтайды. Ағзаға түскен көміртек (II) оксиді дезокси- және оксигемоглобинмен байланысады, нәтижесінде кар­боксигемоглобин (СОНЬ)түзіледі. Метгемоглобин көміртек (II) оксидімен қанда байланыспайды. Бірақ зертханалық жағдайларда натрий дитиониті(Na2S2O4*2H2O) немесе басқа тотықсыздандырғыштар көмегімен метгемоглобинді дезоксигемоглобинге аударуға болады.

Бірқатар әдебиеттерде натрий дитиониті «натрий гидросульфиті»деген атпен белгілі.

Жоғарыда аталған гемоглобиннің барлық қосылыстарын (дезокси­гемоглобин, оксигемоглобин және карбоксигемоглобин) 450-620 нм тоқын ұзындығының аралығында көріну аймағындағы жұту спектрлері бойынша анықтауға болады. Оксигемоглобин және карбоксигемоглобиннің жұту спектрлері бір-бірінен болмашы ғана ерекшеленеді.Осыған байланысты көрсетілген қосылыстардың спектралды сипаттамаларын олардың сандық талдауында пайдалану қиынға соғады. Ал дезоксигемоглобин мен карбоксигемоглобиннің жұту спектрлері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.Сондықтан осы ерекшеліктер қандағы карбоксигемоглобиннің сандық анықтауында пайдаланылады.

Сурет 1. Қанды көміртек (II) оксидімен қанықтыруға арналған аппарат.

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология /Е.А. Лужников.-М.,"Медицина", 1994. – 189 с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Улануларда көміртек (II) оксидінің ағзаға ену жолдары.

2. Көміртек (II) оксидінің гемоглобинмен әрекеттесуі кезінде не түзіледі?

3. Дезоксигемоглобин, оксигемоглобин және метгемоглобин дегеніміз не, және олар көміртек (II) оксидімен қалай әрекеттеседі?

4. Көміртек (II) оксидімен уланудың негізгі симптомдары.

5. Адам қанының құрамындағы карбоксигемоглобиннің қандай мөлшері өлімге әкелуі мүмкін?

Тақырып 2-3 –Қандағы карбоксигемоглобинді ашатын және анықтайтын әдістер.

Мақсат:Студенттерді қандағы карбоксигемоглобинді табу және сандық анықтау әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезистері

Қандағы СО анықтау үшін түрлі әдістерді, соның ішінде алдын-ала сынамалар, спектрофотометрия, газды хроматография және арнайы әдістерді пайдалануға болады. Қандағы СО анықтауды СО бойынша жүргізеді, немесе қанның сынамасынан газ тәрізді қоспаны СО, СО2, О2, N2 бөліп алып, газ мөлшерін анықтайды және екі әдістің бірімен ондағы СО құрамын анықтайды.

Зерттеудің алдын-ала әдістері(химиялық). Төменде көрсетілген реакцияларды орындау барысында қатарласа екі түрлі үлгіні зерттейді — құрамында НЬСО жоқ қан және уланған адамның қанын. Үлгілерге бірдей көлемде реактивтер қосып түстің өзгерістерін байқайды. Түстің өзгеруі тек қалыпты құрамды қаны бар үлгілерде жүреді. Уланған адамның қан үлгісінің түсі өзгермейді немесе болмашы өзгереді.

Экспресс-тестер, немесе сынамаларды, тікелей оқиға болған жерде немесе уланған адам клиникаға түскеннен кейін бірден жүргізеді. Мақсаты —НЬСО болуын тез арада анықтау.

Спектроскопиялық әдіс. Спектроскопиялық (микроспектральді) анализдің негізінде гемоглобин және оның туындыларының белгілі бір толқын үзындығындағы жарықты жұту қасиеті жатыр, сондықтан құрамында гемоглобин және оның туындылары бар ерітінділер арқылы жарық сәулесі өткенде спектрде күңгірт жұту жолақтары пайда болады, олар әр гемоглобиннің туындысына сай спектрдің белгілі бір бөлігінде орналасады. Спектральді әдіс құрамында 10—30 % карбоксигемоглобині бар қанды зерттегенде өзін-ізі ақтайды.Сот-медициналық тәжірибеде осы мақсаттарда окулярмен байланысқан спектроскоп түріндегі приборлар— микроспектроскоптарды пайдаланады. Оксигемоглобин (НЬО) спектрдің көріну аймағында екі жұту жолағына ие λ 589— 577 және λ556—536 нм-де, тотықсызданған гемоглобин (НЬ) λ 596—543 нм-де бір жұту жолағына ие, НЬСО — 2 жолағы бар λ579—564 және λ 536—523 нм-де.

Газды хроматография әдісі

Газды хроматография қандағы СО жалпы мөлшерін анықтаудың қарапайым және тікелей әдісі болып табылады. Қаның НЬСО-нен СО бөліп алу натрий карбонаты немесе басқа заттардың ерітінділерін қосу арқылы жүзеге асырылады. Газды фаза жылуөткізгіштік бойынша детектормен жабдықталған хроматографқа енгізіледі. СО концентрациясы калибрлік график бойынша шың ауданын есептегеннен кейін анықталады. Әдіс нәтижелері НЬСО концентрациясы 30—100% болғанда шынайы болып табылады.Әдісті пайдаланудағы қателік 10% құрайды.

Қандағы НЬСО өлімге әкелетін концентрациясы орташа есеппен 60% құрайды, бірақ сыртқы әсерлер мен ағзаның ерекшеліктеріне байланысты 40 - 80% аралығында немесе одан да жоғары болуы мүмкін. СО-мен уланған адамдарды куәләндіруде орташа дәрежелі интоксикацияда алғашқы бір сағат бойында ағзаға түскен СО-нің шамамен жартысы шығарылатынын ескерген жөн.Ағзаның СО-нен толық босауы 10-12 сағ кейін, кейде 24 сағ дейін созылуы мүмкін. Мәйіт қанында 60% кем НЬСО анықталғанда өлім себебінің қорытындысын негіздеу мақсатында патологоанатомиялық мәліметтер мен істің мән-жайына талдау жүргізу керек.

Иллюстрациялық материал

1. Кесте 1 Улану симптомдары мен қандағы карбоксигемоглобин мөлшерінің арасындағы тәуелділік

Карбоксигемоглобин және гемоглобиннің жалпы мөлшері арасындағы қатынас       Улану симптомдары
0-10 10-20   20-30 30-40   40-50   50-60   60-70   70-80 Ешқандай симптомдар байқалмайды. Маңдай тұсында қысылу сезімдері, сондай-ақ жеңіл бас ауруы, терінің қан тамырларының кенеюі болуы мүмкін. Бас ауруы, самайдағы тамыр соғу сезімі. Қатты бас ауру, әлсіздік, бас айналу, көздің алдында қарауыту п.б., жүрек айнуы және құсу, коллапс. Сондай симптомдар, айқындырақ коллапс, тыныстың және тамыр соғысының жиілеуі. Тыныстың және тамыр соғысының жиілеуі, тырысулармен бірге жүретін кома, чейнстокс тынысы. Сондай симптомдар, тыныс және жүрек жұмысының әлсіреуі, өлімге әкелуі мүмкін. Әлсіз тамыр соғуы, тыныстың баяулауы, тыныстың тоқтауы және өлім.

Сурет 1. Көміртек (II) оксидінің карбоксигемоглобин бойынша спектрофотометриялық әдіспен сандық анықтауында бірқатар ерітінділер дайындалады.

 

 

Қанды көміртек(II) оксидімен қанықтыруға арналған аппарат.

 

 

Сурет 2. Карбоксигемоглобин (I) және дезоксигемоглобиннің (II) жұту спектрлері.

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология /Е.А. Лужников.-М.,"Медицина", 1994. – 189 с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Қандағы карбоксигемоглобинді табу және сандық анықтау әдістерінің классификациясы.

2. Сапалық талдау. Зерттеудің алдын-ала әдістері(химиялық).

3. Қандағы карбоксигемоглобинді анықтаудың химиялық экспресс-әдістері. Физико-химиялық зерттеу әдістері.

 

 

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

(практикалық, семинарлық, лабораториялық сабақтар)


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 158; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты