Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Марганецтің тотығу формасының вольт-эквивалент өлшемдері




1.12-кесте.

Формасы Тотығу дәрежесі Ео(Mn+/Mnо) nEo
Mn Mn2+ Mn3+ MnO2 MnO42- MnO4- +2 +3 +4 +6 +7 -1,18 -0,283 0,025 0,77 0,74 -2,36 -0,85 0,10 4,62 5,18

pH = 0 тең болған кездегі Mn үшін Форст диаграммасындағы координант нүктелерінің мағынасы 1.12 кестесінде көрсетілген.

Диаграммадағы тотығу жағдайының иілу сызығы тотығу – тотықсыздану жұбына сәйкес келген стандартты электрод потенциялына тең.

Форст диаграммасы әртүрлі тотығу дәрежесі бар байланыстармен тотығу мүмкіндігін сипаттайды.

Ешқандай есептеулер жүргізбестен, Форст диаграммасынан қандай мәлімет ала аламыз?

Біріншіден элементтің қышқылдық ортадағы нақты тотығу дәрежесін анықтауға болады. Оған (1.35-сурет.а) минимум қисығы жауап береді. Марганец үшін қышқылдық артады мұндай пішінге Mn2+ ие. Шындығында қышқылдық ортада марганецтің барлық тұрақтылыққа келуі Mnо тотыққанда Mn2+ түзіледі. Сілтілік ортада ең тұрақты түрі Mn2O3 болып табылады. Mn(ОH)2 ауадағы оттекпен контактта болып оңай тотығып, Mn2O3 ауысады (1.34-суретке қараңыз).

Екіншіден, диспропорциялау процесіне тұрақсыз әсері арқылы түрін немесе пішінін анықтауға болады. Егер берілген тотығу жағдайына сәйкес келетін координат нүктелері мүмкін болатын көрші нүктелерді (1.35,б сурет) қосатын сызықтан жоғары тұрады, онда ол пішіні диспропорцияланады. Қышқылдық ортада K2MnO4 диспропорциялану реакциясын мысалға ала отырып түсіндірейік:

3MnO42- + 4H+ → 2MnO4- + MnO2 +2H2O

Егер Еro = Ео(MnO42-/MnO2) - Ео(MnO4-/MnO42-) > 0 ден болса, онда бұл реакция мүмкін болады. (MnO42-/MnO2) > Ео(MnO4-/MnO42-) – бұл жағдайда MnO42- - MnO2 – нің иілу сызығы MnO4-/MnO42- иілу сызығынан асып кетеді, ол 1.35 суретте көрсетілген, кейін біртіндеп Еro> 0 болады.

Үшіншіден, әртүрлі тотығу дәрежесі бар екі элементтің бірі берілген әрекеттесу реакция өнімін анықтауға болады. Реакция нәтижесінде әсер ететін заттардың координантасын байланыстыратын диаграммада координантасы сызықтан төмен болатын байланыс пайда болады. MnO4- Mn2+ пен әрекеттескенде MnO2 (1.34 суретке қараңыз) түзіледі, мысалы:

Төртіншіден, Форст диаграммасы периодтық жүйедегі элементтердің топтағы қасиеттерінің атомдарда өзгеруін және осы сияқты байланыстардың тотығу тотықсыздану жағдайларын салыстыруға көмектеседі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 173; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты