Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Галогендер қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтарды анықтаңыз.




Fe, Cl, Br, I және периодтық элементтер жүйегінде VII А тобын құрайды. Бұл элементердің сыртқы энергетикалық атомдар қабатының жеті электроны бар S2 P5, бұлардың ішінде тек ғана бір Р-электрон жұптаспаған түрде болады. Фторға қатысты атомдарды қозғағанда жұптаспаған электрондар санның ұлғайуы мүмкін емес, ол қалған элементтерде d-деңгейшелердің бос орбитальдарды жұмсау арқылы жүреді.

Фтордың электртерістілігі басқа элементтерге қарағанда жоғары болады, сондықтан оның барлық қосылыстарында фтордың тотығу дәрежесі 1- ге тең. Тотығу дәрежесі 1-ге тең қосылыстардан басқа, осы топтың қалған элементтері, олардың тотығу дәрежелері +1, +2, +3, +5, +7 (Br-нан басқа) болғанда қоспалар түзеді.

0-Ро топтарына қарағанда бұл элементтердің атомдар пішіндері кішірек болады, ал электронға ұқсастық оттегі тобының элементтеріне қарағанда артық.

Сондықтан галогендер химиялық реакциялар кезінде тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетіп, бір электроннан алады және Э‾ ионына айналады:

Э+е‾ =Э‾

Галогендердің тотықсыздану қасиеті Ғ- дан At-қа дейін әлсірейді. Галогендер электрондарды жоғалтпайды және қарапайым катиондарға ауыспайды. Галогендердің оттегімен және басқа бейметалдармен қосылыстары коваленттік байланыстан пайда болады. Бұл топшаның элементтерінің бейметалдық қасиеті басым болады. Сутегі мен галогендер НЭ типтес галосутектік қосылысты құрайды. Галосутектік –полярлы коваленттік ұшқыш қосылыстар Дипольдік моменттер газ тәріздес галосутектерде НҒ-дан (μ=1,910)НІ-қа (μк=0,380)дейін азаяды. Галосутектер суда жақсы ериді. Бұл жағдайда олар сумен реакцияға түседі және галосутектік қышқылдарды түзеді:

НЭ+ Н2О ↔ Н3О+Э‾ ;

НҒ-ға қатысты тепе-теңдік солға қарай қатты ығыстырылған және НҒерітіндісі әлсіз қышқыл болып табылады. Қалған галосутектерге бұл тепе-теңдік оңға қарай ығыстырылған және олардың ерітінділері күшті қышқылды құрайды.

Галогендер көптеген металдармен қосылып металдар галидттерін құрайды. Сілтілік және жерсілтілік металдардың галидтерде химиялық байланыстар көбінесе иондық. Металдың активтілігі төмендеген сайын, галидтерде иондық байланыс төмендейді және коваленттік артады. Бұл жағдайда галидтердің құрамы да қарапайым тұздардан (NaCl, BaCl2)қышқыл түзетін қосылыстарға дейін (SnCl4, SbCl5)өзгереді. Қышқыл түзетін галидтер галосутектермен және активті металдың галидтермен қосылып, галоқышқылдар және галотұздар түзеді:

SnCl4+2HCl → H2 [SnCl6] ;Sn Cl4+2KCl→ K2[Sn Cl6] : SbCl5 + HCl→ H[SbCl6]; SbCl5+KCl→K[SbCl6];

Cl‾-иондарда тотықтырғыш қасиеті әлсіз, Вr‾-иондарда күштірек және I‾-иондарда өте активті.

Галогендер жалпы оттегімен әрекеттеспейді, бірақ Э-0 байланыс ковалентті болатын кейбір жолдарен түрлі қосылыстар түзеді. Көбінесе ең маңызды хлордың оттекті қосылыс. Хлор мынандай оксидттер түзеді:Cl2-жартылай оксид,ClO2-IV валентті Cl оксиді,Сl2О7-VII валентті Сl оксиді. Оларға мына гидроксидтерге тән :НСlО-хлорлылау қышқылы, оның тұздары гипохлоридтер; НСlО2 –хлорлы қышқыл, оның тұздары хлораттар, НСlO4 хлор қышқылы , оның тұздары перахлораттар. Бұл қышқылдардың күші НСlО-дан НСlO4-ке дейін өседі.

Қарапайым Сl2 және оның бүкіл оттекті қосылыстары (тотығу дәрежесі +1,+3,+4 және +5 болғанда) диспропорционирлеу реакцияларына оңай шалдығады. Мысалы: Қарапайым хлор сумен немесе сілтімен әрекеттеседі:

Сl2+ 2NaOH→NaClO+NaCl+H2O

Бұл реакцияларды Сl тотығу дәрежесі 0күйінен тотығу дәрежесі +1 хлорға және тотығу дәрежесі -1-ге (Сl‾ ионы)ауысады. Барлық галогендердің оттектік қосылыстары тотықтырғыштар болып табылады. Олар басты түрде қышқылдық ортада тотықсызданадыжәне теріс зарядталған Сl‾ ионына тотығады:

 

ClO‾+2H‾+2e‾→Cl‾+H2O

ClO2+4H‾+4e‾→Cl‾+2H2O

ClO‾3 +6H‾+6e‾→Cl‾+3H2O

ClO‾4+8H‾‾+8e‾→Cl‾+4H2 O

 

Галогеннің қарапайым тотықсыздандырғыш болған жағдайда оттекті қосылыстардың тотығуы және галид-ионның тотықсыздануы тек ғана бос галогендерге дейін жүреді, Мысалы:

Сl‾3 +6H‾+5Cl‾→3Cl2 +3H2O

Хлордың оттекті қосылыстарда тотықсыздандырғыш активтілігі СlО‾ионына Сl‾4 ионына дейін кемиді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 264; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты