Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Осмос қысымының биологиялық нысандармен байланысын анықтаңыз.




Осмос – еріткіш молекулаларын өткізіп, еріген затты өткізбейтін жартылай өткізгіш қабық (осмометр) арқылы еріткіштің қозғалысы. Осмостың классикалық үлгісі төмендегі суретте осмометрдің қант ерітіндісін таза судан бөлуі ретінде көрсетілген. Ерітіндідегі су концентрациясы таза суға қарағанд төмен. Таза еріткіш жағынан алғанда мембрана арқылы су молекуласының диффузиясы ерітіндідегі су концентрациясын мембрананың екі жағынан да теңестіруге тырысуда. Алайда концентрацияларда өзгешелік бар кезде мембрана екі жағынан да осмостық қысымға түседі. Сыртқы ыдыстағы еріткіш пен осмометрдегі ерітінді арасында тепе теңдік күй орнайды. Мұндай тепе теңдік ке сәйкес келетін қысымды осмостық қысымы деп аталады. Осмос қысымы – осмосты тоқтату үшін ерітіндіге түсірілетін қысым. Сонымен осмос қысымы деп ерітіндіні еріткішпен тепе теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірілетін қысым.

Осмостық қысым - ерітінді диффузиясы кезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімді мембранаарқылы тудыратын асқын қысымы. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады.

Электролит ерітінділері. Еріген кезде еріткішпен әрекеттесш, иондарға диссоциацияланып, ерітіндіге ток өткізгіштік кабілет беретін заттарды электролиттер дейді. Кейде электролиттер ионо-генді және ионоферлі болып екіге бөлінеді. Ионогенді электролит-тер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады. Бүл тектес электролиттерге сірке қышқылы, тұз қышқылы және тағы басқалар мысал болады. Ал, ионоферлі электролиттерге еш-бір еріткіште ерімесе де, таза қалпында-ақ өз құрамында диссо-циацияланған иондары бар қосылыстар жатады. Бұл топқа көпте-ген тұздар мысал болады. Егер электролит толық диссоциациялан-са және осы кездегі әрбір молекула v иондарға ыдыраса, онда ерітіндідегі иондар саны Nv болады, мұндағы N — электролит молекуласының саны. Егер де барлық молекула диссоциациялан-бастан, оның а бөлігі ғана ыдыраса, онда ерітіндідегі бөлшектер саны N электролитіндегіден і есе аз болады, мұндағы і — изото-никалық коэффициент, кейде оны Вант-Гофф коэффициенті де дейді.

і=1 + а(v-1) (95)

Мұндағы а — диссоциациялану дәрежесі, кейде оны иондану дә-режесі десе, енді бірде диссоциациялану коэффициенті дейді. Дис-социациялану дәрежесі иондарға ыдыраған молекулалардың электролиттегі барлық молекулаларға қатынасымен анықталады. Бұдан электролиттердің аномальдік, коллигативтік қасиеттерге бейім екендігі байқалады. Егер электролит емес ерітінділердің коллигативті қасиеттерін өрнектейтін теңдеуге изотоникалық коэффициентті енгізсе, онда тәжірибе кезінде және есептеу арқы-лы алынған шамаларды теңеуге болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 390; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты