Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Лең өнерінің қағидалары туралы трактат




Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:

1. Трагедия 8. Сатира

2. Дифирамб 9. Поэмата

3. Комедия 10. Эпос1

4. Ямб 11. Риторика

5. Драма 12. Амфигеноссос (космогония)

6. Эпос 13. Акустика

7. Диаграмма

Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бәріне тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары мараптатталады. Орындаушылар әдетте оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды.

Дифирамб – трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбіне қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ, негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.

Комедия болса ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән құлықтың, сонымен қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.

Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бәсеке мен соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады.

Драма алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.

Эпос – мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.

Диаграмма - заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бқытсыздық бейнеленеді (егер олар бейәдеп һәм шектен шыққан болса).

Эпика мен риторика – ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары айтылады.

Сатира дегеніміз – музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.

Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бейберекеттілікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді.

Амфигеноссос – жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін сәттісі осы.

Акустика – шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеше онша қажеті жоқ.

Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиямен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.

Екінші топтағы ақындар - өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді таңдамасын, олар қағиданы да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады.

Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар бейнелеу мен теңеуде әлгілердің ізденістерін дамытып отырса да, поэзияның қағидаларына онша қанық емес. Осындай ақындарда қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады.

Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы ләзім. Жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды, ерекше себептерге байланысты - өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ.

Одан әрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не балаңдығымен айрықшаланады: бұл құбылыс шайыр ойының әсерімен, не оқиға өрбітумен, не өлең тақырыбына байланысты пайда болады. Ал алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, кейде залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ: дегенмен, аталмыш тұжырымда бұған қатысты уақ-түйекке іркілгеніміз дұрыс: қалай болғанда да, бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына аялдағанда, кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде, ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сәтте ақын кемелділігі мен балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне қатысы бар.

Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың – тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дәл келе ме, жоқ, жуықтай ма немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру - әрбір ақынның шеберлігіне байланысты. Мәселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай салыстырады, өйткені, А мен В арасында ұқсастық белгілері мен сәйкестігі, В мен С-ға да барабар. Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек өнер кемелдігі ғана шақыра алатыны кәміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі ақындар тәжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мәнін ашатын сөз таңдайды. Онысы шынында да шұғылалы сезімге бөлейді.

Енді осы өнер біліктері мен суретші арасында кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Өлең өнері сөзбен, ал сурет (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек; ал іс жүзінде екеуі де ұқсас; екекуі де адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен әсер етеді.

Сонымен өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осыларды жеріне жеткізе талдауға да болар еді; тек ондай қаракет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен бір жақсы мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл тұжырымның үлесіне жатпайды.Осымен, Әбунәсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған трактаты тәмам болады.

3) Бейнелеу құралдары – әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз колдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия,әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады. Бейнелеу тәсілдері, әрине, бұдан әлдеқайда кең, мол. Кейіпкерлерді мінездеу, сөйлету, портрет жасау, табиғат көріністерін суреттеу, оқиғаны әртүрлі өрістету осының бәрінде бейнелеу тәсілдері қолданылады. [1]

Әдеби тілдегі сөз байлығы түгелдей бейнелеу құралдары қай ұлт әдебиетінде болса да негізгі сөз қорына, сөз байлығына байланысты түзіліп қалыптаспақ. Оның өзгешелігі халықтың айналадағы дүниені көркемдік ой-сезіммен қабылдауына, яғни бейнелі ойлау жүйесіне, оның алуан түрлі болып келуіне байланысты. Бейнелі, суретті ойлау мүмкіндігі, әрине, айнала дүниенің ұзақ мүмкіндігі, айнала дүниені ұзақ жылдар, тіпті көне заманнан бастап бергі уақыт ішінде байқау, аңғару жолымен бекіп тұрақтамақ. Және ол көбіне-көп сол халықтың өмір-тіршілігіне, істейтін кәсібіне байланысты түзілмек. Айнала табиғат, географ, орта да бұған әсер етеді. Осындай әр алуан жағдайлардың жиынтығы халықтың ойлау, сөйлеу кейпін, қалпын анықтайды.

Көркем әдебиетте оны қолдану да, бейнелеу тәсілдерінің сырын ұқтырады. Жеке алып зерттегенде әртурлі бейнелеу құралдарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сонымен бұл құралдар ұзақ жылдар бойы санаға енген, дәстүр болып кеткен әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа тығыз байланысты. Бейне суреттерді, ғажайып теңеу, метафоралардықолдануда жазушы, қаламгерге үлкен білгірлік, шеберлік, тапқырлық керек. Мысалы, А.Пушкиннің қыс, көктем, күз жайындағы белгілі өлеңдері тек Пушкинге ғана тән, басқа халық ақыны дәл сол тақырыпты басқаша жырлап, табиғаттың, тіршіліктің басқа көрінісіне жүгінер еді. Бейнелеу құралдары қаламгердің байырғы тіл байлығына сүйене отырып, оның сөзден өрнек жасауына мүмкіндік береді.

Эпитет мазмұнға ештеңе қоспайды; ол онда бұрыннан бар белгілерді қайтадан орналастырып, олардың ішіндегі біреуі алға шығарып отыратындай.

“Сұр қасқыр” мен “сұр ат” тіркестерінің мағнасы бірдей емес. “Сұр” сөзін атқа қатысты қолданғанда логикалы түрде бұл атты, боз, қасқа аттардан айырамыз. Ал қасқырға қатысты /ертегілердегі сұр қасқыр/ қолданылғанда “сұр” сөзі логикалық емес, өйткені бұл жерде “сұр” сөзін қасқырды басқа түсті қасқырлардан айыру үшін емес, қасқырлардың барлығына тән әдеттегі титік түс ерекшелігіне мән беріліп отыр. Әдебиетте “Эпитет” барлық уақытта сөздің осындай тар мағынасында қолданыла бермейді; кейде анықтауыш түрінде де кездеседі.

Мағналық қызметінің көп түрлілігі арқылы эпитет сөзге эмоциональдық әр береді. Сөз әдеттегі терминдік қасиетінен айрылады. Мысалы, сұр қасқыр дегеніміз, зоологиялық термин емес. Егер осы сөз зоология оқулығында кездессе, онда ертегілердегі мағнасында, тіркесінде емес. Бір сөз тіркесі түрлі мәтіндерде не логикалық анықтама, не эпитет сыйпатында бола береді. “Қызыл роза” тіркесіндегі “қызыл” анықтамасын түрліше қабылдауға болады. Эпитет құбылысы, кейбір белгіні ажырату үшін емес, оған ерекше мән беру, сөзге айрықша стилистикалық бояу беру қажеттілігі - барлық әдебиеттерге, барлық уақыттарға, барлық халықтарға тән құбылыс.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 132; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты