Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.




Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ЖИЫРМА БЕСІНШІ САБАҚ

 

Шешімдер және олардың түрлері

Ешбір адам тәжірибеде шешім қабылдау процесімен кездеспеуі мүмкін емес. Коммуникациядағы қабілет тәрізді шешім қабылдау - тәжірибемен дамитын қабілет.

Шешім - бұл баламаларды таңдау.Шешім қабылдау-кез келген басқару функциясын орындауға қажетті байланыс үдерісі.

Шешімдерге маңызы аз жұмысқа киім таңдау сияқты, жұмыс орнын таңдау немесе өмірлік жар таңдау да жатады. Дегенмен баламалар мәзірдегі көп атаулар, университетте 100-ден аса мамандықтар болуы мүмкін. Біз күнделікті шешімдерді ойланбай қабылдаймыз. Кейде бір шешімдерге жеткілікті назар аудармаймыз.Алайда, басқаруда шешімдер қабылдау - жеке өмірдегіге қарағанда неғұрлым жүйелі үдерісі.

Шешім қабылдаулар басқарудың барлық аспектілерінде болады, бұл – басқарушының күн сайынғы жұмысының бөлігі.

Шешім қабылдау үдерісі келесі амалдардан тұрады:интуициялық, талқылауға немесе ұтымды сипатқа негізделген.

Интуициялық шешім- өзінің дұрыстығын сезінгенде жасалынған таңдау. Статистикалық көзқарас бойынша, қандай да бір ұсыныссыз дұрыс таңдау жасау мүмкіншілігі қисынды түрде жоғары емес болады.

Талқылауға негізделген шешім- білім мен жинақталған тәжірибеге байланысты таңдау.

Ұтымды шешім- өткен тәжірибеге байланысты емес таңдау, ұтымды шешім талдау процесінің көмегімен негізделеді. Ол шешімнің қабылдануын жаңа күрделі жағдайда ықтималдығын жоғарылатуға көмектеседі.

Басқару шешімдерін қабылдау актісі жетекшінің үлесі болып табылады, бірақ әр түрлі негізде жүзеге асырылады.

Басқару шешімдерінің типтері:

1. Жеке:

- Адамдармен ақылдаспайтын аса жеке шешім «Мен солай шештім» принципі бойынша жүргізіледі.

- Жеке-беруші, «біз мұнда кеңестік, сосын мен осылай шештім» формуласы бойынша жүзеге асады.

2. Ұжымдық:

- Барлық қызықтырылған жақтардың келісімі негізінде жасалады.

- Дауыс беру жолымен.

Басқару - шешімдерін қабылдау, орындау, дайындау процесі:

- Жоспарлау процесі.

- Нұсқаны дайындау процесі және қозғалыстың нақты таңдау актісі.

- Не жасау керек және қалай жасау керектігі туралы ақпарат.

- Орындау процесі.

- Орындауды ұйымдастыру, уәждеме.

амал действие
баламалар эквивалент
дауыс беру голосовать
қабілет способность
келісім договор
қисынды обоснованный; логичный
қызықтыру заинтересовывать
сипат вид; наружность
тәжірибе опыт
үлес доля, часть
ықтималдық возможность; вероятность

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

Тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Шешім деген не?

2) Басқару шешімдер типтерініңерекшеліктеріқандай?

3) Шешім қабылдау үдерісіқандай амалдардан тұрады?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты