Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ышқыл-негіздік индекаторлар




Индекатор Түсі рКа рН аралығы
HL L-
Тимолды көк Метилді қызғылт сары Бромкрезолды жасыл Метилді қызыл Бромтимолды көк Тимолды көк Фенолфталеин Қызыл Қызыл Сары Сары Сары Сары Түссіз Сары Сары Көк Қызыл Көк Көк Таңқурай 1,5 3,7 4,7 5,1 7,0 8,9 9,4 1,2-2,8 3,2-4,4 3,8-5,4 4,5-6,0 6,0-7,6 8,0-9,6 8,2-10,0

 

Гидролиз. Гидролиздiң өзара күшеюiнің жолдарын құрастырыңыз.

Гидролиз (гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.

Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.

Тұздардың көпшілігі суда ерігенде оның иондары, судың сутек не гидроксид ионымен қосылуын тұздар гидролизі деп атайды.

Алмасу реакциясы кезінде түзілген тұздың қасиеті туралы айту үшін, оның құрамына қандай негіздер мен қышқылдар кіретінін білуіміз керек.

Тұздарды табиғатына қарай 4 типке жіктейміз:

І – тип: Күшті негіз бен күшті қышқылдың тұзы. ( NaCl, KNO3, BaSO4 т.б )

ІІ – тип: Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы. ( Na2CO3, K2S, BaSO3, т.б )

ІІІ – тип: Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы. ( AlCl3, ZnSO4, Cu(NO3)2 т.б ІҮ – тип: Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы. ( Al2(PO4)3, ZnCO3, FeS т.б)

Құрамында әлсіз негіз, әлсіз қышқылдың иондары бар тұздар, яғни ІІ, ІІІ, ІҮ – типтегі тұздар гидролизденеді. Ал І – типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.

Тұздар гидролизі – қайтымды процесс.

Гидролиз реакциясы температураға және ерітінді концентрациясына тәуелді, яғни гидролиз жақсы жүру үшін температура жоғары, ал ерітінді концентрациясы аз болуы керек.

Енді тұздар гидролизі қалай жүретінін қарастырайық.

1. Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы – NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық:

МТ. NaNO3 + H2O → NaOH + HNO3

ТИТ. Na+ + NO3- + HOH→ Na+ + OH- + H+ + NO3-

ҚИТ. HOH→ H+ + OH- [ OH- ] = [ H+]

Мұнда H+ және OH- иондары концентрациясы бірдей, сондықтан ерітінді ортасы бейтарап қасиет көрсетеді.

Қорытынды: Бұл типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.

2. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұзы – MgCl2 Магний хоридінің суда еруін алайық: Гидролиздің толық молекулалық теңдеуін сатылап жазамыз:

І – саты: MgCl2 + HOH → MgOHCl + HCl

ІІ – саты: MgOHCl + HOH → Mg(OH)2 + HCl

Гидролиз теңдеуінің қысқартылған иондық түрі:

І – саты: Mg2+ + HOH→ (MgOH)+ + H+

ІІ – саты: (MgOH)+ + HOH→ Mg(OH)2 + + H+ [OH-]<[ H+]

Қорытынды: Ерітіндіде H+ концентрациясы артық, сондықтан реакция ортасы – қышқылдық қасиет көрсетеді.

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы – K2S – калий сульфиді.

Калий сульфиді ерітіндісінде жүретін алмасу реакциясының теңдеуі:

І – саты: K2S + HOH → KHS + KOH

ІІ – саты: KHS + HOH → KOH + H2S↑ [OH-]>[H+]

Қорытынды: Ерітіндіде OH- концентрациясы артық, сол себепті реакция ортасы – сілтілік қасиет көрсетеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 191; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты