Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несие № 4. Тақырып 1. Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасы




Тақырып 1. Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасы. Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасын жүргізудің ерекшеліктері мен зерттеу нәтижелерін дұрыс тәржімалау.

Мақсат: Студенттердің өткір уланулардың диагностикасының талдау әдістемесін игеруі.

Оқыту мақсаттары:Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасының әдістемелеріне үйрену.

Білім берудің және оқытудың әдістері:семинар, аз топтарда жұмыс және студенттер жұптарының тапсырмаларды орындауы.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тақырып 1 (сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды топпен талқылау)

1. Дәрілік заттармен өткір улануды диагностикалауда химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар.

2. Сынамалар дайындау.

3. Әдістерді таңдау. Талдау әдістемесі. Клиникалық мәліметтерге байланысты талдаудың бағытталуы (клинико-токсикологиялық талдау).

4. Әдістерді рационалды үйлестіру принципі. Бағытталған талдауды жүргізу ерекшеліктері. Скрининг-талдау.

5. Биологиялық сұйықтықтардың талдауында қолданылатын әдістердің тиімділігі.

6. Дәрілік заттармен өткір улану диагностикасында қолданылатын сандық талдау әдістері.

7. Химия-токсикологиялық талдау құжаттары. Қорытынды құрастыру.

Тапсырма 2 (2 студент үшін). Өткір уланудың негізгі симптомдарын қолдану арқылы дәрілік заттармен өткір уланулардың диагностикасының талдауының схемасын құрастыру (метамфетамин, эфедрин, кофеин қоспасы және метамфетаминнің синтезінің жанама улы өнімдері).

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. - М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Өткір уланулардың аналитикалық диагностикасының талдау ерекшеліктері

2. Химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар.

3. Сынама дайындау. Әдіс таңдау. Талдау әдістемесі.

4. Клиникалық мәліметтерге байланысты талдаудың бағытталуы. Әдістерді рационалды үйлестіру принципі.

5. Бағытталған талдауды жүргізу ерекшеліктері. Скрининг-талдау.

6. Биологиялық сұйықтықтар талдауынды қолданылатын әдістердің тиімділігі.

7. Химия-токсикологиялық талдау құжаттамасы. Қорытынды құрастыру.

Қосымша

1. Улану кезіндегі химико-токсикологиялық талдау ерекшеліктері.

ХТТ негізгі талабы нәтижені тезірек алу. ХТТ объектілері қан, жұлын сұйықтығы, зәр, құсық массасы, асқазан шайындысы және уланумен байланысты заттық дәлелдер: дәрілік препараттар, өсімдік объектілері (мысалы көкнәр талшығы), органикалық еріткіштер, тұрмыстық химия заттары, тағам қалдықтары, белгісіз сұйықтықтар, т.б.

Аталған объектілердің кейбірінде удың аз мөлшері болуы мүмкін. Күшті әсер ететін дәрілік заттар зақымданушының организмінде анықтау шегінен аз болуы мүмкін. Оларды анықтау үшін арнайы оқшаулау әдістері және сезімталдығы жоғары физико-химиялық экспресс талдау әдістері қолданылады. ХТТ заманауи әдістері дұрыс клиникалық диагноз қоюдың объективті негізі, детоксикация процессі кезінде организмнен улы заттардың шығуын бақылауға мүмкіндік береді.

Алынған нәтижелердің сенімділігі биосынаманы алу мерзіміне тәуелді болады. Әртүрлі химиялық құрылысты улар үшін улану мен сынама алу арасында белгілі уақыттық интервал бар, ол түсу, таралу механизмдерімен және удың жартылай шығарылу периодымен байланысты.

ХТТ жүргізу кезінде мыналарды ескеру қажет:

• улану түрі (өткір немесе созылмалы);

• қабылданған у мөлшері және дене массасы (доза масса бірлігіне);

• удың биожеткіліктілігі және оның белокпен байланысуы;

• өзге химиялық заттармен әрекеттесуі синергизм/антагонизм;

• зардап шегушінің жынысы;

• денсаулық жағдайы (ілеспе аурулары). Осы аталған факторлардың біреуін ескермеу талдау қатесін тудырады және жалған теріс, жалған оң нәтижеге әкеледі.

2. Өткір улануларда жиі ХТТ келесі улар топтарына немесе олардың өкілдеріне жүргізіледі:

• Психотропты әсері бар препараттар: барбитураттар, бензодиазепиндер, фенотиазиндер, лепонекс, тырысуға қарсы және өзге үшциклді антидепрессанттар , наркотикалық анальгетиктер (опиаттар және опиоидтар).

• Кардиотоксикалық әсері бар дәрілік препараттар: адреноблокаторлар, кальций каналының антагонисттері, жүрек гликозидтері. антиаритмиялық препараттар, клофелин.

• Тырысуға қарсы әсері бар дәрілік препараттар: тубазид, үшциклді антидепрессанттар.

• Антихолинергиялық (холинолитикалық) әсері бар дәрілік препараттар: антигистаминді заттар, паркинсонға қарсы заттар, белладонна алкалоидтары.

• Алкоголь және алкоголь суррогаттары, өзге спирттер: метил, этиленгликоль, изопропил.

• Органикалық еріткіштер: дихлорэтан, төртхлорлы көміртек, үшхлорэтилен, бензол.

• Күйдіргіш сұйықтықтар: қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар.

• Метгемоглобин түзуші әсері бар заттар: анилин, нитраттар, нитриттер.

• Металл қосылыстары (мыс, сынап, темір, қорғасын, т.б.), мышьяк және селен қосылыстары.

• Улы саңырауқұлақтар.

• Көміртек (II) оксиді, улы түтіндерді қоса алғанда улы газдар.

• Тітіркендіргіш, күйдіргіш, тұншықтырғыш әсері бар газдар: хлор, аммиак, азот және күкірт оксидтері, күкіртсутек.

• Антихолинэстеразды заттар: фосфорорганикалық инсектицидтер, карбаматтар, пиретроидтар, физостигмин.

• Өсімдіктер мен жануар токсиндері.

• Есірткілер.

Егер клиникалық көріністері интоксикацияның алғашқы сатыларында улану себептерін анықтауға мүмкіндік бермесе, сапалық және сандық талдау ларды қысқа мерзім ішінде жүргізеді (науқас стационарға түскеннен кейінгі максимум 1-2 сағат). Өткір уланулардың диагностикасында ХТТ жүргізу нәтижесі және емдеу тиімділігі белгілі деңгейде клиницист пен химик арасындағв ақпарат алмасу уақытына байланысты болады. ХТТ жүргізу көлемі және тереңдегі көп жағдайда клиницисттер талаптарымен анықталады. Улардың әртүрімен улану симптомдарын уланудың клиникалық көрінісін толық игеру ХТТ әдістерін дұрыс таңдаудың негізгі шартының бірі болып табылады. Сондықтан химик-токсиколог әр умен уланудың негізгі симптомдарын білу қажет

 

2. Кесте 1. Өткір уланулардың симптомдары (мысалдар)

Клиникалық көріністері Симптомдар Улар
Жалпы күйдің бұзылысы Мазасыздық, қозу     Қозғалмау, кома Кокаин, ЛСД, ОЖЖ ынталандыратын заттар   Ұйықтатқыш заттар, органикалық еріткіштер, литий тұздары
Неврологиялық бұзылыстар Электроэнцефалограммаға тіркелген бұзылыстар   Моторлы функциялардың бұзылысы   Сөйлеудің бұзылуы Қимыл бұзылысы Орталық нейролептиктер   Бензодиазепиндер, алкоголь     Алкоголь,есірткі Есірткі, бутирофенондар, карбамазепин, литий тұздары, этиленгликоль
Психиатриялық бұзылыстар Психоздар, дезориентация, ступор Есірткілер, симпатомиметиктер алкоголь
Қан қысымының бұзылуы Гипотония   Гипертония Үшциклді антидепрессанттар Кортикостероидтар, ОЖЖ ынталандырғыштары
Дене температурасы өзгеруі Гипертермия   Гипотермия ЛСД, амфетаминдер, динитрокрезол Алкоголь, бензодиазепиндер
Тыныс жиілігінің бұзылуы Депрессия   Гипервентиляция Опиаттар, барбитураттар, бензодиазепиндер Салицилаттар
Бұлшықет тонусының бұзылуы Спазм, тетанус Стрихнин, ботулиндік токсин
Офтальмологиялық бұзылыстар Тарылған қарашық Опиаттар, холинэстераза ингибиторлары

 

Кесте 2. Өткір улану кезіндегі тері түсінің өзгеруі (мысалдар)

Тері түсі У немесе улану процессі
Көгерген (цианоз) Гипоксия, метгемоглобинемия
Көк Амитриптиллин, хлоралгидрат таблеткасы
Сарғаю Бауыр бұзылысы, алкоголь, бораттар, нитриттер, балық немесе саңырауқұлақтармен улану, металдар, еріткіштер
Қызару Көміртек (II) оксиді
Қараю (соңынан некроз) Қышқыл, сілті, заттарды венаға енгізу

Кесте 3. Өткір улану кезіндегі зәрдің түсі (мысалдар)

Зәр түсі У
Қызыл (қызғылт) Ампициллин, анилин, кейбір жидектер, ибупрофен, қорғасын, сынап, фенитоин, хинин, рифампицин
Сарғыш Варфарин, рифампицин, бұрыш
Қоңыр татты Хингамин, нитрофурантоин

Тақырып 2-3– Көпдеңгейлі ситуациялық есептерді шешу:

- талданатын сынамаға алдын-ала зерттеуді жүргізу;

- сынама дайындау;

- химия-токсикологиялық талдау жүргізу

Мақсат: Өткір улануда студенттердің ХТТ схемасын игеруі.

Оқыту міндеттері:Ситуациялық есеп бойынша ақпараттық материалды жинауды және ХТТ схемасын құрастыруды үйрену.

Өткізу формасы:Теориялық материалды топпен талқылау және студенттер жұптарының тапсырманы орындауы.

.

 

Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма 1 (сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды топпен талқылау)

1. Клиникалық диагностика. Клинико-токсикологиялық талдау ерекшеліктері.

2. Дәрілік заттармен өткір улануда ХТТ қойылатын талаптар.

3. Сынама дайындау.

4. Әдісті таңдау. Талдау әдістемесі.

5. Клиникалық мәліметтерге сәйкес талдаудың бағытталуы.

6. Әдістердің рационалды үйлесуі принципі. Бағытталған талдау жүргізудің ерекшеліктері.

7. Скрининг-талдау. Биологиялық сұйықтықтарды талдауда қолданылатын әдістердің тиімділігі. Сандық талдау.

8. Химия-токсикологиялық талдау құжаттамасы. Қорытынды құрастыру

 

Тапсырма 2Көпдеңгейлі ситуациялық есептерді шешу:

1) Талданатын сынамаға алдын ала зерттеу жүргізу (қосымшаны қараңыз ситуациялық есептерді шешу алгоритмі №1,2)

2) Сынама дайындау(қосымшаны қараңыз ситуациялық есептерді шешу алгоритмі №3);

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. - М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары:

1. Клиникалық диагностика. Клинико-токсикологиялық талдау ерекшеліктері.

2. Дәрілік заттармен өткір улануда химия-токсикологиялық талдауға қойылатын талаптар.

3. Әдіс таңдау. Талдау әдістемесі.

4. Әдістерді рационалды үйлестіру принципі.

5. Химия-токсикологиялық талдау құжаттамасы.

 

Қосымша

1. У табиғатын зертханада жылдам анықтау үшін биосұйықтықтарға бағытталған талдау жүргізу үшін уланудың біріншілік клиникалық диагнозы керек.

У табиғатын бағытталмаған зертханалық анықтау биоматериалда әртүрлі заттар класын (мысалы, барбитураттар, фенотиазиндер, хлорлы көмірсутек,опиаттар) анықтау ұзақ уақыт алады, сондықтан талдау нәтижесі өзінің клиникалық маңызын жоғалтуы мүмкін. Зерттеуге түсетін материалдарда іздеуге бағытталмаған сілтеу көрсетіледі. Ілеспе құжаттарда,ереже бойынша былай жазады: «Улану табиғаты белгісіз удан болды». Бұл жағдайда бағытталмаған ХТТ жүргізу схемасы келесідей:

Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел жәрдем бригадасы улануға себеп болатын заттық дәлелдерді жинайды. Тасымалдау үшін сұйықтықты таза құтыға құйып, бекітіп жабады. ХТТ жүргізу үшін тірі адамдардан зәр сынамасын және асқазан шайындысын алады(алғашқа порция 200 мл).

Зардап шегуші стационарға түскен жағдайда инфузионды терапия алдында қан және зәр сынамасын алады. Стационарда дәрігер-токсиколог клиникалық симптомдар және биосұйықтықтарды алдын ала зерттеу нәтижелерінің және заттық дәлелдердің негізінде уды табу бағытын анықтайды. ХТТ алдын ала зәр сынамасын кейбір тамшылы химиялық реакцияларды, сілтілі, бейтарап, қышқыл сығындылардың, ұшқыш заттардың хроматографиялық скринингін жүргізу арқылы талдайды.

ХТТ алғашқы кезеңінде улы затты биоматериалдан оқшаулайды. Оқшаулауды органикалық еріткіштермен әртүрлі рН ортасында, реэкстракция, дистилляция, сорбция немесе органикалық матрицаны минерализациялау (металл уларын анықтағанда) арқылы жүргізеді. Келесі кезеңде уды химиялық реакциялар және инструменталды әдістер арқылы сапалық анықтау жүреді. Уланудың себебін дәрігер-токсиколог ХТТ нәтижелері мен клиникалық бақылау кешенімен қояды.

2. Ситуациялық есептерді шешу алгоритмі

Ситуациялық есептерді шешу хаттамасында келесі сұрақтар көрсетілуі керек:

1. Зерттеу объектілерін жіберу және қабылдау ережелері.

1.1 Зерттеу объектілерін жіберу және қабылдау ережелері.

1.2 Заттық дәлелдерді қабылдау ережелері. Тіркеу.

1.3 Заттық дәлелдердің ілеспе құжаттары: ХТТ жүргізуге негіз болатын құжат(сот-химиялық сараптамасы)

1.4 Қаптаманың, зерттеу объектісінің сыртқы түрін қарау.

1.5 Объекттің консервіленгенін қарау.

1.6 ХТТ жүргізудегі құжаттама.

1.7 Заттық дәлелдерді, құжаттарды сақтау.

2. Зерттелетін заттар - улардың физико-химиялық сипаттамасы, токсикокинетикасы, метаболизмі.

2.1. Сот-химиялық зерттеуге түсетін заттар тізімі.

2.2. Улардың физико-химиялық қасиеттері, табиғаты

2.3. Улардың организмге ену жолдары

2.4. Улылық механизмі. Зақымдалу деңгейі: молекулалық, биохимиялық, жасушалық, тіндік, ағзалық деңгей.

2.5. Токсикокинетикалық параметрлер

2.6. Метаболизм.

2.7. Элимининациялану әдістері.

Талдау әдістерін таңдау және сынама дайындау, зертхана жұмысын GLP принциптеріне сай ұйымдастыру МАҢЫЗДЫ!

3. Сынама дайындау және оқшаулау схемасын құрастыру кезеңдері.

3.1. Алдын-ала өңдеу.

3.2. Конъюгирленген метаболиттер гидролизі (қажет жағдайда).

3.3. Экстракция.

3.4. Тазалау.

3.5. Дериватизация (қажет жағдайда).

4. Химия-токсикологиялық талдау әдістері.

Кестеде әртүрлі топ улары үшін талдау әдістері көрсетілген. Бірақ қажет жағдайда улардың элементтік құрамына зерттеу жүргізу «А» категориясына элементтік талдау әдістерін: ИСП-МС, АЭС-ИСП, РФА, ААС, НАА кіргізуге болады.

 

Категория А Категория В Категория С
Масс спектрометрия Жұқа қабатты хроматография Түсті тесттер  
ИҚ спектроскопия Микрокристаллдық тесттер Иммунные әдістер
Ядролық магнитті резонанс спектроскопиясы Газды хроматография Балқу нүктесі
  Сұйық хроматография УК спектроскопия
  Ионды қозғалғыш спектрометриясы Флуоресценция
  Капиллярлы электрофорез  
  Тек конопли үшін: ботаникалық зерттеу (макро және микро)  

 

Қолдану нұсқаулары:

· А + (А немесе В немесе С).

· В + В + (В немесе С).

· Жұптасқан әдістер (ГМ-МС)

4.1. Жұқа қабатты хроматография әдісі. Еріткіштердің жалпы және жеке жүйелерінде зерттеу (КАТЕГОРИЯ В).

4.1.1. Әдіс жетістіктері. Сезгіштігі. Анықтау шегі.

4.1.2. Хромагографиялау шарттары, сорбент таңдау, еріткіш жүйесін таңдау, үлгілер таңдау, еріткіштің жүріп өту ұзындығы, камераның еріткіш буымен қанығу уақыты.

4.1.3. Заттарды хроматографиялық пластинада анықтау.

• Детектирлеуші реагенттерді таңдау.

• Зерттелетін заттардың КГ аймақ мәні.

• ЖҚХ – талдауды жүргізу әдістері.

4.1.4. Нәтижелер интерпретациясы.

4.2. Талдаудың иммунохимилық әдістері (КАТЕГОРИЯ С).

4.2.1. Әдіс таңдау (мысалы, гетерогенді иммуноферментті әдіс немесе гомогенді талдау).

4.2.2. Заттарды анықтау принциптері.

4.2.3. Жалған оң, жалған теріс нәтижелер.

4.2.4. Үлгілерді іріктеу және сақтау.

4.2.5. Талдауды жүргізу әдістемесі.

4.2.6. Нәтижелеринтерпретациясы. Әдіс артықшылары, кемшіліктері (сезгіштігі, арнайлығы т.б.).

5. УК спектрометрия жіне спектрдің көрінетін аймақтарындағы спектрометрия (КАТЕГОРИЯ С).

• Зерттелетін зат қай топқа жататынын анықтау — арнайы жұтылуы бар немесе жоқтығы, әртүрлі рН ортасында өзгеретін.

• Спектральді сипаттама келтіру.

• Сынаманы талдауға дайындау.

• Нәтижелер интерпретациясы. Артықшылықтары, кемшіліктері (сезгіштігі, арнайлығы т.б.).

6. ЖЭСХ талдау, ГХ талдау, т.б. КАТЕГОРИЯ «В» әдістері.

• Заттарды бөлу шарттарын және анықтауды талдау.

• Хроматографтың градуирленген сипаттамасын анықтау және зерттелетін заттың анықтау шегін анықтау.

• Биообъектіні зерттеуге дайындау.

• Биосынамаға сапалық талдау.

• Сандық талдау (сандық талдау әдістерінің есептеулері).

• Нәтижелер интерпретациясы. Әдіс артықшылары, кемшіліктері (сезгіштігі, арнайлығы т.б.).

7. ГХМС, ИҚС, ЯМР (ПМР) және т.б. КАТЕГОРИЯ «А» әдістері.

• Биообъектіні талдауға дайындау.

• Биосынамаға сапалық талдау (мысалы, масс-спектр, ПМР спектрдің библиотекасы).

• Сандық талдау (сандық талдау әдістерінің есептеулері).

• Нәтижелеринтерпретациясы.

8. Микрокристаллоскопиялық әдістер (КАТЕГОРИЯ В).

9. Талдаудың химиялық әдістері (КАТЕГОРИЯ С).

10. Морфологиялық әдістер (КАТЕГОРИЯ В).

11. Фармакологиялық әдістер (КАТЕГОРИЯ В).

Талдау нәтижелерін, удың токсикокинетикасы және физико – химиялық параметрлерін, уланудың клиникалық немесе паталогоанатомиялық белгілерін жалпылап көрсету МАҢЫЗДЫ және ХТТ нәтижелері интерпретацияларына көшуге болады.

12. Талдау нәтижесінің интерпретациясы.

13. Биообъектіде (заттық дәлелдерде) уланудың анықталуы және сандық мөлшері жайлы қорытынды.

Қолы, күні.

 

Тақырып 4– Көп сатылы ситуациялық есептерді шешуді аяқтау. Аналитикалық диагностика қорытындысын рәсімдеу.

Мақсаты: Өткір уланудың ХТТ схемасын құрастыруды және аналитикалық диагностика қорытындысын жазуды студенттерге игеру.

 

Оқыту мақсаты:ХТТ схемасын құрастыруды және аналитикалық диагностиканың қорытындысын жазуды үйрену.

Білім берудің және оқытудың әдістері:Теориялық материалды топпен талқылау және студент жұптарының тапсырмаларды орындауы .

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма 1 (сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды трппен талқылау)

1. Талдау әдістемесі. Клиникалық мәліметтерге байланысты талдаудың бағытталуы.

2. Әдістерді рациональды үйлестіру приципі.

3. Бағытталған анализ жүргізу ерекшеліктері. Скрининг – талдау.

4. Биологиялық сұйықтарды талдауда қолданылатын әдістер тиімділігі.

5. Сандық талдау.

6. ХТТ құжаттамасы. Қорытынды құрастыру.

Әдебиет

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. - М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары:

1. Клинико-токсикологиялық талдау ерекшеліктері.

2. ДЗ өткір улану кезінде ХТТ қойылатын талаптар.

3. Талдау әдістемесі.

4. Әдістерді рациональды үйлестіру принципі.

5. ХТТ қорытындысын құрастыру.

Қосымша

1. Ситуациялық есептерді орындауға және безендіруге қойылатын талаптар.

Химия – токсикологиялық зертханада талдауды тіркеу журналы жүргізіледі. Бұл заңды құжат. Журнал байланған және номерленген беттері болуы қажет. Журналға енгізеді:

• бөлім аты, күні, талдау номері, зардап шегушінің фамилиясы мен инициалдары, ауру тарихы номері, диагноз (алдын ала және шешуші);

• зерттеу объектісі (қан, зәр, шаштар);

• биологиялық сынаманы іріктеу және жеткізу уақыты;

• зерттеуге таңдалған әдіс және жүргізілген талдау нәтижесі. Тіркеуді клиникалық зертхана маманының қолтаңбасы аяқтайды.

Өзіндік жұмысты безендіру тәсілі

Мұқабасына жазу керек:


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 245; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты