Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таратылатын материал. 1. Қышқылдар, сілтілер, сілтілік метал тұздарының оқшаулау әдістері.Бұл топтағы заттарды анықтау




1. Қышқылдар, сілтілер, сілтілік метал тұздарының оқшаулау әдістері.Бұл топтағы заттарды анықтау үшін асқазан ішіндегісімен,құсық массалары,тамақ қалдықтары,киім бөліктері ,бауыр және т.б. объектілер алынады.Зерттелетін объектіні дистилденген судың аз мөлшерімен ботқа тәріздес масса пайда болғанша араластырады ,1-2 сағат фильтрлейді.Ақуызды заттарды жою үшін қоспаны (фильтрацияға дейін) немесе фильтратты диализдейді.Диализді 2-3 рет 4-6 сағаттан жүргізеді. Диализденген бөлінділерді қосып су моншасында буландырады және қышқылдар, сілтілер, сілтілік металл тұздарына анықтау жүргізіледі.Бұл мақсатта электродиализ тиімді болып табылады.

2. Минералды қышқылдар. Минералды қышқылдардың зерттелетін объектілерде немесе сулы бөлінділерде болуын индикаторлардың (лакмус,конго, әмбебап) көмегімен анықтауға болады. Қышқыл ортада конгоның көгеруін бақылайды . Зерттелетін затпен әрекеттескедегі индикаторлардың түсінің өзгеруі қышқылдарға жеке-жеке талдау жүргізуді көрсетеді.Бос қышқылдарды анықтау тек оларды айдағаннан кейін мүмкін болады.Кейбір қышқылдар өте жоғарғы температурада айдалады,сондықтан олардың ұшқыш түрдегі қосылыстарын қолданады.Күкірт қышқылын күкіртті қышқылына дейін ,ұшқыш түрде ол SO2 ангидриді, азот қышқылын — азот оксиді түрінде . Бос күкірт қышқылы әсерінен жәй айдау кезінде зерттелетін объектіде хлоридтерден хлорлысутегі айдалады:

NaCl + H2SO4→НС1 + NaHSO4.

Сондықтан талдауды күкірт қышқылынан бастау керек.

3. Негіздер - сілті - NaOH, КОН және Са(ОН)2; әлсіз негіздер -NH4OH.

Мүсәтір спиртімен улану көп жағдайдп кездеседі ,ал каустикалық содамен улану сирек.Сілтілер ағзаға ауыз арқылы өндірістегі авария кезінде, аммиякпен ингаляционды жолмен түседі.Мүсәтір спирті (NH4OH) — аммиактың (NH3) 10% сулы ерітіндісі; техническлық ерітіндісінде аммиак 28—29% NH3 болады,сумен араласады,өткір иісті, 1% сулы ерітіндісің рН -ы 11,7. Каустикалық сода (натрия гидроксид, NaOH) — қатты ақ түсті зат,балқу температурасы 320 "С, Т. қай. 1390 °С. Суда ерігіштігі 42% 0 °С-та, 1% сулы ерітіндісің рН -ы 13,0. Калийй гидроксидімен улан у сирек тіркеледі. Сөндірілмеген және сөндірілген әк жиі токсикалық у ретінде кездеседі.Сілтілерді анықтау үшін бөліндіге бірнеше тамшы фенолфталеиннің спиртті ерітіндісін,сосын барий хлоридін қосады, күлгін түстің сақталуы NaOH, КОН, NH4OH и Са(ОН) болуын көрсетедіҚосымша зертханалық ыдыстардың сілтілі-тұрақтылығын анықтап алу қажет..

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары

1. Қышқылдардың химия-токсикологиялық мінездемесі.

2. Сілтілердің химия-токсикологиялық мінездемесі.

3. Сілтілі метал тұздарының химия-токсикологиялық мінездемесі.

4. Диализ әдісін осы топтардағы заттарды оқшаулау үшін.

5. Осы топ заттарын бөлу үшін мембраналы фильтрацияны қолдану.

 

Тақырыбы 5.Аралық бақылау: коллоквиум

Мақсаты: Студенттердің білімін берілген бөлімдер бойынша тексеру: студент органикалық полярсыз еріткіштермен оқшауланатын (пестицид) және диализді қолдана отырып сумен экстракцияланатын заттар тобының химия-токсикалық талдау тәсілдерін білуі қажет.

Оқыту мақсаты: Студенттерді пестицидтер тобындағы заттардың сот-химиялық оқшаулау әдістерімен және диализді қолдана отырып сумен экстракциялау әдісітерін үйрету.

Өткізу түрі:Вариантты тапсырмаларға жауап беру.

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары

1. Биологиялық қауіптілік: экопатогендер,қауіпті биологиялық агенттер, биорегуляторлар. Табиғи токсиндер.

2. Пестицидтер, классификация. Метаболизм және токсикокинетика.

3. Пестицидтер.Топтың жалпы мінездемесі.

4. Пестицидтердің токсикалылығы.

5. Пестицидтерді химия-токсикологиялық талдаудың әдістері.

6. Пестицидтермен уланудың клиникалық көрінісі. Клиникалық диагностикасы.

7. Пестицидтермен уланғанда организмді детоксикациялау әдістері.

8. Фосфорорганикалық пестицидтерді оқшаулау және тазалау ерекшеліктері.

9. Хлорорганикалық пестицидтерді оқшаулау және тазалау ерекшеліктері .

10. Карбамин қышқылың туындыларын оқшаулау және тазалау ерекшеліктері.

11. Фосфорорганикалық пестицидтердің сипаттамасы,анықтау тәсілдері және сандық анықтау әдістері (хлорофос, дихлофос, карбофос, метафос, сипаттамасы.).

12. Хлорорганикалық пестицидтерді анықтау тәсілдері және сандық анықтау әдістері (ДДТ, гексахлороциклогексан).

13. Карбамин қышқылың туындыларын (карбарил) анықтау тәсілдері және сандық анықтау әдістері .

14. Пестицидтерді алдын-ала талдау әдістері.

15. Пестицидтерді энзим этикалық талдау әдісі,оның маңыздылығы.

16. Түсті реакциялар және олардың ЖҚХ-мен үйлесуі.

17. Пестицидтерді биологиялық объектілерден анықтауда селективті детекторлы ГСХ-ны қолданудың тиімділігі.

18. ФОП –ды несептен анықтау.

19. Сот-химиялық экспертизада селективті детекторлы ГСХ-ның ФОҚ-ты өлік материалынан анықтауда қолданылуы.

20. Пестицидтерді талдаудағы химиялық тәсілдер.

21. Диализ әдісін қолдана отырып сумен экстракцияланатын заттар тобының жалпы мінездемесі .

22. Диализ әдісін қолдана отырып сумен экстракцияланатын заттар тобының улылығы.

23. Диализ әдісін қолдана отырып сумен экстракцияланатын заттарды алуда негізгі объектілерді таңдау .

24. Диализ әдісін қолдана отырып сумен экстракцияланатын заттар тобын рН ортасын анықтау тәсілдері.

25. Сумен экстракцияланатын заттардың мембраналы фильтрациясы және диализі.

26. Қышқылдыардың оқшаулау,талдау,және токсикалылығының ерекшеліктері.

27. Сілтілердің оқшаулау,талдау,және токсикалылығының ерекшеліктері .

28. Сілтілі метал тұздарының тобына химия-токсикологиялық талдау.

29. Өсімдік объектілерінен нитриттер мен нитраттарды оқшаулау және анықтау схемасын құрастыру.

30. Диализ әдісін қолдана отырып сумен экстракцияланатын заттар тобына сот-химиялық зерттеудің қорытынды-актін құрастыру.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 103; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты