Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экожүйенің трофтық құрылымы.экологиялық пирамида.




Экологиялық пирамида ережесі – экожүйедегі консументтер, продуценттержәне редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынасзаңдылықтары. Экологиялық пирамида ережесі көбіне бағана түріндегі сызбанұсқалар арқылы беріліп, табиғи бірлестіктердің белгілі бір өнімділігі арқылы ерекшелінеді. Ол массалық не энергиялық өлшем бірлігі арқылы өлшенеді. Экологиялық пирамида ережесі биомасса, энергия және санпирамидасы болып үш топқа бөлінеді.[1]

Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы. Продуценттердің биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая береді. Организмдердің өнімділігі белгілі бір уақытаралығында түзілген құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. *Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергиямөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.

Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп болған жағдайда. Сан пирамидасыныңдиаграммасы биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.

 

Скери өнеркәсіптік кешен және қоршаған орта.

Факторлар әсерлерінің жалпы заңдылықтар.Бейімделудің активтілік жолдары.

Оптимум ережесі

Кез-келген фактордың ағзаға оң ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері ағзаға теріс етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің дұрыс өсуіне кері етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық Фактордыңоптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, ағзаның тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетінПессимум аймағы жатыр. Әрбір ағза, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір ағзаның әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әрбір түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал ағзаның белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер- ықпалына шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді. Белгілі бір факторға қатысты ағзаның өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын ағзалардың экологиялық валентгілігі (толеранттылығы) деп атайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 235; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты