Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма. 1) Әлеуметтік-экономикалық жүйесі қандай бөліктерден тұрады?




Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Әлеуметтік-экономикалық жүйесі қандай бөліктерден тұрады?

2) Басқарушы жүйе деген не?

3)Басқарлатың жүйесінде адамдар қандай рөл атқарады?

Тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

Тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

СЕГІЗІНШІ САБАҚ

Менеджмент тарихынан

 

        Қазыбек биКелдібекұлы (1665 -1765)

 

Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай-ақ, ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. Қазыбек би елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.

 

Мәтінге берілген тапсырмалар.

Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 94; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты