Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ш.Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» (талдау).




Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қосты. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б. Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен. 1. Жыр - жырдың мағынасы сазды шығарма. Жырламақ етістігінің мағынасы әуендетіп айту. Барлық дала жырлары қобыздың сүйемелдеуімен әуендетіп айтылады. Әдетте, жырдың арқауы өмір немесе ертедегі белгілі бір батырдың ерліктері болып табылады. Айта кететін жай, батырдың өмірі, ерлігі, бір сөзбен, баяндау қара сөзбен, проза тілімен айтылады, ал жыр жолдары тек басты кейіпкер немесе кейіпкерлер сөйлеген кезде қолданылады; 2. Жоқтау - қайтыс болған адамға арнау. Оны әдетте әйел адамдар шығарады және көбінесе жанынан шығарылады. Өлшемі жырдағы сияқты. Белгілі жоқтаулардың ішінде ең атақтысы және қайғылысы - Орта жүзде ханша Айғаным Уәлиеваның51833 жылы шешектен қайтыс болған ұлын жоқтауы және 14 жастағы, кейіннен суырып салмалығымен6 атағы шыққан әйелдің күйеуінің асында шығарған жоқтауы; 3. Қайым7 - үйлену тойларында айтылатын, сұрақ пен жауаптан құрылған жастар арасындағы өлең. Ол төрт жолдан тұрады, алғашқы екі жолы төртінші жолмен ұйқасады. Бұл өлеңдер әртүрлі жұмбақтар, эпиграммалар, шектен шығып кететін бәдік қалжыңдарды қамтиды; 4. Қара өлең8 - қарапайым өлең, төрт шумақтан құралады, шумақ-тардың әрқайсысы жеке тақырыпты сөз етеді. Бұл өлеңдер негізінен ашық дауысқа арналған. Көп жағдайда шумақтардың мағынасы болмайды; 5. Өлең. Бұл форманы қазір барлық жаңа ақындар табан асты тауып айту үшін де терме-жыр үшін де қолданады. Көбіне қарауыл руынан, атеке-жібірден шыққан әнші Орынбай10 және үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын, атығай, жаңа-қырғыз соқыр жырау Шөже11 жырларында көптеп кездеседі. Бұл өлеңдердің арқауы көбінесе діни қисса. Қазір олар Сейітбаттал12 қожаның*4 ерліктері, Жүсіп пен Зылиханың махаббаты, Ибрагимнің өмірін жырлайды. Олардың бәрі идеясының фанатизмі, баяндаудың солғындығынан тез жалықтырып жібереді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 347; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты