Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ық әлеуметтік институт ретінде




Бұл тұрғыда құқық жалпы әлеуметтік бүтіндіктін бір бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап-тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқа да әлеуметтік инститтарымен (мысалы, мәдениет, білім, саясат, экономика, т.б.) бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.

Құқықтың институционалдық сипаты оның басқа жақтарынан да көрінеді. Мысалы, құқықтың іс-әрекеті, қызметі қамтамасыз етіледі. Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін мәжбүрлеу шаралары қолданылады, ал, құқықты бұзса, санкция белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытта күдікпен қарайды.

Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқық әлеуметтік үддеріс ретінде қаралуы тиіс. Ал, оны осындай үдеріс ретінде түсіну – ол құқықтық ережелердің атқаратын қызметін (нақтылап айтсақ бұл құқықтық ережелер өмірге қалай енгізіледі, олар өмірде қалай қолданылады және қалай түсіндіріледі, шаблондық пайдалану арқылы қоғамның институционалдық құрылымына қалай кіреді, т.б.) түсіну деген сөз.

Әлеуметтануда құқық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның ішінде әлеуметтік институт ретінде қаралады. Бұл жерде құқық қоғамның объективтік - әлеуметтік-нормативтік (ережелік) құрылымын белгілейді. Мұның өзі оған әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұған қоса құқықтық нормалардың (ережелердің) қоғамның әр түрлі жақтарына тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысаны, бағыттарын, тәртіптерін; заң шығарушы саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме ұйымдардың жұмыс қызметін, олардың тиімділігін артыру, т.б. зертейді. Сөйтіп М.Вебер көрсеткендей, қоғамдағы әлеуметтік тәртіп, адамдардың іс-әрекеті өзара бір нысанаға бағытталған жіне ондағы өмір сүріп тұрған әлеуметтік бағыттар, нысаналар, ережелер әрбәр адамның жеке дара қалыптасқан бағытында, нысанасында көрініп отырады. Сонымен, қоғам объективтік факті бола отырып, адамды индивид ретінде қалыптастырады да оны белгілі бір қызмет атқаруға мәжбүр етеді. Екінші жағынан индивидтердің іс-әрекеті негізінде қоғамның іргетасы қаланады. Сөйтіп қоғам бізді анықтайды, ал екінші жағынын,біз, керісінше, қоғамды анықтаймыз.

Бұл қағида әлеуметтануда құқықты зерттеуге де қолданылады. Әлбетте, құқық-әлеуметтік факті, ол объективті тұрғыда қоғамдық өмірдің негізгі параметрлерін (яғни, көрсеткіш жақтарын) анықтайды, бірақ, құқықтың күші жеке-дара қасиеті арқылы оның заңдылық ережелер тәртібін мойындаумен анықталады.

Қорыта айтқанда, құқық әлеуметтік институт болып, қоғамдағы алуан түрлі қатынастарды реттейді. Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметік бірлікті, тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

 

 

3. Құқықтық әлеуметтанудың объектісі, пәні, әдісі, құрылымы және оның атқаратын қызметі (функциясы)

Қандайда бір ғылымның пәні зерттелетін нақты объектіні жан-жақты, терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы болып саналады. Осыған сәйкес зерттеуші бір құбылысты, үдерісті немесе затты арнайы зертегенде нақтылық объектіден (яғни, оны сезінуден, түйсінуден, елестетуден) бастап, ол объекті туралы ой-пікір ұғым туғызады. Бұл нақты объектіні жан-жақты, терең бейнелеу болады. Осы ой-пікір, ұғымдардың негізінде объектінің даму зағңдылықтары аныталады. Қандай да бір заңдылық объектіге тән тұрақты, негізгі, мәндә, қайталанатын қасиеттерді, байланыстарды, қатынастарды терең бейнелеп көрсетеді, сөйтіп объектінің заңды дамуын, объектінің өзгеру және қозғалып өмір сүруін анықтайды.

Жоғарыда айтылған ғылымның объектісі және пәні туралы ұғым құқықтық әлеуметтануға да тікелей қатысты. Жалпы алғанда, құқықтық және құқықтық емес әлеуметтік ғылымдардың объектісі болып есептеледі. Бұлардың ішінде: құқық теорисы, салалық құқықтық ғылымдар, құқық философиясы, құқықтық әлеуметтану, т.б. бар.

Нақтылы (яғни, тар) мағынада әрбір ғылымның құқықты зерттеуде өз ерекшелігі болады. Құқық саласының барлық өмір салаларымен байланысын құқықтық философия зерттейді, әлеуметтік өмірмен, қоғаммен құқықтың тығыз қарым-қатынасын, байланысын құқықтық әлеуметтану зерттейді. Құқық теориясы- бұл қорытындыланған теориялық ғылым. Құқықтық әлеуметтанудың саласы В.Н.Кудравцев пен В.П.Казимерчуктің “Современная социология права” атты кітабында дұрыс тұжырымын тапқан. Бұл авторлар құқықтық әлеуметтану саласы – құқықтың әлеуметтік құбылыс ретінде қоғаммен байланысын, құқытың атқаратын қызметін құқықтық ережелердің қоғамның әлеуметтік ұйымының барлық деңгейінде: қоғамда, әлеуметтік топтарда, мекемелерде, жеке адамдарда жалпы әлеуметтік тәртіпке айналу процестерін зерттейді деп атап көрсетеді. Мұнда, ең бастысы, құқықтық әлеуметтану құқық пен әлеуметтілікті жеке-жеке зерттемейді, ол тек қана осылардың, яғни, құқық пен әлеуметтіліктің бір-бірімен байланысын, бір-біріне қатынасын, әсерін зерттейді.

Сонымен, жалпы кең мағынада алғанда құқықтық әлеуметтанудық объектісі- ол құқық (құқықтыұ болмыс); ал, тар мағынасындаалғанда құқықтың объектісі – бұл құқықтағы әлеуметтілік, құқықтың қоғаммен (социумен) өзара іс-әрекеті, қызметі, байланысы.

Жалпы құқықтық әлеуметтанудың екі объектісі болады:құқық әлеуметтік институт ретінде және индивидтердің (адамдардың) маңызды құқықтық жағдайларындағы әлеуметтік іс-әрекеті. Құқықтық әлеуметтанудың пәні құқықтың әлеуметтік іс-әрекетінің, қимылыныңөзгеруі, заңдылықтары арқылы дамиды.

Егер құқықтық ереже қоғаммен және салаларымен органикалық (бөлінбес) байланыста, қатынаста болмаса, онда құқықтық әлеуметтану болмас еді.

Сонымен бірге әлеуметтік құбылыстар мен процестер құқықтық ережелермен біршге қаралмаса, ондай кезде деқұқықтық әлеуметтану болмас еді. Құқықтық ережелердің үш түрлі сипаты болады. олар: 1) құқықтық 2)әлеуметтік және 3)психологиялық сипаттар.

Жалпы алғанда құқықтық теория ғылымындаосы уақытқа дейін құқықтық ережелер арқылы қоғамдағы алуан түрліқұбылыстардың реттеудің, тәртіпке келтірудің құқықтық негізгі туралы толық анықтама жоқ. Бұл жөнінде құқық мамандарының(юристердің) арасында ой-пікір таластары әліжүріп жатыр.

Біздің пікірімізше, әлеуметтану тұрғысынан алғанда құқық ережелерінің іс-қимылының,әрекетінің құқықтық тетігі өзінің көлемі жағынан ол “құқықтық жүйе”, “құқықтық қондырма” ұғымдарымен тең. Бұл ұғымдар құқықтық құбылыстар мен іс-әрекеттердің, барлық жүйесін қамтиды.

Құқық әлеуметтануының маңыздыкомпоненттері әлеуметтікзерттеу болып табылады, ол құқықтанудың фактологиялық базасын қамтамасыз етеді, оның практикамен байланысын күшейтеді.

Құқық саласындағы әлеуметтік зерттеулердің мақсаты құқық пен қоғамның өзінің байланысын, құқықтың әлеуметтік функцияларын және заң нормаларының барлық деңгейде: қоғам деңгейінде, әр түрлі әлеуметтік таптар деңгейінде, ұжымдар, топтар мен тұлғалар деңгейінде әлеуметтік мінез-құлыққа трансформациялауын анықтау болып табылады,

Құқық әлеуметтануы зерттейтін мәселелер тобы:

1) құқықтың әлеуметтануы негіздері және құқық шығарушылықтың тиімділігі;

2) құқықтың әлеуметтік функциясы және құқық нормалары қызметінің тиімділігі:

3) әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай-күйі, қоғамдық пікір мен құқық, құқықты білу және заңның мәртебесі (құрметі);

4) моральдық және заңдық нормалардың өзара қатынасы, құқық субмәдениет;

5) құқық саясатының мәселелері, заң органдары қызметінің әлеуметтануы;

6) құқық тәртібінің жай-күйіжәне құқық бұзушылықтың әлеуметтік себептері, олардың алдын алу, жазалау мен қоғамдақ ықпал жасау шараларының тиімділігі.

Бұдан біз кез-келген құқықтық іс-әрекеттің, мінез-құлықтың әлеуметтік астары бар екенін көріп отырмыз. Құқық ережелері мен заңдарын қоғам мүшелері өздерінің күнделікті өмірлерінде, қызметтерінде басшылыққа алып отырады. Басқаша айтсақ, құқық-әәлеуметтік бақылыаудың түрі, құралы. Құқық қоғам өмірінің бар саласына белсенді түрде араласады, олай болса құқық қоғам өмірінің экономикалық,саяси, рухани, моральдық, т.б. салаларымен тығыз байланыста болады. бұл құқықтықіс-әректтің әлеуметтік ортасын құрайды. Сондықтан құқық әлеуметтануының басты міндеті- осы ортаны жан-жақт, терең зерттеу, оның құрылымының әрбір элеметін, іс-әректінің себептерін, олардың құқықпен алуан түрлі байланыс, қатынастарын анықтау болып табылады.

Құқықтық іс-қимылдың, әрекеттің психологиялық астары бар. Бұл адамдардың, алуан түрлі топтардың мінез –құлқына ықпал ететін себеп, дәлелдер арқылы түсндіріледі.

Ал, себеп, дәлелдерге адамдардың,топтардыңіс-әрекеттерін қоздыру, өршіту, желіктіру, т.б. жатады. Бұларға қосымша назар, көңіл аудару, ынта-ықылас, мұқтаждық, қажеттік, талп-тілек, әуестік, құштарлық, асқақ арман, мұраттар, мақсат, т.б. жатады.

Құқық ғылымы құқықтық әлеуметтанудың жалпы теориялық және методологиялық заңдылықтармен, қағимдаларымен, әдістерімен қарулануын қажет етеді. Өзінің нақтылы социологиялық зерттеулерінде құқықтық әлеуметтанудың әдістерін кеңінен қолданып отырады.

Мұнда әр түрлі абстрактылы, логикалық тәсілдерді және әлеуметтанудың өзіне тән әдістерін (бақылау, сауалнама, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тест, т.б. ) қолдану арқылы зерттеулер жүргізіледі. Әлеуметтанудағы жалпы теориялық білімді түрлі теорияларға, ой-пікірлерге жан-жақты талдау жасау арқылы меңгеруге болады, нақтылы ғылыми мағлұматтар, ой-пікірлер, фактілер, хабарлар, т.б. нақтылы зерттеулер арқылы алынады. Құқықтық әлеуметтануда нақтылы зерттеулер арқылы алынған жаңаой-пікірлер, мағлұматтар, фактілер қайта қорытылып мемлекеттік басқару органдарына қажетті ұсыныстар, кеңестер беріп отырады. Сөйтіп басқару мекемелірінің жұмыс стилін, ұйымдастыру, реттеу, басқару мәселелерін біршама жақсартуға, қайта құруға әсерін тигізіп отырады.

Осыларға сәйкес құқықтық әлеуметтанудың құрылымы шығады. Құрылым теориялық және нақтылы зерттеу арқылы алынған әлеуметтік-білім және ғылыми мағлұматтардың реттелген жиынтығынан құралады. Құрылым таным объектісінің алуан түрллігіне де байланысты болады. Мысалы, құқықтың құрылымына қарай ол азаматтық құқық әлеуметтануы, қылмыстық құқық, конституциялық құқық, т.б.болып бөлінеді. Алуан түрлі таным объектісіне байланысты заң шығару әлеуметтануы құқықтық саны, құқықтық тәртіп, қылмыстық сот және тәртіп сақтау органдары әлеуметтанулары болып келеді.

Құқықтық зерттеулерге зерттелетін құбылыстарды көлемі жағынан макро және микро деңгейлерге; зерттеудің сипатына қарай- теориялық және эмперикалық әлеуметтануға; мақсатына және атқаратын міндетіне қарай негізгі және қолданбалы түрге бөледі.

Осыларға орай құқықтық әлеуметтанудың атқаратын қызметін қарастырамыз.

Құқықтық әлеуметтану негізінен танымдық және практикалық қызметтерді атқарады.

Құқықтың танымдық қызметіне зерттелетін объекті туралы жаңа білім алу жатады. Ал, жаңа білім өткен теорияларды онан әрі дамытады және жаңа теориялар жифнтығын құрайды. Бұл жерде құқықтық әлеуметтану бұрынғы ескі теориялар жиынтығына сын көзбен қарайды. Мұны француз ғалымы Ж.Карбанье құқықтық әлеуметтанудың сын және сынау қызметі деп атады.

Жалпы әлеуметтану сияқты құқытық әлеуметтану да практикалық қызмет атқарады. Егер ол мұндай қызмет атқармаса, онда оның тұжырымдары нақтылы өмірден қол үзеді де, догмаға айналып, дағдарысқа ұшырайды. Практикалық қызмектінде, әсіресе, құқықтық әлеуметтанудың мүмкіншіліктерін заң шығару үдерісінде кеңінен қолданады. Ол қоғамдағы кейбір қатынастарды заң арқылы реттеуге, жөндеуге көмектеседі, заң шығару процестерін қалыптастыруға, құқықтық заңдардың іс-әрекеттерінің тиімділігін зерттейді. Ол сот жұмысындағы ашық жарияланған және жасырын түрдегі адамдардың мүдде, талап-тілектерін, сот үдерісіндегі сыртқы қысым күштерін және олардың әлеуметтік слдарын зерттейді. Одан әрі сотқа қатынасушылардың соттың қаулы-қарараларын қалай қабылдайтынын, жалпы сот шешкен көкейкесті мәселелерге қоғам қалай қарайтынын, мұндағы маман заңгерлердің және сотқа қатынасушылардың әр түрлі жағдайларға байланысты мінез-құлықтарын, істі жүргізу, дұрыс шешім қабылдауларын, т.б. зерттейді.

Қоғамдық ой-пікір әлеумет зерттешілердің басты назарын аударады. Құқықтық әлеуметтануда қоғамдағы адамадар тобының құқықтық сансаының дәрежесі мен деңгейі, бұрынғы қолданыстағы немесе жаңадан қабылданған құқықтық заңдарға, актілерге, заң жолымен реттелетін көкейкесті мәселелерге қатынаса, сот және құқықтық органдарының ой-пікірі, көз қарасы, жүмыс әдісі, т.б зерттеледі.

Құқықтық әлеуметтанудың танымдық, прктикалық қызметтерінің басқа да функциялары бар, олар: реттеу, басқару, болжау, т.б.

Сонымен, қазіргі нарықтық жағдайда құқықтық ереже мен заңға, көкейкесті мәселелерге әлеуметтану тұрғысынан қарау және құқықтық құбылыстарға, процестерге кешенді, жүйелі әдістерді қолдану қажет.

Бұл үшін өмір мен тәжірибеде әлеуметтанушулыр мен заңгерлер өздерінің іс қызметтерінде қоғам мүшелерәмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек.

Жауапкершілігі мол осы қызметте жүргендер не тындырды, қандай мәселелер ешілді немесе шешілме отыр, оның себеп, салдары, шешу жолы неде екенін анықтау, орын алып отырған кемшіліктерді болдырмау немесе оларды біршама жұмсарту, тиімді шешу жолдары мен бағыттарын қарастыруқажет. Бұл тұрғыда көптеген ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер заң шығаруды белсенді әпрі жауапты қызмет істеп жүр: олар заң жобаларын әзірлейді; жеке заң шығарушылар құқық органдарына барып кәсіби кеңес береді, әдістемеләк лекция және әңгіме өткізеді. Заң шығару жөнінде жаңатиімді ұсыныс, кеңестер, талап-ілектер, т.б айтады. Заң шығару үдерісінің негізгі мәселесі – қазіргі және болашақта шығарылатын заң актілерінің теориялық тұжырымдамасын жасау болып табылады.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 102; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты