Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Таралатын материал




Металдардың улы механизмі. Бейорганикалық заттардың уытты әсері жалпы спецификалық емес және спецификалық белгілермен көрінеді.Әр түрлі улы токсиканттардың улы механизмдерінде жалпы ұқсастық бар.Бұл әсіресе металдардың тасымалдау механизміне қатысты.Металл ионы өзінің токсикалық қасиетін көрсету үшін,ол биологиялық мембранадан өтіп,клетка ішіне ену керек.Егер элемент липидтерде еритін химиялық қалыпта болса (мысалы,мышьяк немесе сынап алкил туындылары түрінде), онда липид қабаттарының жасуша мембранасынан диффузия – кедергісіз жүреді.Металл ақуызбен.мысалы кадмийдің металлотионеинмен байланысуында эндоцитоз,пиноцитоз,фагацитоз жолыменметалл жасушаға түседі.Кальций каналдары арқылы кейбір иондар(мысалы, қорғасын ионы) бос күйінде тасымалдана алады. Иондардың тасымалдануы эндогенді лигандалармен комплекс түрінде, оларды тасымалдайтын, арнайыландырылған тасымалдағыш жүйелері арқылы жүреді. Улы элементтер және қажетті элементтердің артық мөлшері, биологиялық жүйедегі динамикалық тепе-теңдік қайтымсыз ығысуын шақыру мүмкін, ол өз кезегінде патологияға немесе өлімге алып келеді. Химиялық агент молекулярлық деңгейден бастап, әр түрлі құрылым сатыларында өзінің зақымдау әсерін көрсетеді. Молекула деңгейінде бейорганикалық заттардың маңызды аномальды әсері, ферменттерді ингибирлеу (бөгеу), макромолекула конформацияларының қайтымсыз өзгерістер (ақуыз, нуклеин қышқылы) және оның салдарынан биосинтез, биотрасформация жылдамдығының өзгеруі, сонымен қатар, мутация пайда болуына алып келеді. Бейорганикалық улардың молекула деңгейінде әсері жасуша деігейінде өзгеріс тудырады. Оларға өмірлік маңызды метаболиттердің жетіспеуі, құрылымының және жасуша мембранасының өткізгіштігінің бұзылысы. Биоортадағы металл иондарының токсикалық механизмі көбіне химиялық құрылысымен анықталады. Онда токсикалық элемент өзінің тотығу дәрежесәнде болады. Токсикалық қосылыстардың рН потенциалды диаграммасы элементтердің тотығу дәрежесіне және физиологиялық рн ортаның әр түрлі мәніне тәуелді. Металл иондарының токсикалық механизмі сонымен қатар комплекс түзумен анықталады.Металдық ақуызбен байланысудың бірнеше түрі бар. Тасымалдағыш рөлді тағы аминоқышқылдар және пептидтер атқарады. Металдардың токсикалық әсері олардыңжасушалық нысаналармен байланысуымен анықталады.Молекуярлы құрылымдар осындай нысаналарға жатады.Олар спецификалық биохимиялық айналуларға және мембрананың субжасушалық құрылымдарына қатысады. Токсикалық металдар органелла қатарының құрылымы мен функциясын бұзу мүмкін. Кейбір металдар адамдар мен жануарлар үшін канцерогенді.Мышьяктың әр түрлі химиялық формалары, хром (ІІ) қосылыстары, никель (ІІ) қосылыстары адамның канцерогені ретінде белгілі, берилий, кадмий, платина қосылыстары-мүмкін болатын канцерогендер. Канцерогенділік, металл ионының клеткалық ДНҚ−н байланысу процесіне қатысады. Металдардың токсикалығы мүшелер мен жүйелердің функциясының бұзылуымен анықталады.Жүйке жүйесі барлық токсикалық металдарға нысана болып табылады, әсіресе органикалық металдардың туындыларына.Металдардың токсикалық қасиеті адамның репродуктивті жүйеге әсер ететіні жөнінде сөз бар. Себебі әйелдің және еркектің репродуктивті мүшелері күрделі нейроэндокринді бақылауда болады. Металдық шаң тозаң әсері негізінде оның нысанасы тыныс алу жүйесі болып табылады.

Металдардың ионды және атомды формаларының әсерінен Молекуляры нысаналар рөлін атқарады:

• гемқұрамды белоктар және ферменттер;

• пероксидті және белоктар мен липидтердің бос радиклды тотығу жүйелері;

• антиоксидантты қорғану жүйесі;

• электрондарды тасымалдайтын және АТФ синтездейтін ферменттер

• клеткалы мембрананың және мембрананың ионды каналдарының белоктары.

 

Металдардың улылығына әсер ететін факторлар:

• токсиканттың эссенциалды элементтермен бәсекелесе әрекеттесу қабілеттілігі;

• әр түрлі кинетикалық және термодинамикалық сипаттамалармен металл−белокты комплекс түзу қабілеттілігі;

• нысана құрылымына ұзақ әсер ету мүмкіндігі;

• Металдың әр түрлі химиялық формаларын табу;

• организмдегі иммунды жүйенің күйі.

Металдардың токсикалық әсері бірнеше әсер механизмдерге негізделген.

 

Сурет. 1. Металдық улардың организмге түскеннен кейін таралуы.

Әдебиеттер

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

4. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / В. Ф. Крамаренко. - Киев, «Высшая школа», 1989.- 272с.

Бақылау сұрақтары

1. Заттар тобының жалпы сипаттамасы.

2. Улылығы.Токсикокинетика сұрақтары.

3. Физика-химиялық қасиеттері және улы механизмдері.

4. «Металдық улардың» токсикокинетика сұрақтары:

a) сорылуы,

b) таралуы,

c) бөлініп шығуы.

 

Тақырып 2.Микроэлементтер туралы жалпы мағлұматтар. Маңызды эссенциальды және шартты-эссенциальды микроэлементтер. Уытты микроэлементтер. Адам организмінде, өмірінің әртүрлі кезеңдерінде қалыпты мөлшерде болатын микроэлементтер.

Мақсаты:Адам организміндегі микроэлементтердің құрамымен сонымен қатар,олардың улылығы туралы түсінікпен студенттерді таныстыру.

Оқыту мақсаты: Адам организміндегі микроэлементтер туралы студенттерге білім беру.

Өткізу түрі: презентациямен бірге топтық талқылау.

Тақырып бойынша тапсырмалар:тақырып бойынша презентация

1. Микроэлементтер туралы негізгі түсінік.

2. Улы микроэлементтер.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 138; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты